Тәртіп - тәрбие емес.
ТӘРТІБІҢІЗГЕ ҚАНДАЙ БАҒА АЛДЫҢЫЗ?
Кезінде бастауыш сыныпта «Тәрбие сағаты» деген болатын. Апта сайын оқушының тәртібіне де күнделікке арнайы баға түсетін: «Тәртібі: 5»-деген сынды...Қазір біз сол тәрбие мен тәртіпті шатастырып алмадық па??? Ылғи белгілі бір тәртіппен өмір сүріп, жоспармен әрекет ететін адамдар бар. Олар аяғын аттап басса, болжап, алды-артын байқап отырады. Олар аяқ астынан шешім қабылдамайды, кеңеспей әрекет етпейді. Көшеде сырын білмейтін қызға жақындағанша, ортақ таныс арқылы немесе жұмыста танысқан дұрыс,- дейді. Тіпті даусын шығарып, шынайы күлуді де әдепсіздік санайды. Өмір сүрудің өз тәртібі бар деп біледі. Ұйқыдан оянған соң бірден жатын орнын жинайды, сосын барып беті-қолын шайып, кешке дайындап қойған киімін киеді. Таңертең көңіл-күйі өзгеріп, сәйкесінше басқа киім киіп кету — тәртіпке бағынбаудың белгісі. Сол сынды үйдегі тұрмыстық заттардың да орны ешқашан өзгермейді, барлық қажетті заттар да алдын-ала сатып алынған. Ештеңені лақтырмаған дұрыс, ертең керек болып қалуы әбден мүмкін. Жұмысы тындырымды, қоғамға пайдасы болсын-болмасын, оқыған мамандығының иесі болу — әлдеқайда артығырақ. Өйткені «тәртіпке бағынған құл болмайды». Міндетті түрде дұрыс жаста тұрмыс құрып, әулетке дұрыс қызмет ету керек. Баланың тәрбиесі де тәртіпке негізделсе, адам болады. Тәртіптен басқа таңдау жоқ! Жақында бір танысым «енді жағдайыңды жасап тастадың, тұрмысқа шық, жаққсыыы жігітпен таныстырайын»- дегесін, келістім. Саған хабарласады деген соң, суретіне де қарамай, ештеңе сұрастырмастан, мақұл дедім. 3-4 күннен соң мырзам хабарласып (таңғы8:30-да), кешке 18:30-да жұмыс жағыңызға келемін деді. (Бәрін сұрап-біліп алған ғой). Тәртіппен жүретіні көрініп-ақ тұр. Ойбай мұнысы несі, кешке жұмысым нешеде бітеді, эфир уақыты әрқалай, шығармашылық саладамыз дегендей, — деееп ойланып, мен отырмын. Ұйқым да шала ашылған, даусым қырылдап тұр))) Сосын не де болса кешке хабарласыңыз 18:30да, жауабын берем дедім. Сонымен 18:30. Хабар жоқ… звондамағасын, келмес деп үйге жиналдым. Сөйтсем әлгі жігіттің тәртіптілігі сонша, 18:30-да шығып, 19:00-де менің жұмысымның алдындамын деп звондап тұр. Күннің суығында маған бола келді-ау,- деп шықтым кездесуге. Түріне қарасам, соннндай тәртіпті! Өзім сәл тұмаулап тұрғам, қара суықта ең болмағанда кофе ішеміз-ау деген ойым да жоқ емес. Сөйтсем, бейтаныс адамдар өздеріне аса жұрттың көзі түсе бермейтін, кең жерде тілдескен дұрыс деген «ереже» бар екен) Сол «тәртіп» бойынша дірдектеп туфлида мен келем… Ол өзінің «тәртіпті» өмірінен сыр шертуде… Жалпы өмірде өз принциптерімді өзгертпеймін,- дейді… Еее, ережесі көп екен,- деп түйіп қойдым.Құдай-ау, ананы істеуге болмайды, былай еткен бұрынғылар, ана қылық қоғамға қарсы, мына образ қызға жараспайды дегенде, ұялтады-ау басында… соңында ішім пысып кетті. Е қошы-ей дегің келеді. Әркімнің өз таңдауы бар ғой, санасы мен есі жеткен жерге дейін бақытты болсыншы, шаршамашы енді,- дегің келеді. Тал бойы сондай тәртіпті, кеудесінде жаны бар, «жыны» жоқ сондай адамдарды жек көрем. Бойыңды еркін ұстап, асықпай керіліііп, рахаттанып күліп алшы, -дегің келеді. Меніңше, адам өзін тәртіпке бағындырам деп, қатты қорламауы тиіс. Өзі ме, өзге ме, ойлап тапқан «образдың» құлы болудың қажеті жоқ. Қоғам бізге белгілі бір принциптерді таңып тастағаны анық. Әрине, тұрпайылық пен дөрекілікті насихаттаудан аулақпын, жалпыға ортақ рухани ұстанымдар бар. Бірақ тәлім мен тәрбиені темірдей тәртіпке, қатып қалған қағидаға ауыструдың еш қажеті жоқ-ау.

қатып қалған қағидаларға бағынуды мен де ұнатпаймын. әркімнің өз өмірі, өз ережесі болуы керек
құр «шәй ішсейіш, шәйнек қояйын» дегендей бір ізгі қожайынға тән сізде де аз ғана ізеттік болса дейсің оқырманға деген, яғни минимум верстка жасап, ойбай өлді дегенде абзацқа бөлсе екен дейсің осындайда.
Сондағысы, біреуге «тым тәртіпті болма, үйтуің керек, бүйтуің керек, әйтпесе жек көремін» деп өзінің тәртібін өткізу ме?
Қысқасы, «Е қошы-ей» дегім келеді сізге де. Өз сөзіңізбен айтқанда, "Әркімнің өз таңдауы бар ғой, санасы мен есі жеткен жерге дейін бақытты болсыншы, шаршамаңызшы енді,- дегім келеді. Басыңа салса — баспақсың демекші, қанша қатып қалса да, ерекше жағдай туса, бәрі өзгереді. Тек сол таңдаған принциптерін тәрк ету құны әркімде әртүрлі болады. Табиғат мақанымыз еш жиналыссыз, һәм лекциясыз-ақ тәртіп сақтай білетін құмырсқаларға да, күшігінен ересегі аңға бірге ертіп, тәртіпке үйрететін қасқырдың бөлтірігіне де орын тапқан екен. Ендеше, қатаң тәртіп ұстанатындарға да құрттай орын қалдырсақ қайтеді?