Көкшетаулық студент қыздар оқу ақысына75 % жеңілдік алды
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университінің студенті атанып, қуаныштары қойнына сыймай қуанған Диана Неғметжанова, Жұлдыз және Жанар Темірбековалардың қуанышы көпке ұзамады. Кенеттен ата-аналарынан бірдей айрылып, тағдыр талқысымен тұл жетім атанған қыздар енді оқу ақысын төлей алмай қиналады. Осындай күйге түскен студенттердің жағдайын қарастыратын университеттегі арнайы комиссия студент қыздар жеңілдік берілмейтіндігін алға тартады. Аршалы ауданынан келіп оқуға түскен екі қыздың әкелері 1-ші курс оқып жүргендерінде қайтыс болып, аналарынан да көп ұзамай айырылып қалады. Бір жылдық оқу ақысы 350-450 мың теңге екен. Мұндай соманы төлеу қыз балалардың қолынан қайдан келсін. Алайда қыздарды қамқорлығына алып, барынша көмек жасап жүрген оқытушысы Дина Қабдығалымқызы, «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалына өтініш білдіруді жөн санайды. Партияның қоғамдық қабылдауына келіп түскен өтініштен соң, оқытушы мен студент қыздарды сол кезде азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіп жатқан Парламент Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырмантыңдайды. Соның нәтижесінде партияның аралсуымен бұл мәселе қайта арнайы комиссияның талқылауына түсіп, студент қыздардың оқу ақысына 75 % жеңілдік берілді.
Пікір жоқ әзірше