Бородюк: "Румындарға тосын тактикамыз дайын"

5 қазан күні Румынияның Плоешти қаласында алаң иелерімен ойнайтын Ұлттық Құрамамыз «Илие Онае» стадионында бүгін баспасөз мәслихатын өткізді.

Футбол, тек қана футбол!: Бородюк: Румындарға тосын тактикамыз дайын

Ұлттық Құрама бас бапкері Александр Бородюк:
— Екі команданың да өздерінше дәлелдейтін нәрселері бар. Румынияда жаңа бапкер, алғашқы ойыны. Әлбетте маңызды матч жеке ол үшін де. Қызық ойын болады деп ойлаймын.

КСРО кезінде Румынияға қарсы ойнадым. Әдемі естеліктерім қалды. Ол кезде мықты құрама болатын. Қазір де жаңа ұрпақ өсіп келеді оларда. Сондықтан екі жақ та өздерін барынша көрсеткісі келеді.

Біздің бірнеше ойыншымыз жарақаттарына байланысты ойнай алмайды. Бірақ футболда ауыстырылмайтын ойыншылар болмайды. Бұл бір жағынан басқаларға шанс. Сол шансты қолдана алулары керек. Өздерін көрсетіп, негізгі ойыншыларға айналуға тырысулары керек. Және жалпы тек өздері емес, өз елдері үшін ойнаулары керек.

Чемпионаттағы турдан кейін Ұлттық Құрамада дайындыққа, ойын философиясын сіңіруге 5-6 күн керек. Сол жағынан кемшілігіміз бар. Бірақ барынша дайындалдық.
Румын құрамасында жаңа бапкер, оның не дайындайтынын біле алмаймыз. Оларда да өзгерістер болатыны анық. Қауіпті ойыншылары көп, әр позицияда мықты ойыншылары бар.

Ертең өзгеше тактикамен ойнаймыз. Тактикалық схемамыз әзір, тосынсый жасауға дайынбыз.
Бөлісу:

1 пікір

patick
Румын шабуылшы біздің жаққа өте бастағанда біздің бір қорғаушы алдынан атып шығады да:
— На, сука! — деп пышақ тығып алады.
Тосын тактиканы осылай түсіндім мен :)