Жібек жолының жүрегі

Блог - qisyq: Жібек жолының жүрегі
«Адамның басы — Алланы добы» деген ғой, өткен демалыста жергілікті туризм қауымдастығы шақырып, Шымкенттен бір-ақ шықтым.

Бұл қаланы жақсы көремін баяғыдан. Жұмыс бойынша жиі барамын, достарым бар, жыл сайын Машаттың суына түсіп кетуге тырысамын.

Жалпы, соңғы кезде ОҚО билігі жергілікті туризмді дамытуға күш салып жатыр. Оны алды жаңалықтардан, қала берді аймақ тұрғындарының әлеуметтік желілердегі жазғандарынан байқап жүретінмін. Қаланың туристік брендбукі ұнаған еді. Дәмді, арзан тамағы, сапалы сервисі, сұлу табиғаты, үлкен тарихы орындары бар облыс туристік орталыққа айналмай қоймайтын сияқты.

Екі күн бойы Шымкент қаласының тарихи һәм көрікті жерлерін араладық. Алдымен бұған дейін Сайрам ауданына қарасты болып келген, қазір қала аумағына енген жерлерде болдық.

Мынадай арбамен таныстық. «Асфальтта өскен, жабайымыз» ғой, шынымен таң қалдым:)

Блог - qisyq: Жібек жолының жүрегі
Хызыр мешітін көрдік. Түсінгенімше, кәдімгі жолаушыларды желеп-жебеп жүретін бізідң Қызырымыз. Тек Қазақстанда басқа елдерде де бұл кейіпкерге арнап мешіттер салынған екен. Бізді бастап, өңір тарихы туралы небір қызық әңгіме, оқиға, дерек айтып беріп отырған Алексей Гончаровтың айтуынша, бұл жер туристер назарынан тыс қалып жатады. Көбі Яссауидің анасы мен әкесінің кесенелеріне ( Қарашаш ана және Ибраһим ата) тоқтап, қайтып кетеді дейді.
Блог - qisyq: Жібек жолының жүрегі
Мынау мұнарасы.

Блог - qisyq: Жібек жолының жүрегі
Мұнараның ішіндегі спираль баспалдақпен жоғары көтерілген болатынмын. Тар, төмен жерде клаустрофобиямен «ауыратынымды» түсіндім:)


Мешіттің орны.

Блог - qisyq: Жібек жолының жүрегі
Бұдан бөлек бірінші күні Әбдүл-Әзіз баб, Қарашаш ана, Ибраһим ата кесенелеріне бардық. Алды сегізінші ғасырда салынған жерлердің атмосферасы да ерекше, күннің ыстығы, даланың шуы кесене ішіне кіргенде сап тиылады бір қызығы. Түсінгенім, тарихи туризммен ауыратындар үшін Шымкент пен жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы таптырмас мекен екен:)

Екінші күні Қошқар ата өзенінің бойында қыдырдық. Жердің астынан шығып жатқан бұлақтар өзеннің бойында кездесіп отырады.
Блог - qisyq: Жібек жолының жүрегі
Қошқар ата кесенесі

Блог - qisyq: Жібек жолының жүрегі
Осы жерге дейін оқып, шаршап қалған адамдар болса, Қошқар атаның балдырлары бар мына видеоны қарап, ми тынықтырып алыңдар:)


Өзеннің бойымен төмен түсе берсеңіз Ордабасы алаңына бір-ақ шығасыз. Мұнда «Ордабасы» тарихи-архитектуралық ансамблі бар. Оған «Жер ана» тәуелсіздік монументі, Тәуелсіздік саябағы, Рәміздер алаңы және «Шаңырақ» монументі кіреді. Жанынан сан мәрте өтіп жүріп, мұндай деректерді енді білдім.

«Жер-ана» монументі. Стелланың биіктігі 24 метр.
Блог - qisyq: Жібек жолының жүрегі
117 гектарды алып жатқан, 500 мыңдай ағашы бар Орталық Азиядағы жалғыз Дендропаркті қуана-қуана тағы аралап шықтым.

Блог - qisyq: Жібек жолының жүрегі
Дендропарк пен зообаққа кіру билетінің бағасы мынадай екен:)

Блог - qisyq: Жібек жолының жүрегі
Кешке Орталық Азиядағы ең үлкен «колесо обозренияға» бардым.

Блог - qisyq: Жібек жолының жүрегі
Қала күніне орай ұйымдастырылған концерт былай өтті. Суреттерді түсірген Ерлан Сәкенов.

Блог - qisyq: Жібек жолының жүрегі

Блог - qisyq: Жібек жолының жүрегі
Шамамен алғанда Шымкенттегі екі күн осылай өтті.

Қазір облыс, қала басшылығы, жергілікті түрлі ұйымдар аймақтағы туризмнің дамуына қатты көңіл бөліп жатыр. Көремін деген адам бір ғана Шымкенттің ішінен 4 археологиялық, 11 архитектуралық ескерткішті тамашалай алады. Жыл сайын өткізілетін Қала күні, «Менің Қазақстаным» ретро-әндер фестивалі, Ұлттық театрлар фестивалі, Палау фестивалі секілді түрлі шаралары тағы бар. Қонақ үй және тамақ ішу орындарының сервисі күшті дамыған.

Шетелден келген қонақтар «бір терезе» әдісімен жұмыс істейтін, яғни миграция мәселелерінен бастап, қайда жатамын, қайдан тамақ ішемін, не көремін деген сияқты мәселелерді түгел түсіндіріп беретін «Оңтүстік туризм» орталығы жұмыс істеп жатыр.

«Жібек жолының жүрегі» атанып жүрген Шымкенттің мен көрген келбеті жақсы жаққа қарата өзгеріпті. Модерннің жөні осы екен деп бұрынғыдан қалғанды қирата да бермепті ұнағаны.

Рахмет, Шымкент! Бұл жолы қалыпты ақ көңілің мен қонақжайлылығыңнан бөлек біраз дерекпен сусындаттың, білмегенімді білгіздің. Туристер ағылып келетін мекенге айналуға көркің де, күшің де жетеді екен:)
Бөлісу:

10 пікір

zholantai
Гончаровтың кітабы бар еді Шымкент туралы. Қалай екен?
qisyq
Күшті. Оқыған соң берем. Сатам. Онсыз да дотацияда отырсыңдар :D
merekeee
Билет неге сонша екені түсініксіз боп тұр
ken
Жазда Арыс деген қаласында боп қайттым. Қала бойынша такси 50 теңге екен. Кез келген таксиді тоқтатып қалаған жеріңе 50 теңгеге барасың.
merekeee
50 дөңгелек сан, шашлык 60 тг деп те естігем. Арзандығын айтпаймын, ал, 21.21 деген қызық боп тұр.
RaymbekEgemberdiev
Қызық, өзіңнің туып өскен жерің туралы мақала оқып барып қайту керек екен деп ойланып отырасың :)
asaubota
туризм үшін аса қолайлы шаһар екен. маған ұнады фоторепортажыңыз
qisyq
Осындай сайтты ұстап тұру үлкен еңбек, сізге рахмет, Аршат мырза!
Rozatai
Шыркын, Шымкент десеншы :D