"Күнің бір айлыққа қарап қалсын"
Сипаттамаса да өзіңізге аян еврей деген ұлттың ең жаман қарғысы осы дейді. «Білме, білгеннің тілін алма»,-деген біздің қазақтың «соңғы нүктедегі» лағнет сөзі болса, жебрейдікі — тақырыпта.
Әлем мойындаған қаржыгерлердің (өзім оқыған Киосаки, Шефер, Трейсидің сөзіне жүгініп отырмын) бәрі «бірнеше табыс көзі болу керек»,-деп қайталай беретіндей де бар. Трейси демекші, Трейси бірнеше ай бұрын Алматыда ақылы тренинг өткізді. Мұхит асып келгенде билет құны аз ақша болмағанын білеміз. Әрине, аты жер жаһады жаулаған алыптың берері көп.
Қазақта да Трейси пайда болды. Қателеспесем, 3 жылдан бері сапалы қазақ "өндірем" деп шырылдап жүр. Ахметбек Нұрсиланы айтам да. Қазақ үшін Брайннан артықшылығы бар. Қолға таяқ ұстатқандай, кәсіп көзін өзі тауып беріп жүргенін интернеттен көп болды оқығаныма. Құмар деген жігіт біздің филология факльтетін бітірген болатын, сол кісінің бастамасымен 5 айда 9 миллион теңге таптым деп жүр. Керемет қой.
8-)8-)8-)8-) Өмірлік қағидамның беки түсуіне септігін тигізер ой түйіп қайтармын. Тәуекел деп Ахметбек Нұрсиланың 3 қарашада өткізетін тренингіне қанатымды қомдап қойып отырмын. Алақанға шырт түкіріп, ысқылап, күн санап жүргенде 1 қараша болып қойыпты. Алматыда жүрген достарымның барлығын шақырдым. Оқысаңыз, сіз де жүріңіз. Трейси сияқты ақша сұрамайды, тегін.
Осы бейсенбіде кешкі сағат 7-де Спорт және туризм академиясына (Абай/Байтұрсынов) келсеңіз, күтіп алам! :):):):):):)
Пікір жоқ әзірше