Керек-Ринг 04/12
Бой қыздыру сұрақтары:
— Скандинавтарда Ниссе, жапондарда Сегацу-сан, чехтарда Микулаш, беларустарда Зюзя. Қазақтарда ше?
— Қай компанияның өкілдері өз өнімдерін қолданбайтындарды “айкон” деп атайды?
— Азия Микс командасының биылғы пікірінше, ақшаны дәл осы бас киімде сақтаған дұрыс. Қандай?
1-тур сұрақтары by asaubota
1. Кездейсоқ сәйкестікті есепке ала отырып, Үндістанда Балалар Күні күздің қай айының нешесінде тойланатынын табыңыз.
2. Бәсекелестік нарығына 1930 жылы “Сол бағаға 2 есе ал” слоганымен кіріп келген бұл бренд 1988 жылы КСРО телевидениесіндегі алғашқы жарнама беруші ретінде де тіркелген. 2013-тен бері бізге “Өткеніңді құшақта, қазіргімен өмір сүр” атты слоганын ұсынып келе жатқан брендті атаңыз.
3. “ИКС — ел тұрақтылығы мен Тәуелсіздіктің белгісі” дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Тәуелсіздіктің символы туралы ойымен Коко Шанель мен Пушкин де бұл тұжырыммен келісер еді. Елбасы айтқан ИКСті нақты атаңыз.
4. Википедиадағы көшпенділер туралы парақшада неокөшпенділер туралы да жазылады. Қазіргі өмірдегі өзгерістер, тұрмыстық жағдайларға байланысты көшпенді немесе жартылай көшпенді жағдайда жұмыс істейтін кей санаттағы адамдарды неокөшпенділер деп атайды. Бұл санатқа әртістер, шоумендер, программистер, дизайнерлер, ғалымдар, маусымдық жұмысшылар, гастарбайтерлер кіреді. Неокөшпенділерді басқаша, танымал қандай сөзбен атар едіңіз?
5. Минск 88, Тбилиси 89, Баку 90, Душанбе 90, Рига 91, Вильнюс 91. Тізбектің басына Қарағандыны қоятын болсақ, жанындағы сан қандай болар еді?
6. 2 жыл бұрын Procter & Gamble компаниясы қорабында 88 саны жазылған өнім үшін көпшіліктен кешірім сұрады және 88 санында ешқандай жасырын мағына жоғын айтты. Бар болғаны 88 рет қолдануға жетеді-мыс. Сондай-ақ 18 саны жазылған өнімді де тоқтатты. Сынаушыларға брендтің атынан да жасырын мағына көрген екен. Бұл қай танымал бренд?
7. Мадагаскар аралының маңайында өмір сүретін су көшпенділері болып саналатын Везу атты тайпа өкілдерінің көбінің жер бетінде үйі жоқ, олар су бетінде өмір сүреді. Акула етін сатып күн көретін везулар табыстарының үштен біріне не алатынын нақты екі сөзбен жазыңыз?
8. Қытайда өлім жазасына кесілгендер үкім орындалғанға дейін бірнеше юаньдық БҰЛ үшін бірнеше сағат жұмысқа жегіледі. Ал 1912 жылы Теодор Рузвельт президент сайлауы науқанында БҰЛ арқылы өзіне жақсы пиар жасап алды. БҰЛ не?
9. 1916 жылы Петербор газеттері Сазонова атты кәсіпкер әйел ашқан 2 ерекше ресторан туралы жарыса жазады. Біраз жыл шетелде болып келген Сазонованың ресторандарында жұрт 1 рубль 45 тиынға қазір бәріне таныс нәрсемен алғаш рет танысады. Сазонова қай елде болып келген еді?
2 тур сұрақтары by MERmukhanov
1. 1905 жылы Францияда тұңғыш халықаралық конгресс өтті. Ол іс-шараға жиылған адамдар бір-бірімен аудармашысыз сөйлесті. Қай тілде?
2. Қазақта бір әулеттің келіндерін қалай атайтынын бәріміз білетін шығармыз. Көшпенділердің әскери дәстүрлері жайлы баяндай отырып, Таласбек Әсемқұлов ол атауды басқа тарихи алыста өмір сүрген бір әйелдер тобының атауымен байланыстыратын гипотеза ұсынады.
Ол қандай сөз?
3. Желідегі таралған арзанқол иллюстрацияда жазылуы бірдей екі түрлі әріптен басталатын сөздер жазылған. Екі сөздің алғашқы екі әріптерінің жазылуы бірдей. Сұрақ авторының пікірінше, екеуінің де бейнеленуі сәтті және дәлме-дәл емес, дегенмен ол екі сөзді атаңыз.
4. Түрік жұмбағын шешіңіз. Ол – бөлмеде, бөлме – онда.
5. Назар аударыңыздар, ойбастар!
1933 жылы Зигмунд Фрейд ирониялы түрде орта ғасырлармен салыстырғандағы прогрессті атап өтті, себебі, ол кезеңдерде Х-тарының орнында оның өзі болар еді. Қазақ фольклоры саналы адамдарды оның үстінен өтпеуге шақырады.
Біздің ойбастарда жатқан не?
6. Мәскеу мейрамханаларының бірінің шеф-аспазы бұл тағамға қойылған атаудың мәнін өзінше түсіндіреді: «Біріншіден, технология бойынша оны үсіру қажет. Екіншіден, Корсикада апельсиндер Бразилияда маймылдар сияқты көп». Не тағам ол?
7. Жасыл, жасыл, жасыл,
Жылады, жылады, жылады,
Айна, айна, айна,
Вознесенскийдің құрылымы ақ бұл өлеңін аяқтаңыз.
8. Жерорта теңізі ойындары – мультиспорттық аймақтық ойындар, спорттық жарыстар мерекесі. Жерорта теңізін қоршай жатқан әлемнің үш бөлігінің мемлекеттері қатысады. Соңғысы 2013-те өтті, келесісі 27 спорт түрі бойынша 2017-де болмақ.
Ал оның туында, эмблемасында белгіленген нәрсе/нәрселерді атаңыз.
9. Ницше ОЛарды жарқын, әдемі киініп алып, сағаттап бір орында тұра беретін сарай қызметкерлеріне теңейді. Кэроллдың кейіпкері Алиса Түйе королевасының қабылдауында крокетті ОНЫмен ойнайды. ОНың құрметіне отты қаруы бар неміс танктері аталды. Астанадағы ең басты көшелердің бірінің екіншісімен қиылысында да ОЛарды кездестіруге болады.
ОЛ не?

Аяз Ата
Iphone
Панама
1-тур:
1. 9.11
2. Пепси
3. Теңге
4. Фрилансер
5. Бұл әр қалада көтеріліс-толқулар болған уақыт сияқты. Бірақ Қарағанды облысы, Теміртау қаласында болған толқудың қай жылы болғаны есімде жоқ.
6. 88 СС-тің белгісі. Демек фашизммен байланыстырған болуы керек. Егер көп қолданылатын нәрсе болса, жуынуға арналған бұйым шығар.
7. қайық пен қармақ
8. темекі
9 —
2-тур:
1. ым тілінде
2. абысын-ажын, амазонкалармен байланыстырған шығар
3. сұрақты түсіне алмадым :) (екі түрлі әріптен басталады… басындағы екі әріптері бірдей) ұқпадым очм.
4. —
5. ала жіп
6. —
7. — 8. үш шығыршық
9. фламинго
2+
3+
4+
--------------------------2тур
2+
8+
9+
Кім қалай ойлана алады деген сөз.
Ал деректер білу — априори шарт.