"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2017 жылғы 18 қарашасындағы шығарылымында қойылған сұрақтар
«Ой-Зерек» радиобағдарламасының 2017 жылғы 18 қарашасындағы эфирінде жартылай финалдық кезеңнің екінші ойыны өтті. Қонаққа келген «Брейнсторм» командасы (Дархан Молдашев, Санжар Сұлтанов, Асқар Абсеметов, Бақытнұр Әлібай) ойынды 6:5 есебімен аяқтады.
Насер Құлсариевтің авторлығындағы қазақтың тұңғыш («Тақыр» деп аталатын) рок-опера-балетінде Өмір Желі бауыры Өлім Желінен өзінің сүйіктісі Тірі Суды қайтаруын сұрайды. Бұл рок-операның неге арналғанын екі сөзбен атаңыз.
Актер Родольфо Валентиноға ғашық, тәнті қыздар оның фильмдерінің премьерасына ОСЫ нәрсемен келетін. Қазақ қыздарына Қарлығаш деген атты түркі халықтарында ОСЫ нәрсе қыз баланың символы болғандықтан беретін болған екен. (Бұл сөзді іздеу жүйелеріне салғанда, алғашқы ондықта қылмыстық хроника жаңалықтары шығады.) Ол не?
«ИКЕА» компаниясының су жаңа жарнамасында «Біз оны орындығынан айырдық, біз оған жаңа орындық сыйлаймыз» делінген. Кім туралы айтылған?
Әбдікәрім Ахметовтың жұмбақ өлеңін (үш сөзбен) аяқтаңыз:
Темір қайшы – қос қайшы,
Шығыршықсыз бос қайшы.
Еңбеккерге дос қайшы,
Еріншекке қас қайшы.
Өтпейді бір бос күні,
Ол –…
Кинематограф сыйлықтарының көбінің атауы қандай да бір металлды қамтиды. Мысалы, Берлиндегі «Күміс аю», Лейпциг фестивалінің «Алтын көгершін», Пльзеньдегі «Алтын көктарғақ құс», т.б. Ал ресейлік анимация фестивалінің арнайы сыйлығы фестивалінің атауына қарасақ, басқа материалдан жасалған сияқты. Қандай?
Фейсбуктегі тікелей эфирі осы.
Шерхан Мұртаза: «Көркем әдебиет — ауыр АЛЬФА болса, публицистика — жеңіл БЕТА» дейді. Әзілхан Нұршайықовтың жас кезінде АЛЬФАда, ал Хамит Ерғалиевтің БЕТАда болғаны белгілі. АЛЬФАны кейде құдайға теңейді, ал БЕТА латынша бір қолға үйретілген жануар атауынан шыққан. Ол екеуін атаңыз.
Біреуі – «кең пейіл», екіншісі – «өткір, шабуылдаушы», тағы бірі – «биік», төртіншісі – «ғажайып, құт сәулелі». Оларды бір сөзбен атаңыз.
Кей деректерге сенсек, Әмір Темір белгілі бір көрсеткішті, яки санын 112-ге дейін көбейткен екен. Нәтижесінде оның еншісінде түйелер мен әскери машиналар пайда болыпты. Бұл көрсеткіш санның бізге мәлім тұрақты санын атаңыз.
Алексей Толстой, Ефим Копелян, Александр Довженко және т.б. интеллигенция өкілдері шебер Алексей Федоровтың бұйымдарын пайдаланатын. Бірде жоғары партия басшылығы оған үш өнім жасауға тапсырыс береді. Жылдар өте келе Федоров ол өнімдерді бір арнайы музейден таппай, соған қуанады. Бұл музейдің кез-келген экспонатын қазақстандық фильмнің атауымен, екі сөзбен атаңыз. (Сұрақ авторының ең сүйікті фильмі )
«Мұнда фантазия реализммен біте қайнасып, шынымен тамаша, мейлінше пропорционал және дәл форма жасап шыққаны соншалық, тіпті адами және аңдық элементтердің араласуы көрерменге жиренішті әсер етпейді». Өнертанушы Гнедич бұлай не туралы жазған?
»Формула-1-дің" индонезиялық автошабандозы Рио Харьянто темір тұлпардың тізгінінде үлкен жылдамдықпен қозғалу оны жол жүрген жолаушыға айналдырмайды деп шешті. Соның салдарынан команда қауіпсіздік мақсатында оны бас тартуға үгіттеуге мәжбүр болды. Неден бас тартуға?
3. Обама
5. Тері?
6 Артиллерия және?..
8. 64
10. Игра престолов
11. Ораза