Жоғалған қыз

Елеусіз Мұқамәдиұлы — 1938 жылы туылған. 1982-1986 жылдары «Жоғалған қыз» дилогиясы жарық көрген. «Жоғалған қыз» романы Моңғолияда жұмысшы табының қалыптасу процесін орынды көрсеткен шығарма.Тілі жеңіл оқиғасы қызықты. Романға өзек болған оқиға — Мрңғолия қазақтарының тұңғыш рет астана Ұланбатырға жол тартуы, шоферлікті үйрену жолындағы тынымсыз еңбегі — жұмысшы адамның қалыптасу жайы.
Ең қызықтысы сол — төрт жасында жоғалған Бағиласын іздеген әке сағынышты сарыла шығарма оқиғасының шиеленісуіне түрткі боларлық кездейсоқтықтарға жетелейді. Әкесі мен баласының жиі кездесе беруі сөйте тұра ондаған жылдар бойы бірін-бірі білмеуі оқырмандарды баурап, қызықтыра түседі. Автор сюжетті картиналар жасауға зейін қойып ықшамдылықты мұрат тұтқан.
Шығарма тақырыбының өзгешелігі оның басты кейіпкерлерінің сомдалуына да әсер еткен. Бұл қаламгердің роман жазуда көркемдік идеяны айқындауда тың құбылыстарды таңдауға құлаш ұрғандығының дәлелі. Автордың романға тосын оқиғаны таңдауы қуантады. Көркемдік шиеленістің өзі Бағиласын іздеп сарылған әке — Ертайдың басындығы халімен жақсы шешімін тауып отырған.
Әдеби типтегі кейіпкердің өмірдегі моделін өзгерте құбылта-құлпырта келгенде суреткердің шығармасындағы әр кейіпкердің болмыс-бітіміне бір адамның емес көптеген адамның сыр-сипаты жатады. «Жоғалған қыз» романындағы кейіпкерлердің бойындағы әдеби типке қатысты осы бір қасиеттер айқын көрініс тапқан. Романның өн бойынан әлеуметтік мазмұнды табу қиынға соқпайды. Шығарманың басты идеясы да жұмысшы табының қалыптасуы мен сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды қамтуға саяды. Сонымен, роман қарапайым еңбек адамдарының шынайы бақытын, жаңа қоғамның қолайлы көріністерін суреттеумен аяқталады.
РЫМҒАЛИ Нұрғали
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше