Эльдар Рязанов. "Арасында туған күн мен өлген күннің..."

Аударма: Эльдар Рязанов. Арасында туған күн мен өлген күннің...
Арасында туған күн мен өлген күннің
(ал алдында аты-жөнің сыйып қалған)
сызықша тұр, сызық қой, минус белгің,
бұл белгіде бар өмір тұйықталған.

Бұл сызыққа кетті өткеннің бәрі кіріп,
Бәрі өтті! Кетті қардай қыстағы айқын.
Жоғалды, еріп кетті, кетті құрып,
Басқаға ұқсайтын һәм ұқсамайтын.

Мендегінің бәрі өлді! Оралмайды.
Махаббатым, қайғы, мұң, қызық та бар.
Ештеңе енді қайтып келе алмайды,
тек қос дата арасында сызық қалар.
Бөлісу:
  • 8

Пікір жоқ әзірше