Отырысына, тұрысына қарап мінезін байқау
Адамды екі жағдайда бақылауға болады екен. Төменде берілген интерпретациялар арқылы өзіңізді және жаныңыздағы адамды қарап, саралап көріңіз. Мүмкін сәйкес кеп қалар :j
Тұрып тұрғанына қарай:
1. Аяқтары бірге, тік тұрады. Бұл кісі салмақты, ұқыпты, сабырлы адам. Тілдесуге, арқа сүйеуге болатын жақсы дос.
2. Бір аяқты тіреп, екіншісін кішкене алдыға шығарып тұратын адам ортасында танымал болғанын қалайды. Белсенді, мақсаттарын айқындап, оларға жете біледі. Армандарын орындау жолында қажетті икемділік пен ақылды көрсете алады.
3. Аяқтарын бір-бірінен алшақ, ашып тұратын кісі өз ойында нық тұрады. Жасаймын деген ісін тындырмай қоймайды.
4. Мінезін білгіңіз келген адам аяқтарын айқастырып тұрғанды ұнатса, ол танымал болғанын қалайтын атаққұмар кісі. Сондай-ақ ол армандарының орындалуын көп күткісі келмейді, шыдамы аз.
Отырысына байланысты:
1. Тобықтарыңызды айқастырып отырғанды ұнатасыз ба? Бұндай отырыс байсалды, тіпті өзіне сенімсіз адамдаға тән. Өзіңізге деген сенімділікті дамытуға тырысыңыз.
2. Көбінесе бір аяғын екіншісіне салып қойып отыратын адамдар өзіне сенімді болады. Өмірден не қалайтынын біліп, болашағына жарқын қарайды.
3. Түзу, екі аяғын бірге қойып, табанымен еденді толықтай басып отыратын адамдар ақкөңіл, шыншыл болады. Турашыл, ойлағанын бетке айтады, қоршаған адамдарға шыншылдығымен ұнайды. Сырттай суық көрінгенімен, расында адамгершілігі мол адам.
4. Табанын аяқтарының ұшында ұстап отыратындар сабырлы, кейде тұйық адамдар. Тұйықтығы қоршаған ортаның сынына төзе ала алмау қасиетіне байланысты. Ортасының пікіріне тәуелді болады.
5. Аяқтарының ұштарын бірге, ал өкшелерін екі жаққа қаратып отыратын кісі батылсыз, кінәмшіл адам болады. Бұл қасиетін жеңе алмай жүрсе де, ол басқаларға бірден дұрыс баға беріп, мінездерінің сырларын көріп тұрады.
6. Аяғын алдыға созып, кішкене шалқайып, тобықтарын айқастырып отыратын кісілер өктемшіл, қызғаншақ болып келеді. Басқалардан асып түскісі келеді.
www.bilimdiler.kz сайтынан

Ым-ишарат тану мен психология бір орында тұрмайды, сондықтан Аллан Пиз деген кісінің авторлығымен жазылған «Жүріс-тұрыс тілі. Адамның дене қозғалысы мен ым-ишаратынан ойын білу» деген кітаптың соңғы баспасын тауып алып, содан үзінділерді аударып жалғастырсаңыз көпшілікке тек қызық ғана емес, өте пайдалы болатыны анық.
Қазақша мәтінді көшіріп салсаңыз, сексен пайыз ескірген ақпаратқа ұрынасыз.