Алматы облысының кәсіпкері мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін ағылшын курсын ашты

Алматы облысының кәсіпкері мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін ағылшын курсын ашты
Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды. Бүгінгі таңда балалардың жан-жақты дамуы маңызды рөл атқарып отыр. Осы мақсатта Талдықорғандық жас отбасы Мансұр мен Мадина Құрманғалиевтар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ағылшын курсын ашып, жұмыс істеп жатыр.
Курста қазіргі таңда 10 бала оқып жүр. Олар екі шағын топқа бөлінген. Оқытушылар балалардың әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс жасайды. Балалардың оқу үшін барлық жағдайлары жасалған. Олар тек жазбаша ғана емес берілген тапсырманы ауызша, ойын түрінде қабылдайды.
«Осы тегін курсттың арқасында балалар тек шет ел тілін үйреніп қана қоймай, сонымен қатар бір-бірімен араласып, топпен жұмыс жасауды үйренеді. Бұл балалардың болашағының зор болуына, мүмкіндіктерінің көп болуына септігін тигізеді деп ойлаймын », — деді ағылшын тілі мұғалімі Мадина Құрманғалиева.
Сабақ аптасына 2 рет 40 минуттан өтеді. Онда 2 жоғарғы білімі бар білікті мамандар сабақ береді. Ұстаздардың айтуынша жылдың соңына дейін 30 бала оқыту жоспарланып отыр. Курсқа жазылу үшін 87782863557 нөміріне хабарласуға болады
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше