Интернет арқылы трейдингпен айналасып ақша табу мүмкін бе?
Армысыздар! Тақырып негізінен жауыры шығып талқыланып талқыланып біткен. Бірақ, Қазнет кеңістігінде қазақ тілді ортада бұл туралы мағлұмат аз. Әлеуметтік желіні немесе бір сайттарды ақтарып отырғанда «Торговля на Forex», «Бинарный Опсионы» немесе «Bitcoin» деген жазбаларды үнемі болмаса да көзіңіз шалған болар. Қызығушылық танытып сондай бір жарнама сілтемесін басып кіріп «бай болып кету, ақшаның астында қалу» сыяқты адами азғын қыялдың құшағында 5,6 жыл бұрын менде кеткем. Жақында діни бір сайтта «бинарлы опсион арқылы ақша табу халал ма?» деген сұрақты көзім шалды. Оның үстіне forex нарығында брокерміз деп жүрген бірнеше мекеме сайттарын қазақ тілінде мәліметтермен толтырып қойыпты. «Тіпті сізге қандай көмегім керек?» деп чат-ботының өзі сайрап тұр. Демек біздің елдерге жаңадан келіп жатқан осы бір салаға қазақ тілді ортада сұраныс бар, алдағы уақытта еселеп артады деген сөз. Опсион мен forexті бір кісідей бірнеше жыл зерттеп, біршама осы бағыттағы әдебиеттерді парақтап алдымда осы жолмен келе жатқан адамдарды шынайы өмірде жолықтырып, солардың әдіс-тәсіл, тәжірибелерін қабылдап forex арқылы ақша табу мүмкіндігіне көзім жеткен. Осы тақырыпта ізденген адамдар болса жазбаны, алдағы болатын мәліметтерді бір кәдеңізге жаратарсыз.
Ешкімге жұмыс жасамаймын, ешбір брокерді жарнамалаймын. Қазіргі шұғылданып жүргенім forex нарығы. «Ол не?» деген бірінші сұраққа келер болсақ, «forex» — әлем бойынша барлық банкілер мен қаржылық ұйымдардың бір-бірімен валюта айырбастау орталығы. Жұмыс жасау тәсілін қарапайым тілмен түсіндірер болсақ: Жеке трейдер forex нарығына қатысушы брокермен келісім шартқа отырып сшет ашады. Оны қалтаның қалыңдығына қарай толтырып, forex нарығында жұмыс істеуге арналған брокер ұсынған терминалды компютеріне орнатады. Логин парол арқылы өз кабинетіне кіріп айырбастағысы келетін валюта жұбын сатып алады немесе сатады. Мысалы EUR/USD. Көз алдыңызға көшедегі валюта айырбастау орындарын елестетіңіз. Доллор немесе рубл керек болса сіз соларға жүгінесіз. Forexтің системасы да соған ұқсас. Сіз таңдаған валюта жұбының қазіргі бағасы алдағы уақытта қымбаттайды деп есептесеңіз брокерге тапсырыс беру арқылы депозитіңіздің күшіне қарай отырып белгілі мөлшерде сол валютаны сатып аласыз. Брокер ол ұсынысыңызды forex нарығындағы сол валютаны шығаратын негізгі банкке жеткізеді. Қатысушы тараптардың келісімі бойынша әр жасаған операцияңыздан сіз брокерге комисия төлейсіз. Болжамыңыз сәтті болса сіз ол валютаны сатып алған бағаңыздан жоғары бағаға сатып пайда табасыз. Баға түседі деп шешім шығарсаңыз бәрі керісінше. Қолыңыздағы қаржының күшіне қарай брокерге осыншама көлемде сатамын деп пәрмен бересіз. Ол сол моментте орындайды. Кейін арзан бағада сатып алу арқылы бағаның айырмашылығынан пайда табасыз. Бұл жерде сіздің аз ғана депозитіңізге көмек ретінде сізге қызмет көрсететін брокердің ұсынатын «кредитный плечо» дегенін айта кету керек. Өйткені «кредитный плечосыз» сіз ол нарықта өмір сүре алмайсыз. Мысалы сіз EUR/USD жұбының 1000 данасын алуды ойладыңыз делік мың дананы сатып алғанда брокерге комисия төлейсіз пайда тапсаңыз жақсы таппасаңыз мың данаңыздан айырылғанмен қоймай сіз минусқа кіріп кетесіз. Сондықтан брокер компания сіз мың доллорға тапсырыс бергенде кредитный плечо арқылы үстіне өз қаржысын қосып сатылым көлемін ұлғайтып 10000 немесе 100000 EUR/USD жұбын айналымға салуға мүмкіндік береді. Осы жерде брокер фирмалардың нарыққа қарапайым адамдарды аз ақшамен шығару фишкасының құпыясы жатыр. Егер сіз пайда тапсаңыз брокер сізге берген кредитный плечосы арқылы сізден де көп пайда табады. Егер сіз қателессеңіз брокер ештеңе жоғалтпайды. Сіздің саудаға кірген қаржыңыз біткен жерде автоматты түрде операция тоқтатылады. Жалпы forex, биржаны азарттық ойындарға теңеп, казиномен салыстыратындар бар. Иә, биржада ойнау кез келген мөлшерде сіздің тараптан қаржылық тәуекелге баруға мәжбүрлейді. Бірақ автомат немесе казинода ойнап отырып сіз алдымен қаражатыңызды беріп сосын барабан немесе кнопканы басу арқылы сәттілікті күтесіз. Ал биржада, forex нарығында сіз алдымен таңдаған товарыңыздың бағасына әсер ететін сол елдің жаңалықтарынан бастап, ұлттық банк мәлімдемелеріне дейінгі ақпаратты сүзгіден өткізіп түрлі анализдер жасау арқылы сәтті болады деген болжамды алдымен жасап алып барып қаржыңызды тәуекелдің жолына жібересіз. Терминал графикасындағы бағаның қалаған бағытта жылжуы өзіңіз сыяқты әлемнің түкпір түкпірінде отырған миллиондаған трейдерлердің шешіміне байланысты. Көпшілік қауымның жасаған анализдері мен ойлары бір жерден шығып бәрі саудаға қатысса баға өседі. Cіз өсімнен пайда табасыз. Қарапайым базардың тіліне салсақ сұраныс бар жерде бағаның өсімі бар. Ал, казинода солай ма? Меніңше онда бәрі керісінше. Ешқандай болжамсыз, анализсіз. Салған ақшаңыздың шығатындығына сізде ешқандай сенім болмайды. Forexке, биржаға келіп ұтылып ұтылып кететін адамдар ол жақтың принсіптерін казинодағыдай ойлап оңай ақша табатын сыяқты елестетіп, «тисе терекке тимесе бұтаққа» принсіпімен көзсіз қадамдар жасау арқылы әжептәуір нарықты казиноға айналдырып алады. Жалпы forex дегеннің не екенінен сәл хабардар болсаңыз бұл нарықта өмір сүрудің басты қағидаларына да құлақ түріңіз. Алдымен бұл саланы бизнестің бір түрі ретінде қабылдап, бір іс бастасаңыз соның нәтижесі оң болатынына көзіңіз жететіндей дәрежеде тыянақты түрде келген сыяқты қабылдаңыз. Яғни, алдымен зерттеңіз көптеп. Содан оқыңыз. (Оқыңыз дегенде көрінген көк аттының жетегіне еріп қаражатыңызды желге шашпаңыз. Үлкен қаржылық айналымдар болған жердің бәрінде болатын сыяқты алаяқтықтардың кәсібі бұл ортада жақсы дамыған. Жалпы олар жайлы айтудың өзі бөлек бір тақырыпқа арқау болады. Сондықтан әбден ойланыңыз!)Құдайға шүкір қазір біздің елде де дұрыс бағытта оқытатын, программалары айқын орталықтар ашылды. Қызығушылық танытып артынан қуған адамға бәрі табылады. Тек бір көңілге кірбің келтіретін жері бұрынғы совет елдері аумағында яғни біз ақпарат қабылдайтын орыс тілді интернет кеңістігінде сіздің қаржыңызды халықаралық валюта қор нарығына шығаратын шынайы брокерлер жоқ деп айтуға болады. Болсада іздеп табу қиын. Алаяқтар ол жерде де қаптап жүр. Брокерді қалай таңдау керек, нағыз брокермен «асқаналық брокер»-дің айырмашылығы жайлы да жазу үлкен бір тақырып. Ең бастысы бұл қадамдардың бәрінен өтіп болған соң нарықта тұрақты табыс тауып трейдингті өміріңіздің ажырамас бөлшегіне айналдыру үшін кемінде 3,4 жыл уақытыңыз кететінін есіңізге сала кетейін. Өйткені сіздің бойыңыздағы азарттық сезімдер тынышталып, нарыққа әсер етуші, қозғаушы күштердің бәрін зерттеп, аяғында жеңімпаз болып шығу үшін көптеген жеңістер мен жеңілістердің дәмін тартатыныңызға кепілдік берем. Статистика бойынша биржа мен forexке келген трейдерлердің 95 пайызы алғашқы жылы-ақ бар қаражатынан айырылып жер иіскейтіндігі мәлім. Нарықтың өзі сол 95 пайыз қарақтарымның арқасында күннен күнге қаржы айналымы көбейіп, ол көбейген сайын бал іздеген аралар сыяқты ақшаның соңынан қуған өзіңіз сыяқты адамдардың назарын өзіне тарту арқылы дамуда. Белгілі бір салада жетістікке жету үшін көп жылғы еңбек пен жыйған білімдермен қоса тәжірибенің де көп рөл атқарытыны секілді бұл салаға бас сұғуды шешсеңіз ауырдың үстімен жеңілдің астымен жүремін деп атүсті ойламаңыз. Егер сіздің іздегеніңіз еңбекпен табыс табу емес қыйналмай ақша табу жолы болса биржа мен forexке жоламағаныңыз абзал.

Пікір жоқ әзірше