Соңғы император - Франческо Тотти

Есімі Рома футбол клубымен бірге жүретін Тотти өткен апта Дженоа матчынан кейін футбол карьерасына нүкте қойды. Ия, оны аңыз қылған оқиғалар нелер еді?

Блог - shota2030: Соңғы император - Франческо Тотти

Римде жаңбырлы бір кеш, балшық-балшық көше, бірақ оны ойлап жатқан балалар жоқ…
Олар үшін Римнің жағдайы төмендеу бөлігі болып табылатын Порта Метронида істелінетін ең жақсы іс — тастан жасалған қақпалар және жыртық доппен футбол ойнау.
Доптың тасқа тиіп шығарған және айқайласып жатқан балалардың дауысын үйден шыққан басқа бір дауыс бөліп жібереді. «Франческо, сабақтарыңды да оқымайсың, тамақ та жемедің. Үйге кел, енді!» Бірақ тыңдайтын ешкім жоқ. Франческо бұл дауысты естімегенсиді, өйткені оны достары «Джузеппе» деп біледі. Өйткені бала Тотти Романың аңызы Джузеппе Джаннини секілді болғысы келетін. Анасы оны үйге келтіретін соңғы сөйлемді қосады «Егер үйге келетін болсаң, сені районның командасының секциясына жаздырамын»

Блог - shota2030: Соңғы император - Франческо Тотти

Тотти доппен тоғыз айлығында танысты. Құрдастары мультфильм көріп жүргенде, ол үнемі доп қуалап жүретін. Тіпті добын құшақтап ұйықтап та қалатын. Футбол ойнағанда ағасы Риккардоның достарының арасында физикалық тұрғыда қиналатын бірақ ол оны ойламайтын. Шешесі уәдесінде тұрып, 1984 жылында 8 жасында, ағасы Риккардо екеуін районның Fortituda командасына жаздырады. Енді бақытты еді. Ағасының басынан өткен сәтсіз оқиғаға дейін. Ол күні ағасы Риккардоның аяғы 3 жерден сынады. Ағасы бұдан кейін футбол ойнай алмайтын болады. Көз алдында болған бұл оқиға Тоттиды қамшылайды. Районның командасында қысқа уақытта өзін көрсеткен Тотти 2 жыл Smit Trastevere, 3 жыл Lodigiani секілді қарапайым командаларда форма киеді.

Тамаша ойын көрсетіп жүргенде бір күні дайындыққа Миланның скауттары келеді. Дайындық біте салысымен скауттар бапкердің қасына келіп алтын шашты бала туралы сұрақтарды жаудырады. Бапкері «Франческо, аты — Франческо Тотти» дейді.

Блог - shota2030: Соңғы император - Франческо Тотти

Скауттар Тоттиды Миланға алдырудың дайындықтарын бастап кетеді. Оқу қаржысы, жататын жер және Италияның ең мықты клубтарының бірі — Миланда форма кию шансы.
Бірақ шешесі қарсы шығады. Оны кішкентай кезінде қасынан жібергісі келмеді. Рим клубтарының да оны байқауға көп уақыты кетпеді. Алдында екі таңдау бар еді: Лацио немесе Рома. Тотти кейінірек ол таңдауды былай түсіндіреді: Әке-шешем Рома немесе Лационың біріне бара алатынымды айтады. Артынан шешем мен жақсы көретін клуб Романы таңдады. Егер Лационы таңдаған болғанда, оны өлтірер ма едім, білмедім!

1989 жылы арманы орындалып Романың жасөспірімдер командасына трансфер болады. Жартылай қорғаушы, форвардтың артындағы ойыншы, итальяндықтардың “trequartista” деп атайтын голға жақын 10 номерлі позицияларда ойнады. 16 жасына дейін жастар командасында ойнаған Тоттиды бапкерлер бір саты жоғарылатуды ойлап, дубль командасына көтереді. Көтерілгені соншалықты, Тотти тоқтауды білмейді. 1993 жылында 17 жасында команда бапкері серб Вуядин Бошков күннен-күнге көп жаттығып жүрген Тоттиды негізгі құрамға шақырады.

Блог - shota2030: Соңғы император - Франческо Тотти

Көктемнің салқын бір кеші, Қарсылас — Брешиа еді. Табло 87-минутты көрсеткенде формасының артында «Totti» деген жазуы бар формасымен алаңға Рома формасымен алғаш мәрте шығып тұрғанының белгісі еді. 16-жасының көктемінде командасы 2-0 алда тұрғанда тәжірибе жинасын деп ойынға кіргізген еді. Тотти ол күнді "Өмірімдегі ең маңызды сәт" деп айтады. 1994 жылы өзі пұт көретін және өзіне қойған аттың иесі Джузеппе Джаннини Тотти үшін былай дейді: «Ол менің мұрагерім!»

Карло Маццоне Ромаға бапкер болып келген соң Тотти матчтарға көбірек шығатын болады. 1994 жылы қыркүйектің төртінде әлі 18 жасқа толмаған алтын шашты бала алғаш мәрте бастапқы құрамнан орын алады. Фоджа командасымен ойналған ашылу матчында қақпа сызығының сыртынан өзіне келген допты сол аяғымен теуіп гол салады. «Одан кейінгісі есімде жоқ» дейді Тотти. Карьерасындағы алғашқы голдан кейін еске алмауға да болатын қуаныш еді: «Жынды секілді оңға, солға жүгіру!»

Блог - shota2030: Соңғы император - Франческо Тотти

Тоттидың талантын байқаған тек қана клуб басшылары емес. Ұлттық құраманың U-18 категориясының бапкері Чезаре Мальдини Рома дублінде ойнап жүрген сәтінен бүгінге дейін киген Италия формасын кию үшін 1995 жылы Европа U-18 жасөспірімдер турниріне апарады. Тотти сол турнирде тамаша ойын көрсетіп, финалда бір гол соқса да Испаниядан 4-1 есебімен жеңіледі. Жеңілген командадан болса да мачтың адамы болып таңдалады.

Бір жылдан кейін ұлттық құрамамен баратын турнирі U-21 Европа чемпионаты болатын еді. Францияға соққан голымен командасын финалға шығарған Тоттидың және командасының қарсыласы баяғыдай: Испания еді. Финалда соққан голымен матчты пенальтилерге апарған және кубокты жеңіп алған Италияндарда Тотти тағы да кілт ойыншы еді. Карьерасындағы алғашғқы кубогын да осылай жеңіп алған еді.

Тоттидың карьерасындағы маңызды нүктелердің бірі: 1997 жылы Ромаға бапкер болып Зденек Земанның келуі еді. Қасқыр бапкер шабуылдайтын команда жасақтап, ол командада Тоттиге сенетінін айтады. Земан оның ойынды оқитын ақылын, стандартты доптарды ойнатуда шеберлігін, фантазиясын және жігерінің барын байқауы көп уақыт алмайды. Тотти де Земанның 4-3-3 форматына ыңғайланып, екі сезонда 30 гол соғады.

Блог - shota2030: Соңғы император - Франческо Тотти

Олимпиада стадионында ойыншыға бұрын соңды болмаған бір махаббат сезілетін. Әр матчта ойыншыға баннер ашатын жанкүйерлер Тоттидың жасына да қарап «Кішкентай ханзада» деп лақат ат тағады. Ол да бұл лақап атқа лайық болып 1998-99 сезонының соңында Италияда ең жас ойыншы таңдалады және жасына қарамай команда капитаны болуға дейін көтеріледі. Жарақатына немесе жазасына байланысты шықпаған ойындарда кішкентай кезінде ағасы мен әкесімен бірге барып матч көретін оңтүстік трибунасына барып көретіндігі үшін Романың жанкйеүрелір оны трибунаның алаңдағы айнасы ретінде көретін. Бәрі білетін, 90 минут тоқтамай қолдайтын жанкүйер тобы бар болса, 90 минут алаңда жанын беріп ойнайтын ойыншысы: Тоттиі бар еді Романың.
Олар үшін Тотти болмаса, пати де жоқ еді. “No Totti No Party!” сөздері Тотти ойнамаған матчтарда айтылатын әдеттегі сөздер еді.

Трибунадан келген баланың алаңдағы әрекеттеріне де әсері болуы керек еді және солай болды. Романың ежелгі қарсыласы Лациомен ойналған бір ойыннан кейін «Сендерді тағы да жоқ қылдым» мағынасына келетін “Vi ho purgato ancora” жазуын формасының астынан жанкүйерлерге көрсетуі Рома жанкүйерлерінің Тоттиге деген махаббатын еселей түсті.

Блог - shota2030: Соңғы император - Франческо Тотти

2000 жылы жылдың ең жас ойыншысы жүлдесін жеңіп алған соң Капеллоның бапкерлігінде «Италияда жыл футболшысы» жүлдесін жеңіп алады. Лиганы жақсы жерде бітіре алмаған Тоттидың ойында басқа нәрсе бар еді. Шақырылған бірақ бармаған 1998 әлем чемпионатының артынан келетін алғашқы жарыс: Euro 2000!

Блог - shota2030: Соңғы император - Франческо Тотти

Белгия мен Голландия бірге ұйымдастырған турнирге баратын командаға аты алғаш болып жазылған Тоттидың ұлттық құрамадағы алғашқы тәжірибесі еді. Топтық ойындарда Белгияға, ширек финалда Румынияға, жартылай финалда Голлоандияға соққан голдарымен финалға шығуға көмектеседі Тотти. Финалда 1998 жылы үйінде чемпион болған франция бар еді қарсыларында. Матчтың соңғы минутына 1-0 алда кірген Италияда қосалқы ойыншылар құшақтасып тұрған, Италия халқын қуантуға дайын еді. Бартездің алға қарай асырған добын Сильвен Вильтор ұтымды пайдаланып, гол соғып матчта қосалқы тайм ойналатын болады. Тотти ол сәтті «Не болып жатқанын ойлап үлгергенімізше кубокты ұтылып қалған едік» деп айтады. Трезегенің алтын голымен Франция кубокты алып жатқанда, Тотти тағы да бір мәрте жеңілген құраманың сапында мачтың адамы таңдалады.
Ертесі күні Италиядағы бүкіл газеттер «Барлығы үшін рахмет, Тотти және достары» деп жазып, күміс медальдің иесін де атап айтқандай болады.

Клубының жаңа келісім-шартынан бөлек, Европаның бүкіл ірі клубтары оны қалады. Сары шашты ханзада ешқандай келісім-шартқа қарамады. Клубының да. Оның ойында Капеллоның «чемпиондық» мақсаты бар еді. Тотти және достары сол жылы тарих жазуды қалады. 75 ұпаймен Ювентусты өтіп барып, чемпион болғанда Тоттидың бұдан кейін жаңа лақап аты бар еді: Сары Құдай!

Жаңа келісім-шарттан кейін Италияның ең көп ақша табатын футболшысы болуы, оны медиа өкілдерімен арасын бұзды. Чемпиондықтың артынан нашар өткен сезоннан кейін 2002 Әлем чемпионатында Оңтүстік Корея матчында қызыл қағазбен алаңнан қуылған соң медиамен арасы тіптен нашарлады.

Euro 2004-те матч бойы зайыбын шығарған Даниялық Поульсенге түкіргені дәлелденген соң 3 матч жаза алады және Италия топтан шыға алмаған соң «ақымақ блондин» деп айтылады. Тотти бұл қиын күндерден үйленетін қызын тапқан кезінде құтылады. Италияның медиа әдемілерінен Илари Блазимен бір дискотекада танысады. Тотти «Ромада ойнаймын» дейді, қыз онымен әңгімені жалғастырғысы келмейді. Өйткені ол Лацион жанкүйері еді. Бірақ соңында Тоттидың сұлулығына ол да шыдай алмайды.
Кезекті Лацио матчында қақпаға гол соққан Тотти формасының астынан «Сен бірегейсің» мағынасына келетін «sei unica» жазуын көрсеткенде мұны барлығы үйлену ұсынысы деп ойлайды.

Блог - shota2030: Соңғы император - Франческо Тотти

Бүкіл Романың және медианың алдында үйленді. Үйленген соң әр голдан соң бас бармағын ему қуанышы келді. Ол да нәресте туылатынының хабары еді.

2006 жылы әлем чемпионатының алдында Пеле сәуегейліктің шыңына шығады. «Кубокты Бразилия алса таң қалмаймын» бірақ турнирдың жұлдызы Тотти болады" дейді футболдың қара маржаны. Кубокты Италия драмалық түрде жеңеді, Тотти де турнирдегі перформансымен Адзурридың жұлдызы болады

Әлем чемпионатынан кейінгі сезонда да жанған Тотти 26 голмен карьерасында алғаш сұрмерген болады. 30 жасында келген бұл жүлде және жеңіп алған алтын бутсасы, өзі туралы «Карьерасы бітіп жатыр ма?» деп айтқандарға шапалақ болып тиді.

Блог - shota2030: Соңғы император - Франческо Тотти

Алаңдағы және алаң сыртындағы әртүрлі оқиғалары бар Тоттидың ең есте қалатыны — 2010 жылында Балотеллиді тебуі еді. 9 жылдан кейін келетін чемпиондықтың соңғы сәтте кетіп қалуына себеп болған Лацияолық ойыншылардың өздерін қатты қинамай жеңіліп қалған Лацио-Интер матчынан кейін Рома Интерге қонаққа барады.
Матчтың соңғы минуттарына Интер алда кірген Интер командасының ерке баласы Балотеллиге бүкіл күшімен қатты тебеді де Тотти төрешіге де қарамай киім ауыстыратын бөлмеге беттейді. Осылайша өткен апта болған матчтың ақысын алғандай болады. Осы соққыдан кейін Кройфтың «Италияда кедей балалар үшін екі мамандық бар: футболшы боласың немесе қасап боласың. Футболшылардың көбісі қасап» сөзін еске салған Лацио мен Интердің жанкүйерлері Тоттиды жек көре бастайды. Ал Рома жанкүйерлері Тоттиге ырза еді. Өйткені Балотеллиді тепкен трибунадағы Тотти еді, алаңдағы емес!

Қаланы құрған ағайынды Ромул и Ремнен кейін Тотти — Рим қаласы үшін маңызды тұлға.
Қырыққа келмей жатып 25 жыл Рома үшін тер төккен Тотти карьерасын аяқтар кезде былай дейді: «Сізді трибунада көремін және мені тамашалап отырғаныңызды сеземін. Сізге кім екенімді 90 минутта айта алмаймын бірақ жүрегіммен толы 90 минут бере аламын. Футболшы ретінде бүкіл карьерамды сіздерге арнадым. Сіздерге алғыс айтамын. Маған ең таза сыйлықты бердіңіздер: Шайқасуды жалғастыру күші»

Рим Олимпиада стадионы жығылады ма белгісіз бірақ Тотти секілді аңызды көргендер алдағы уақытта айтатын дүниелері болуы мүмкін.

Бонус: Тоттидың Ромадағы соңғы ойынынан қысқаша видеоролик
Бөлісу:

1 пікір