"Сүйкімсіз" қыздар сүйікті ме?
Бойына жылу сіңбеген бала өсе келе, өзгеге жылу бере алмайды. Тіпті өзіне де. Өзін жей береді, өзгеге тым талапшыл, сыншыл келеді. Анасы мейірлене сүйіп, құшағына баспақ түгілі, зеректігі мен талпынысына оң баға бермеген жасық ұрпақ, құлдық психогиямен өскен, өзіне сенімсіз ұрпақ бар. Табиғатынан пысық, ізденгіш бала болса, үнемі сол анасының «қаталдығымен», қолпаштап, қолдамауымен күресіп өтеді. Ана баласын өзінше сүйіп, әр баласына жүрегі бірдей елжіреп тұрады, — дейді. Бәлкім рас та шығар… Бірақ баласының өзіне ұқсамағаны, ол сияқты өмір сүргісі келмегенімен күресіп, баланы «жазалайтындар» бар. Үйде ең болмағанда, ата-ананың біреуі балажан болғаны дұрыс шығар. Қазір кімге қарасаң да, баласына езіліп тұрады ғой. Бірақ «балаға деген махаббатты көрсетуге болмайтын» заманның қаншама ұрпағы бүгінде өзі бала тәрбиелеп отыр. Олар да бала тәрбиесінде ата-анасының моделін қолданады. Қаласа да, қаламаса да. Өйткені олар басқасын көрмеді, білмейді. Санасында, генетикасында ол әбен сақталып, кодталып қойған. Басқасын оған үйретпеген. Махаббатқа қанықпаған бала өзіне ұнайтын, өзін түсінетін ортаны аңсайды дейді. Мен де сөйткем. Ауылда өскесін, оның үстіне менің жасөспірім шағымда радикалды топтар, басқа ағымдар, ерте есею, т.б. әлеуметтік проблемалар болмаған соң, қиялданып, «өз әлемімді» кітаптан, суреттен, жазу, сызудан іздегем. Содан оқып алғанымнан үйегілерге «ақыл» айтып отыратынмын. Жатып ап, бірдеңелер жазатынмын. Мамам сол қылығымды жек көретін. Сол арқылы тұтас әулетке, ондағы тәптіп пен ережелерге қарсылығымды білдіретінімді білетін. Бағынбай, бетімен өсіп келеді деп, өзге балаларына гөрі мені ылғи қажап, кемсітіп, жетістіктеріме шын қуанбайтын. Оқуды бітірген соң, ең жоғары деген нәтиже алсам да, «ол сенің қолыңнан келмейді», — деп, қалаған оқуыма да тапсыртпай қойған. «Не де болса, үйдегі тыныштық қымбат», — дейтін. Өйткені әкеміз кез-келген проблемаға жау шапқандай мазасызданып, айқайлап кетететін. Осылайша қалыптасқан ережеге бағынғысы келмей, өзі бір нәрсе істейін десе, төбесінен тоқпақтап тұратын сенімсіздікпен қанша бала арпалысып, есейіп кетті. Ал қазір қолжетімді ақпарат, еліктейтін «тұлғалар» көп заманда, ұрпақтың бойында протест одан да көп. Біздің «өзім білемнің» соңы көп болса, қалаға кетіп оқу болса, қазіргінің «өзім білемі» түрлі жағдайға әкеп соқтыруда. «Көп күлсең, бір жылайсың» деп тәрбиеленген ұрпақ еркіндікті қаламайды. Заманның мүмкіндіктерін пайдаланғысы келмейді. Тіпті өз бағасын, еңбегінің ақысын талап ете алмайды.
Анасымен сырлас, әкесінің мойнына асылып, күлісіп, сүйісіп қауышатын қыздарға қарап қызығатынмын. Олар жар таңдағанда да, әкесіне ұқсас жігітті іздейді. Тек олар емес, қыздардың бәрі сондай. Тек әкесінен үркіп, айтайын десе, амалсыздан аузын жауып өскен қыздар отырып қалады дейді ғой. Сондықтан күйеуіңіздің бойындағы ең асыл қасиеттер де, ең жағымсыз қылық та, тіпті кейде мамандығы да өз әкеңізбен ұқсас болса, таң қалмаңыз)) Ал жігіттер, қайын атасына қарап, өзін тануы да ғажап емес. Әрине, заман, қоғам мен түрлі тендециялар өз таңбасын қалдырар, дегенмен түп төркінінде ұқсастық мол екені анық

Пікір жоқ әзірше