Керекринг-пикник сұрақтары - 09/07/2017
9 шілде Астана қаласындағы Жерұйық паркінде пикник-стайл ойын өтті. Командалар ерлер мен әйелдерге бөлінді. Тартысты өткен ойында 13:12 есебімен арулар жеңіске жетті.
1. Британ жазушысы Квентин Крисп адамның жазушы болуына үш себеп бар дейді. Бірінші себеп – адам маңызды бірнәрсе айтқысы келгендіктен, екінші – суық қыстың кешінде адам басқа ештеңемен айналысуға ниетсіз. Үшінші себепті атаңыз.
2. Журналист Джозефус Дэниелз «Бұлар дипломаттардың қателіктерін дұрыстау үшін жиналған адамдар», — деп кімдер жайлы айтқан?
3. Венесуэланың ауылдарында және кейбір қалаларында да қолға үйретілген жыландар бар. Олардың арнайы міндеттемелері де жоқ емес. Бұндай міндеттемелерді бізде қандай жануар атқарады?
4. Африкалық гелада маймылдары үлкен үйірмен өмір сүреді. Ғалымдардың зерттеуінше, африкалық қорқаулар, гелада маймылдары көп шоғырланған жерлерде антилопаларға көп шабуыл жасайды. Маймылдар қорқауларға қалай көмектеседі?
5. Бұл кішкентай шарды үлкен шардың үстіне қойып, кейін, үлкен шарға тиіп кетпейтіндей етіп кішкентай шарды арнайы нәрсемен соғып ойнайтын ойын. Осы ойындағы үлкен шарды біз қалай атаймыз?
6. Алхимиктер элемент атауларын өздерінше түрлі шифрлеген. Мысалы: темірді – «Тифон сүйектері», мысты – «ұйыған қан» деп атаған. Ал «қашқын» немесе «жұқа бұлт» қандай затты атаған?
7. Неліктен барлық делік еуропалық туристер, Делидегі Кхари Баоли базарына кірген сәттен бастап жөтеліп немесе түшкіреді?
8. Франклин де, Вашингтон да бәріне танымал президенттер. Олардың жасаған істерін саралай отырып, қайсысы көбірек пайдасын тигізгенін анықтау қиын екені сөзсіз. Алайда Франклин Вашингтонды бір көрсеткіш бойынша тура жүз есеге асып кеткен. Бұл қандай көрсеткіш?
9. «GeoFocus» (ГеоФокус) журналында бұл нәрсе, әлем тарихы жазылатын сия деп бейнеленген. Бұл не нәрсе?
10. Ежелгі грек ойшылы Архимед: «Сіздер ұзындығына әсер ете алмайсыздар. Бірақ тереңдігі мен кеңдігі өз қолыңызда» деген пайым айтты. Архимед осы анықтаманы неге байланысты айтқан?
11. Каратэның негізін қалаушы адам — Гитин Фунакосидің айтуынша: «Есіңде болсын: каратэ жолы бас июден басталып...» Сұрақ, немен аяқталады?
12. Қырым татарларының жұмбағын шешіңіз: Әлемді бүркеп тастайды, ал теңізді жаба алмайды.
13. Әдетте бухгалтерлер, өз кітапшаларына есеп жүргізу барысында, сатылым жағынан алғанда сәтсіз болған күндерді қызыл түспен белгілеп отырған. Ал сәтті күндерді қандай түспен белгілеген?
14. Графиня Софья Потоцкая құмар ойындарын ойнағанды жаны сүйетін. Бұл әдетін қойғызу үшін діни қызметкерлер оны тәртіпке шақырады. Графиня болса бір жыл бойына ойын орындығына отырмаймын деп уәде берді. Бұл мерзім оған ұзақ болып көрінгенімен, ол келісімді бұза алмады. Ол бұл жағдайдан қалай сытылып шықты?
15. Африканың суахили тайпасында, алғашқы адам жерге аспаннан түсті деген аңыз бар. Оған аспаннан түсуге кім көмектесті?
16. Рюноске Акутагава: «Адамның өмірі сіріңке қорабы іспетті. Оған асқан жауапкершілікпен қарау күлкілі, ал жауапкершіліксіз қарау ...» Акутагаваның сөзін аяқтаңыз.
17. Алтайлық бақсы күндізгі мейірімді аруақтармен байланысқанда бүркіттің қауырсындары бар киім киеді. Ал түнгі теріс күштермен байланысқанда қай құстың қауырсыны бар киімді киеді?
3. mısıq
4. antilopalardı qorqawlarğa qaray aydaytın cığar
6. sınap
8. önertapqıctıq boyınca
9. qan
13. jasıl
16. qayğılı
17. ükiniñ
2. Әскерилер
3. Мысықтар
4. Шулайды
5. Жер
6. Сынап
7. Бұрыштардын әсерінен
8. Долларда бейнеленуі
9. Мұнай
10. Өмір
11. Бас иіумен
12. Қар
13. Қара
14. Тұрып ойнады
15. Әйелі
16. Қорқынышты
17. Үкі
2. «Аудармашылар» деп ойлағам
3. «Ит» деп ойлағам
4. Гелада үйірі кептеліс тудырып, бөкендердің еркін қашуына кедергі келтіреді
5. Жер шары
6. Қорғасын немесе алюминий деп ойлағам
7. Дәмдеуіштер тозаңынан
8. Б.Франклин 100 долларлық, Вашингтон 1 долларлық купюрада тұр
16. Қауіпті.