Психологиялық тест: Назар соқырлығы немесе қаншалықты аңғарымпазсыз?
Жазбаны оқымастан бұрын видеоны мұқият қарап шығыңыз. Ақ киімдегі қыздар бір біріне қанша пас беретінін (допты қанша рет лақтыратынын) санау керек.
Бұл тест біздің көз алдымыздағы нәрселерді қаншалықты байқамайтынымызды аңғартады. Адам бір нәрсеге қатты назар аударып отырған кезде айналасында болып жатқан басқа нәрселерді жіберіп алады.
Мысалы, сіз бір біріне доп лақтырып жатқан қыздардың арасына горилла кіргенін көрдіңіз бе? Көрген болсаңыз, есебіңізден жаңылып кеттіңіз. Ал байқамаған болсаңыз, демек санауды жалғастыра бердіңіз де, артқы перденің түсі өзгергенін және қара киімді қыздардың біреуі шығып кеткенін байқамай қалдыңыз. Бұл сіздің аңғарымпаздығыңыздың төмен екенін көрсетеді. Назар соқырлығы деп аталады екен бұл.
Мұндай нәрсе қоғамымызда жиі болып жатады. Әсіресе ақпараттық соғыс кезінде. Біз бір болмашы нәрсеге тым көңіл аударамыз да, басты, маңызды нәрселерді ұмытып кетеміз.
Кеңес: Алдымен қаз назарды басқа жаққа аударатын бірнәрсе болуы мүмкін, оны кейін повтор қойып қарап алам, ал қазірге тек пас санау деп кірісу керек!