Премьер-Министр Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болды
Қызылорда облысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыстың өз ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан бизнесмендеріне консультациялық көмек көрсететін өңірлік Кәспкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды alashinform.kz ақпараттық агенттігі primeminister.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким «Атамекен» ӨКП жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қолдаудың іске асырылып жатқан бағдарламалары, оның ішінде Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. Бұдан өзге, мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары саласындағы жұмыс бойынша және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша консалтингтік қызметтер көрсетіледі.

Пікір жоқ әзірше