«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед сарапшылар қауымдастығымен кездесті

Блог - nur_otan: «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед сарапшылар қауымдастығымен кездесті

Сөз, ой бостандығы қазақ қоғамы үшін әрқашан болған, бола да береді. Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде мұндай деректер жетіп-артылады.

Кеше елордамызда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед сарапшылар қауымдастығымен кездесті. Бұл еркін жиында қағаз жүзіндегі баяндамалар мен жалықтыратын есеп берулердің бірі де болған жоқ. Бүгінгі ел өмірінде орын алып отырған ең көкейтесті мәселелер төңірегіндегі еркін пікір алмасу, қызықты кеңес болды. Қоғамда ойып алатын орындары бар саясаттанушы, мәдениеттанушы т.б. құралған сарапшылардың кейбіреуі өз ойында жүрген түйткілді мәселерді ортаға салса, енді біреулері нақты ұсыныстар мен жобаларын алдыға тартты. Кейбір сұрақтар сол арада шешімін тауып та жатқаны жасырын емес.
Қорытындысында Мұхтар Құл-Мұхаммед түрлі мәселелерді қарастырып, соларды бірігіп шешудің механизмдерін табуға жұмыс жасайтын арнайы Сарапшылар кеңесін құруды ұсынды.
Әрине, түрлі пікірлер, позитивтер мен негативтердің де болатынын жоққа шығармаймыз. Әр адамның әр түрлі пікір білдіретіні заңдылық. Қалай десек те, партия өзінің модернизацияға дайын екенін танытып отыр.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше