Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Қазақстандықтар үшін мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып, балаларының оқуына ақша жинақтаудың жаңа тетігі жұмыс істейді
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Қазақстанда 2013 жылдан бастап Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) қызметін бастады.

Жүйе Қазақстан Республикасының әр азаматына өзінің атына немесе баланың атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанның және шет елдердің колледждері мен ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға мүмкіндік береді. Жүйенің операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.

Бүгінгі таңда 15 000 жуық білім беру жинақтау салымы ашылды.
Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 10% сыйақы мен жыл сайын мемлекеттен 5% немесе 7% (жеңілдікті санаттағылар үшін) сыйлықақы есептеледі:
Мемлекет сыйлықақысы 5%, 7% + Банк сыйақысы 14% = Салым бойынша табыстылык 19%, 21% басталады.

Білім беру жинақтау салымының артықшылықтары:
• Мемлекет сыйлықақысына табыс түрі ретінде салық салынбайды;
• Білім беру жинақтау салымдары 10 млн. теңгеге дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады;
• Минималды бастапқы жарна – 3АЕК (2017 ж. 6 807 теңге);
• Жинақтау мерзімі – 20 жылға дейін;
• Мемлекеттің атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепілдігімен банктен білім беру кредитін алу мүмкіндігі бар.

Білім беру гранты тағайындалған салымшының құқығы:
• жинақты мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;
• ақшаны басқа баланың атына аудару;
• білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру.

* Мемлекеттік сыйлықақы мен банктің сыйақысы капиталға айналып, білім беру жинақтау салымдары бойынша табыстылық 19 % құрайды, нәтижесінде салымшы білім беру қызметтерін сатып алу шығыстарынан 30-40% дейін үнемдейді.

Білім беру жинақтау салымын ашу үшін қажетті қадамдар:

1-қадам – МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау.
2-қадам– Білім беру жинақтау салымын ашу.
3-қадам – Бастапқы жарнаны енгізу.

Құжаттар:
— ата-ананың бірінің жеке куәлігі;
— баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.
Блог - ZhastarTynysy: Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
Блог - ZhastarTynysy: Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше