Керек-Ринг 19/01/2017

1. 1940 жылы Гавай аралдарындағы американ әскерлерінің көңілін көтеру үшін құрылған Standart Games компаниясы кейін Service Games болып өзгерді. Ал қазір біз бұл компанияны қандай атпен танимыз?

2. Urban dictionary еркін сөздігіндегі жаңа сөздердің бірі Orange face (қызғылт бет) деп аталады. 1170 лайк, 1199 дислайк дауыс жинаған бұл сөз кімнің лақап аты?

3. Әнші Сергей Шнуров былай дейді: ИКС — долылардың ортасы. Адамдар шексіз долылықтың арасында. Себебі маңызды емес, ол жерде маңыздысы — долылық. Маған сахнадағы долылық ұнайды. ИКСті табыңыз.

4. 2-ші Дүниежүзілік Соғыс кезінде немістерден қашқан париждік еврейлер БҰЛ жерге келіп, жаңа төлқұжат ала бастады. Мұндай “тіркеу” қызметімен де айналысатын БҰЛ жерге жануарлардан тек мысықтар кіре алады. БҰЛ қандай жер?

5. Хесус Леонардо атты Нью-Йорк қаласының тұрғыны бір кеңсенің қоқыстарын жинайды. Нью-йорк таймс газеті 2010 жылы бұл кісінің кеңсе қоқыстарынан жарты миллион доллар ақша тапқаны туралы жазады. Хесус қандай кеңсенің қоқыстарын шығарады?

6. Дубай әкімшілігі 2017 мындай смарт-пальмалар арқылы қаланы толығымен немен қамтамасыз етпекші?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/01/2017

7. Қай елдің астанасы Әулие Жақып деп аталады?

8. 4745. 1930 жылы Жапонияда осыншама не тіркелді?

9. Викингтер сериалындағы кейіпкер Бьорнның айтуынша БҰЛАРДЫҢ бұрынғысы болмайды. Ресейлік саясаткер Милонов “Бізде әр 12-адам осындай. Бұған үйреніп кеткенбіз” дейді. Әңгіме кімдер туралы?

10. Бұл кісінің пайымдауынша, Махаббат — ауыр психологиялық дерт. Танымал кітабында махаббаттың екі жақты дамуы туралы да айтады: жыныстық құмарлық және асексуалдық тұрғыдан. Бұл кім?

11. 1963 жылы шыққан отандық фильмнің екінші режиссері қай кейіпкер туралы былай дейді:
“ИКС роліндегі Кәкеновті моншадан таптым. Сыриған арық балаң жігіт дөрекі мінезімен, шарт-шұрт қимылымен көзіме ерекше көрінген еді. Оны сынайын деп «арқамды езіп берші, балам» деп өтіндім. «Арқаңды езетін мен саған моншашымын ба?» деп өзіме дүрсе қоя бергені. Айтарын айтып, көз алдымнан ғайып болды.”

12. Суреттегі стилист Трамптың ертеңгі инаугурациясына қай жерде дайындалуда?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/01/2017

13. Австриялық ғалым Конрад Лоренцтің жазуынша, Австралия құрлығына аяқ басқан алғашқы еуропалықтар көрген қалталы сүтқоректілер тобына жатпайтындар: динго иті, жарқанаттар және?..

14. Андрей Галварчик және Анна Зиемкевич атты польшалық ғалымдардың жаңа кітабы ИКСті Еркек деп аталады. Кітаптағы мәлімет бойынша, гетересексуал еркектер денесінде ИКС бар еркектерді әйелдер көбірек ұнатады деп ойлайды. Ал әйелдерге шындығында бәрібір. ИКСті табыңыз.

15. БҰҰ-ның Нью-Йорктағы штаб пәтерінің алдында мүше елдердің тулары әліппелік реттілік бойынша тізіліп, ілінген. Дәл ортасындағы тудың түстерін атаңыз.
Бөлісу:

3 пікір

Miss_Ray
2.Трамп
3. Теледидар
6. кондиционер
9. ішкіш???
10. Фрейд
11. Менің атым Қожадағы Сұлтан
12. Мадам Тюссо деп айтылып кетті))
13. тышқан
14. түк
Miss_Ray
әулие жақып — Сантьяго