Шабандоздың бір күні

Атбегілік өнер қазақтың бабадан келе жатқан ата кәсібі. Сәйкесінше, сәйгүліктің тізгінін ұстайтын шабандоздық та қазаққа тән қасиет. Сондықтан, шабандоздың шеберлігі, сәйгүліктің шыдамдылығы — кез келген бәйгенің басты өлшемі болып табылады. Бүгін күні кеше Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Алтын тұлпар» және «Астана жұлдызында» бас бәйгені қанжығаларына байлаған Алматы облысының шабандоздары Асхат және Диаспен кездескен едік.
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні51 шақырымды бағындырған «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің бас жүлдегері «Жаннұр» есімді сүйгіліктің тізгіншісі Асхат Әлімжан 13 жаста. Алматы облысы Есік қаласының тұрғыны. Өзінің айтуынша, ең алғаш рет 5 жасар кезінде әкесімен жайлауға шыққанда атқа мініп, содан кейін одан түспеген екен. Атқа деген құрмарлығы оны бәйгеге алып келген. Содан 9 жасынан бастап қазіргі күнге дейін шабандоздық өнерін шындап келеді.
______________________________________________________________________
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні«Астана жұлдызы» республикалық турнирінің бас бәйгесін өзінің «Қыран» есімді сәйгүлігімен қанжылаған шабандоз Диас Жеңіс. Диас 2003 жылы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының Ақыртөбе кентінде дүниеге келген. Оның кішкентайынан атқа құмарлығын байқаған ағалары шабандоздыққы баулыған.
_______________________________________________________________________

Асхат пен Диас Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы ата кәсіпті нәсіп етіп отырған Омаровтар әулетінің ақсақалы Ыбырайахын атаға шабандоз болып келгенде табысқан. Бұл күнде құлын-тайдай тебіскен екі жеткіншек өнерлерін шындап, атбегілікке үйренуде. Ыбырайахын ата «Бәйгеге қатысқан баланың рухы қашанда биік болады және ол еңбеқор болуға машықтанады» демекші, облысымызда қайсар жүректі екі шабандоз өсіп келеді. Шабандоздардың бір күні қалай өтетіндігі туралы фоторепортажымызды назарларыңызға ұсынамыз.
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Біз күнделікті таңғы сағат 6-да оянамыз. Сөйтіп, түске дейін сабағымызға барып келеміз.
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Сабақтан келгеннен соң сүйгүліктерімізді баптауға кірісеміз.
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Оларға суларын береміз.
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Тарап, тазалаймыз.
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Аттың тұрағын тазалыққа келтіреміз.
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Жылқыларымызбен сөйлесіп, көңілін аулаймыз. Өйткені, жылқы өте сезімтал келеді. Ренжігеніңді немесе мақтағаныңды бірден сезеді. Сондықтан да, бір-бірімізді түсініп қана қоймай, бірден сезу үшін, жеңіске бірге жету үшін сәйгүлік пен шабандоздың арасында сенім пайда болуы керек.
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Одан кейін аттарымызды жүргізіп қайтамыз.
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Арнайы жаттықтыруларын жасаймыз. Қазіргі уақытта біздің Әділет Ноқатай есімді ағамыз жаттықтырып, бәйгеге дайындап жүр. Сол кісінің дайындығының арқасында үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз.
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Ыбырайахын ата күнделікті өзі келіп хал-жағдайымызды сұрастырып, ақыл-кеңесін айтып кетеді. Үлкен кісінің жылы сөзін есту бізді одан әрі қанаттандыра түседі.
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Бұл бізді «Астана тұлпары» аламан бәйгесінен жеңіске жеткізген Жаннұр. Жаннұр, өзіміздің қазақи байтал. 5 жаста. Былтыр екеуіміз «Алтын тұлпарға» қатысып үшінші орын алған едік. Биыл тынымсыз еңбектің арқасында бас бәйгені алдық. Мұндай деңгейдегі бәйгеде бұрын-соңды жеңіске жетпеген едім. 51 шақырымға жүгіріп келгеніммен, шаршаудың барлығы кубокты жоғары көтергенде ұмытылып кетті.
Әрине, бәйге басталғанда алғашында қобалжу болды. Өйткені, Жаннұрдың күшіне сенімді болдым. Алайда бәйге басталысымен өзге аттарды озып кетуге талпынбау керектігін жақсы түсінетіндіктен, оны тежеп отырдым. Содан соңғы 2 айналып қалғанша сәйгүлігімнің күшін сақтап, соңғы айналымда Жаннұрды жібердім. Таласып-таласып алдыға суырылып шықтым, екінші атты 150 – 200 шақырымға артқа тастадым.

Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Ал бұл биыл алғаш рет ұйымдастырылған «Астана жұлдызы» республикалық турнирінің жұлдызы Қыран. Асыл тұқымды Қыран біздің елімізге 2 жасар кезінде Польшадан алып келінген екен. «Астана жұлдызы» турнирі ең естен кетпес бәйгелердің бірі ретінде есімде қалады. Сағат 11-лерде бәйге басталды, еліміздің әр жерінен келген бұрың соңды көрмеген 30 аттай болды. Барлығын байыппен қадағалап, сәйгүлігімді тежеп отырдым. Содан бас бәйгені алу үшін соңғы айналымда алдыма 4 ат салдым. Мәреге жақындағанда 3 ат қатарласып келе жаттық. Бірақ Қыран өзінің мықтылығымен барлығын басып озды.
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Жаттығуларымыз аяқталғаннан кейін тұлпарлардың жем-шөбін, суын ретке келтіріп, дәрумендерін береміз. Сонымен жұмыс күніміз аяқталады. Әрі қаратай сабағымызды оқып, демаламыз.
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні
Блог - rakisheva: Шабандоздың бір күні

Арманымыз Әділет ағамыз сынды тұлпарды тұрысынан танитын атбегі болу.
Бөлісу:

2 пікір