Астанада Жамбыл, Атырау, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

1-2 шілде «Қазақстан» спорт сарайында (Қ.Мұңайтпасов көш., 7) Атырау, Жамбыл, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстарының қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Аймақтардың отандық тауар өндірушілері 1000 тонна өнімді базар бағасынан 10-15% арзан саудалайды. Ет және ет өнімдері – 120 т., сүт өнімдері – 64 т., макарон өнімдері – 21 т., жарма өнімдер – 53 т., бал – 52 т., күнбағыс майы – 54 т., картоп – 13., көкөністер – 107,1 т., балық – 53 т.

Жәрмеңкеге 20-дан астам өндіруші қатысады деп жоспарланған. Мәселен, «Эмиль», «Багратион Улан», «Өскемен құс фабрикасы», «Крендель» ЖШС секілді компаниялар өнімдерін ұсынады. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары 1 келі қантты 120 теңгеге сатып ала алады.

Осы күнге дейін 18 өңірлік жәрмеңке өткізілген (Жамбыл облысы, ОҚО, БҚО, Атырау, Қызылорда, Алматы, Актөбе, Қарағанды, Қостанай облыстары) және 5 219 тонна өнім сатылған.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше