Сұңқар жыры: Ұлттық құрама - "больше чем футбол"
Монтенегро, кей елдерде Черногория, Қаратау деп атала беретін еуропалық мемлекет. Елдік тариxы секілді, футболының тариxы да Югославия, Сербия футболының тариxымен тамырлас. Бүгінгі күні еуропалық ареналардан ойып орын алған «ержүрек сұңқарлар» туралы жазуымызға басты себеп… — 1 қыркүйек күні 2018 жылғы ӘЧ на іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы «Астана Аренада» Монтенегроны қабылдайды. Бұрын да екі рет кездесіп, екеуінде де оңбай ұтылған Қазақстан құрамасынан бұл жолы не күтеміз? Қарсыласымызды білеміз, күннен күнге құлпырып, алға шығып барады. Бас аяғы он жылда Еуропаға өзін танытып, мойындата білген Монтенегро жетістігінің құпиясы неде?
Біздің бұл постымыз циклды төрт бөлімнен тұрады. Алғашқысын аз-кем тариx пен монтенегролық мотивация туралы болмақ.
«Ержүрек Сұңқарлар» — ұлттық құрама жейдесіне ие монтенегролық футболшылардың жалпы атауы. Тариxын тым тереңнен бастайтын Еуропа футболындағы ең жас құрамалардың бірі Монтенегро УЕФА құрамына 2007 жылы кірген. Осы жылы алғашқы матчын Венгрия құрамасына қарсы өткізіп, жолдастық кездесуді өз пайдасына шешкен. Осылайша, монтенегролық аяқдопшылар кәрі құрлыққа жорықты жеңіспен бастайды.
Жолдастық кездесудегі жеңіс желпіндірген жас құрама алғашқы ресми матчын келер жылы бір-ақ өткізеді. 2010 жылғы ӘЧ на іріктеу кезеңінің бірінші турында Болгария құрамасымен кездескен қаратаулықтар еуропалық алғашқы ұпайды олжалайды. Есеп 2:2 болып тең ойын тіркеледі. Осыдан кейін-ақ Еуропа футболы жасыл алаңға тағы бір бәсекелес құрама келгенін түсінеді.
Дәстүрі толық қалыптасып үлгермеген, тариxы он-ақ жылды құрайтын Монтенегро ұлттық құрамасы әлемдік немесе еуропалық додалардың финалдық кезеңдерінде доп теуіп көрген жоқ. Алайда, Италия, Швеция, Англия секілді даңқты қарсыластарынан кейде кейде тең ойнап ұпай алып кетсе, кейде минималды есеппен ғана тізе бүкті.
2012 жылғы Еуропа біріншілігіне шығуға тым жақын қалған Монтенегроны Чеxия тоқтатқан еді. Өз тобында екінші орын алу қаратаулықтар үшін тым жақсы көрсеткіш саналды. Сол жылдан бастап елдегі футболдың дамуы бұрыңғыдан да қатты қарқын алды. Ішкі чемпионаттан бөлек монтенегролықтар «Ювентус», «Фиорентино», «Торино» секілді италиялық клубтарда, франциялық «Лилль» және ресейлік «Зенитте» сәтті өнер көрсетіп келеді.
Ұлттық құрама жейдесін кию әр футболшыға арман. Ал, Монтенегрода бұл тіпті бас айналдырар бақыт. Себебі, күні кешеге дейін Югославия, Сербия секілді мемлекеттердің туының астында ойнап келген сайыпқырандар үшін алаулаған алқызыл жейдеде тер төгу — өмірдегі басты мұрат.
Тәуелсіздіктен тәтті, азаттықтан асыл не болсын?! Осыны жақсы білетін және жан-тәнімен сезінетін монтенегролықтар әр матчқа майданға шығардай тастүйін тәуекелмен шығады. Себебі, ұлттық құрама — футболдан да басқа, биік, Ұлы дүние!
Басы. Жалғасы мына жерде.

1 пікір