Жасөспірім айтады: Үлкендерге керек
Қазіргі уақытта, яғни, 21 ғасырда бала тәрбиесі «психологиялық қиындықтар» тақырыбына етене сіңгені белгілі. Бала тәрбиесімен айналысу көп ата-аналарға қиындық тудырып отырғаны жасырын емес. Бұл тұста ата-аналар кінәні баланың айналасынан, яғни, бала өмір сүріп жүрген ортадан іздейді. Бірақ,өздерінен емес. Бұл кезде көпшілік ата-аналар психологқа жүгінеді. Бұл, жалпы тұрғыда, дұрыс емес шешім.
Мен де баламын.жасым 15-тің соңында тұрса да «бала» деп аталып келемін. Қазіргі уақытта, жасөспірім кезеңде, мен де «мінезі қиын бала» қатарына ілігіп үлгергенмін. Дегенмен, мен психологтан бас тартуды жөн көретін жасөспірімдердің арасында көш бастап тұрмын десем де артық емес. Сол себепті, мен сіздерге бірнеше кеңес ұсынғым келіп отыр. «Бала» деп көзге ілмесеңіз, қатты қателесесіз. Менің ойым мен сіздің балаңыздың ойы сай келуі ғажап емес.
БАЛАНЫҢ МІНЕЗІ ӨЗГЕРГЕН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?
Балаңыздың мінезі өзгеріп жүргенін байқасаңыз, оған жақын болуға тырысыңыз. Бала сізден тек уақыт пен көңілді талап ететінін білуіңіз керек. Балаңыздың мінезі өзгеріп жүрген уақытта сіз оның «анасы» немесе "әкесі" емес, «досы» болуыңыз керек. Яғни, онымен бір рет болса да серуенге шығыңыз; аптасына бір рет сырттан тамақтануды ұсыныңыз; телефон ойындарын бірге ойнаңыз; екеуіңізге ортақ зат алуды немесе қолдан жасауды ұсыныңыз; балаңызға ол білмейтін бір құпияңызды айтыңыз; оның ойын бөліп жүрген нәрселер туралы біліп, онымен ашық сөйлесіңіз. (Аталған кеңестер сізге міндетті түрде көмек береді!)
ЖАСӨСПІРІМ БАЛАҢЫЗДЫҢ «ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ» ПАЙДА БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?
Жасөспірімдердің көпшілігі үлкендердің «кездесуін» жасайтыны туралы шындықты дұрыс қабылдай біліңіз.
Егер балаңыз «махаббат» кезеңінде болса, оған ұрысып сөйлеудің қажеті жоқ. Ең алдымен, оның расымен де кездесіп жүрген жігіті немесе қызы бар екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Нақты көз жеткізген соң балаңыздың өзінен сұраңыз.Қатал үнмен сұраудың қажеті жоқ. Әрине, ол сізге бірден мойындамауы мүмкін. Сіз одан күліп сұрау арқылы, танысқыңыз келетінін айту арқылы немесе басыңызда сондай жағдай болғанын айту арқылы дұрыс жауап ала аласыз. Балаңызға ашық, жақын сөйлеу арқылы сіз оның қорқынышы мен сенімсіздігін жою аласыз. Егер балаңыз кездесіп жүрген адамы бар екенін мойындаса, сіз оған бірден «запрет» қоймаңыз. Бірден тыйым салғаныңыз балаңыздың сізге деген сенімін жояды. Оның кездесіп жүрген адамымен қаншалықты жақын екенін, не туралы сөйлесетіндерін, бір-бірін қалай атайтынын, кездесуге қаншалықты жиі шығатынын, кездескенде не істейтінін нақты болмаса да шамамен біліп алғаныңыз жөн. Қазіргі жасөспірімдердің барлық әрекетке бара алатынын ескеріңіз. Ол әрекеттер болашақ үшін қауіпті болуы мүмкін. Балаңызды жаман әрекетке бармауға жай сөзбен үгіттеңіз. Оның эмоцияларына қарауды ұмытпаңыз. Сіздің айтқаныңызға құлақ аспай жатса, еркіне қойыңыз. Балаңыз өз басынан өткізбейінше, сізге де, сіздің сөзіңізге де иланбайды. »Махаббат не істетпейді". Әрі қарай болып жатқан жағдайға қарай балаңызды өз сөзіңізбен тоқтата аласыз.
БАЛАҢЫЗ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕ КӨП УАҚЫТ ӨТКІЗЕТІН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Қазірге кезде төрт баланың үшеуі интернет желісіне байланған. Сіздің де балаңыз интернет торынан шыға алмай, көп уақытты телефон, планшет, компьютер ішінде өткізетін болса, оған ұрысып, мобильді байланысты немесе вайфайды үзіп тастаудың қажеті жоқ. Балаңызды зиян әрі мағынасыз әлемнен шығару үшін байланыстарды емес, өзіңізді пайдаланыңыз. Балаңызды барынша адамдармен бірге уақыт өткізуге бағыттаңыз.Балаңыз өзін жалғыз сезінген жағдайда интернет әлемінде өмір сүруді дұрыс көретінін ескеріңіз. Достарымен серуенге, пикникке, сауықкештерге баруына үгіттеңіз. Кешкі уақытпен балаңызды ертіп қала аралауға шығыңыз. Күндіз бос болсаңыз балаңызбен бірге кино қараңыз. Балаңыздың қалауы интернеттен алыстамай жатса да, өзіңіз бала болып, ерке қылықтар жасап, көндіруге тырысыңыз. Егер қаражатыңыз жеткілікті болса балаңызбен бірге дүкен аралауға шығыңыз. Дүкен аралау барлық жасөспірімге жағымды әсер қалдырып, интернетсіз уақыт сыйлайтынын ұмытпаңыз. Сіз осылай ғана балаңызды интернет желісінен алыстата аласыз. Мобильді байланыстарды істен шығара салуыңыз балаға кері әсерін тигізетінін ұмытпаңыз.
Жоғарыда аталған кеңестер психологтан емес, қарапайым жасөспірім баладан шыққанын дұрысынан ескеріңіз. Мен де жасөспірім болғандықтан, өз қалауымды сіздерге «кеңес» ретінде қалдырып отырмын. Бұл кеңестер сізге көмектесері анық. Не жағдай болса да, балаңызды өзіңізден алыстатып алмаңыз. Бұл жасөспірімдер үшін, біз үшін, тым ауыр. Балаңызға психолог болатын өзіңіз ғана. Аталған кеңестерді өз керектеріңізге пайдаланыңыздар!
Мен де баламын.
БАЛАНЫҢ МІНЕЗІ ӨЗГЕРГЕН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?
Балаңыздың мінезі өзгеріп жүргенін байқасаңыз, оған жақын болуға тырысыңыз. Бала сізден тек уақыт пен көңілді талап ететінін білуіңіз керек. Балаңыздың мінезі өзгеріп жүрген уақытта сіз оның «анасы» немесе "әкесі" емес, «досы» болуыңыз керек. Яғни, онымен бір рет болса да серуенге шығыңыз; аптасына бір рет сырттан тамақтануды ұсыныңыз; телефон ойындарын бірге ойнаңыз; екеуіңізге ортақ зат алуды немесе қолдан жасауды ұсыныңыз; балаңызға ол білмейтін бір құпияңызды айтыңыз; оның ойын бөліп жүрген нәрселер туралы біліп, онымен ашық сөйлесіңіз. (Аталған кеңестер сізге міндетті түрде көмек береді!)
ЖАСӨСПІРІМ БАЛАҢЫЗДЫҢ «ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ» ПАЙДА БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?
Егер балаңыз «махаббат» кезеңінде болса, оған ұрысып сөйлеудің қажеті жоқ. Ең алдымен, оның расымен де кездесіп жүрген жігіті немесе қызы бар екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Нақты көз жеткізген соң балаңыздың өзінен сұраңыз.
БАЛАҢЫЗ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕ КӨП УАҚЫТ ӨТКІЗЕТІН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Қазірге кезде төрт баланың үшеуі интернет желісіне байланған. Сіздің де балаңыз интернет торынан шыға алмай, көп уақытты телефон, планшет, компьютер ішінде өткізетін болса, оған ұрысып, мобильді байланысты немесе вайфайды үзіп тастаудың қажеті жоқ. Балаңызды зиян әрі мағынасыз әлемнен шығару үшін байланыстарды емес, өзіңізді пайдаланыңыз. Балаңызды барынша адамдармен бірге уақыт өткізуге бағыттаңыз.
Жоғарыда аталған кеңестер психологтан емес, қарапайым жасөспірім баладан шыққанын дұрысынан ескеріңіз. Мен де жасөспірім болғандықтан, өз қалауымды сіздерге «кеңес» ретінде қалдырып отырмын. Бұл кеңестер сізге көмектесері анық. Не жағдай болса да, балаңызды өзіңізден алыстатып алмаңыз. Бұл жасөспірімдер үшін, біз үшін, тым ауыр. Балаңызға психолог болатын өзіңіз ғана. Аталған кеңестерді өз керектеріңізге пайдаланыңыздар!
Пікір жоқ әзірше