Оралда нұротандықтар қарияларға жәрдемдесіп жатыр

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында нұротандықтар көмекке зәру қарияларға қол ұшын беріп жатыр. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында партияның еріктілері олардың үй шаруасына көмектесуді үлгілі іске айналдырған. Қазір жүзден астам оралдық қария партияның қамқорлығында. Жастар олардың ауласын тазалап, қыста қарын аршып, көмек етеді. Жәрдемдесуге жыл он екі ай бойы әзір жүретін нұротандықтардың арқасында бүгін жалғызілікті Валентина Дубовская қыстық отынмен қамтамасыз етілді.
Қысқы уақытта да, жазғы уақытта да көмектесуден шаршамаған нұротандықтар қыс басталғалы осы үйге бесінші рет келіп тұр. Жастар үшін бұл атқарылып жатқан жұмыстар оңай болғанымен, жалғызбасты қариялар, үлкен кісілер, ардагер үлкен кісілер үшін қиын.
Ұзақ жылдар бойы балабақша тәрбиешісі, кейін жергілікті театрда жұмыс істеген 83 жастағы қарт кісі қазір жалғыз тұрады. 50 жыл бойы бел жазбастан еңбек еткен қария көмекке зәру. Өздігінен жүріп-тұруы қиын болғасын, жасотандықтар ұдайы қол ұшын береді екен. Қаладағы әлеуметтік салаға жауапты мекемелердің көмегімен енді қарияның үйіне газ өткізу мәселесі қарастырылып жатыр.
— «Нұр Отан» партиясының жастарына мың алғыс! Оларға ризашылығымды қалай жеткізерімді де білмеймін. Өздері келіп, отынымды жарып, көмірімді тасып береді, — деп алғысын жаудыртты тыл ардагері Валентина Дубовская
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше