Астанада брейк-данс пен хип-хоп билері бойынша жарыс өтті
Астананың «Жерұйық» саябағында «Биле Астана – 2017» байқауы өтті. Аталмыш шараны Астана қ. жастар саясаты жөнінде басқарма ұйымдастырды. Жастар мен жеткіншектер 7 аталым бойынша өзара сайысқа түсті.
«Бал билері» аталымында Артур Ли мен Анастасия Ли жеңіске жетті, «Халық биі» аталымы бойынша Мадина Мекебаеваның басшылығымен «Самұрық» би мектебі топ жарды, «Халық биі» (кіші топ) атылымы бойынша «Есіл» тобының би ұжымы, «Хип-хоп» аталымы бойынша Астана қ. Жастар сарайының «Поколение чудес» би тобы алға сытылып шықты, «Брэйк-данс» атылымында Әділ Жантаев жеңіске жетті.
«Данс баттл» аталымы бойынша қазақстандық «Simplе System» би студиясына тең келер ешкім болмады, «Заманауи билер» (кіші топ) аталымы бойынша №63 орта мектептің «Gold Step» командасы жақсы өнер көрсетті.
-Менің ойымша, бұл өте қызықты байқау, оның басты мақсаты еліміздің жастарының басын қосу, — деді «Сальса» биінің жеңімпазы Диана Мадыраимова.
Сондай-ақ шара барысында Қазақстанның эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев және елордалық «Қазақ қыздары» тобы өнер көрсетті.
1 пікір