Ажырасқандарға айыппұл салу қажет!
2016-шы жылы елімізде 140840 неке тіркелсе, 51775 отбасы ажырасып кеткен.Бұның себебі неде? Ажырасуға себеп ретінде статистика мына жағдайларды келтіреді:
Ажырасу себептері;
— Отбасылық кикілжің, (ұрыс-керіс, бір-бірін түсініспеу).
— Көзге шөп салу, (опасыздық).
— Күйеуінің жұмыссыз жүруі,
— Әйелінің не күйеуінің ішімдік, есірткіге салынуы.
— Ене мен келін арасындағы жанжал.
— Күйеуі не әйелінің жұмысбастылығы.
— Перзенттің болмауы, (бедеулік).
— Тұрмыстық жағдай.
Күйеуге тиіп, бір бала тауып алсам.
Бұл ажырасудың басты себептері ретінде айтылыпта жазылыпта жүр. Бірақ біз айта бермейтін мына жайтты басты назарға салғым келеді.Ол қазіргі қыз-келіншектердің «күйеуге тиіп бір бала тауып алсам, кейін ажырасып кетемін» –деген жеңіл ойдың пайда болуы. Өкінішке орай біз бұл тақырыпты әліде ашық айтуға ұяламыз. Егер бұл тақырыпты бүгін біз көтермесек, ертеңгі күні статистика биылғы жылы ажырасқандар саны өткен жылға қарағанда артты деген деректі ғана оқып отыра беретін күнге жетеміз. Әлемдік рейтингке назар салсақ Қазақстан ажырасу бойынша 10-шы орынды алады екен. Бұл Отбасы Институттарының жоқтығы ғана емес, адамдар арасындағы сенімнің аздығы. Отбасын ажырастырмаудың тиімді жолының бірі. Ажырасқан отбасыларға орташа көлемде айыппұл салу қажет.
Айыппұл көлемі қандай болады?
Мысалға 50-200мың теңге көлемінде. Егер күйеуінен кінә болса 100мың, әйеліне 50мың теңге. Әйелінен кінә болса керісінше. Айыппұл екі жаққада салынады. Бұл екі жақтың ажырасуға шешім қабылдағанда ғана сот арқылы жүзеге асырылады. Ал екі жақ араға жыл салып қайтадан бірге болуды қалап некеге тұрса салынған айыппұлдың 50%-ы екі жаққа да қайтарылады. Бірақ екінші рет ажырсқан жағдайда айыппұл еселеніп салынады, және қоғамдық жұмысқа тартылатын болады. Бұл ажырасқан отбасы үшін өте үлкен жаза болар еді.
Айыппұл қайда кетеді?
Айыппұл мемлекетке салық ретінде түспейді. Мемлекеттік емес ұйымдар жанынан Институт құрылып ақша тікелей сол ұйымға түседі. Институттың басты жұмысы отбасылы адамдардың ажырасуын болдырмау. Ал, айыппұлдан түскен ақшаны Институт атынан ашылған порталдан онлайн бақылауға болады.
Ажырасу бүгінгі қоғамның басты дертіне айналып бара жатыр. Ал сол дертті қоғам болып бірге жеңуіміз қажет.
Менің бірінші (әйел қауымына былайша нөмірлеп жіберген ұнамайтыны анық, қазір жалғыз басты емеспін дегенім) менің келісімсіз аборт жасап жібереді (2-айлық мерзімде), ісіне мәз-мейрам болып біраз жүрді. Одан кейін 5 жыл бала көтермеді.
Еркекті әйел зорлайды деген менің жағдайым. 6 жылы қоймай жүріп меннен екі қабат болып бала екі жасқа толғанда ажырасты. Әрі қарай баланы өсіргенге әке керек жоқ деп шешіпті.
Біздің елде «не болсада ерекек кінәлі» деген сөздің кесірі ғой.
P.S.: Әйелім «Клуб разведенных женшин» телебағдарламасын көре отырып «сенен ажырасамын былай бақытты өмір сүремін» деп айтып отыратын. Қазір бақытты өмір сүріп жатқаны анық қой
*lol**lol**lol**lol**lol*