Мектептегі білім беру сапасын кері тартқан 2 мәселе...

"Әңгіменің ашығында" бағдарламасында қазіргі кездегі көкейтесті мәселелердің бірі- «ауыл мектептеріндегі білім беру сапасы, қала мектептерінен айырмашылығы, һәм кемшілігі мен артықшылығы» жайлы ашық әңгіме өрбіді. Келген қонақтар өз ойларын ортаға салды. Өз кезегімде мен де өз көзқарасымды білдіріп өттім. Ол былай:Блог - Madibekuly: Мектептегі білім беру сапасын кері тартқан 2 мәселе...
Жалпы, ауыл мектептеріндегі ғана емес, жалпы еліміздегі барлық мектептердегі білім беру жүйесінің басты 2 проблемасы бар. Әрине, менің пікірім! Олар:
-Біріншісі- ұстаздардың қоғамдық мәртебесінің төмендігі. Осы себептен ойы ұшқыр, білімді жастардың 90 пайызынан көбі педагогика мамандықтарына бармайды. Несіне барсын? Егер ол саланың не қажеттілікті қанағаттандыратындай жалақысы, не қоғамда жоғары статусы болмаса. Соның кесірінен, қазіргі уақытта бұл саланың мамандықтарында ҰБТ-дан 60-70 балл жинағандар оқиды. Ойланып көріңіз, мектепті 3-4 деген бағамен бітірген жастан, болашақта қандай ұстаз шығады? Қазақ тілі, әдебиет, тарихты бұл жерге қоспай-ақ қояйық (оларды ниеттенген мамандар өздері ақ игеріп кете алады). Ал, математика, физика, химия секілді мамандықтарға түлектердің жоғарыдағыдай баллмен түсуі күмән туғызады. Олардан болашақта білім алатын оқушылар жайлы сөз қозғаудың өзі ұят…
-Екінші мәселе- баяғыдан келе жатқан, «шектен шыққан керексіз қағазбастылық». Анам- мұғалім болғандықтан мұны жақсы білем… Мектепке барып 2-3 сағат сабақ беру үшін, үйде отырып «таңның атысы, күннің батысы» қағаз жазып отырғаны. Аяп кететінмін. Міне, солай таңнан-кешке дейін дамыл таппай қағаз жазып, компьютерге телмірген ұстаздар физиологиялық, тіпті психологиялық тұрғыдан қатты күйзеліп, шаршайтыны анық. Ал осылайша шаршаған ұстаздардың мектепке барып, әрбір оқушының шалалығын жөндеп, еркелігіне шыдап, ерекше бір жаңашыл шығармашылық арқылы сапалы білім беруі- өте, өте қиын іс!!! Сондықтан, білімді әрі білікті жастарды тәрбиелеп шығару үшін педагогтардың қоғамдық мәртебесін көтеріп( ойы ұшқыр жастарды осы салаға тарту үшін), қағазбастылықты азайтып, ұстаздардың өз ісіне — шығармашылық тұрғыда, жаңа бір сапалы әдістерімен баруына жағдай жасауымыз қажет!!!
Бөлісу:

5 пікір

bake
Үшке бітіргенмін мектепті…
asaubota
өте дұрыс айтасың. бірақ, осы 2 мәселе жақында шешіледі деп ойлаймын. өйткені, үкімет БҒМға мұғалімдердің мәртебесін өсіру бойынша тапсырмалар берді. осыған сай шаралар жасалатын болады, жастар қайтадан педогогикаға қызығатын болады. екіншіден, Күнделік атты электронды жүйе арқылы қағазбастылықтан құтылады мұғалімдер. келесі жылдан бастап енгізіледі
Madibekuly
Дұрыс айтасыз. Бұл салада жасалып жатқан әр реформаны қолдаймын, әрі болашақта өз үлесімді қосуға тырысамын.Себебі, Білім жүйесі дұрыс жолға қойылмай, экономикамыз да шарықтай алмайды, өндіріс те дамымайды, халықтың хал-ахуалы жақсармайды.
bake
Үстінгі және төменгі пікірлерге келісемін. 10 жылдық оқу жүйесінен 11 жылдық оқу жүйесіне көшкеннен бері білім жүйесіне өзгеріс енгізуден көз ашпадық. Мектепке білім басқармасынан жаңадан анкета келе қалса: -Тағы біреу диссертация жазып жатыр-ау, -дегенге жеттік. Мектептерді оңтайландырғанда қалайша 4 және 8 класс оқушыларын біріктіріп оқытатын шағын мектеп жасап онда білім беруге жағдай барына таң қалған кезім болған. Осылайша біріктіріп оқытуды ғылыми дәлелденгеді-мыс. Түсінемін, ол кезде елдегі экономикалық жағдай келмеді. Сондай ғылыми ізденіс жүргізгенге тапсырыс түсті. Қаншама білім-тәрбие жүйелері ұсынылды, сыналды десеңші. Адаптивті бейімдеу, эстетикалық баулу, лицей-интернат т. с. с. маған белгісіздері бар. Өз моделін жасап жеміске жеткен мектептер арасында жылда конкурстар болып жеңімпаз мектептер аталып тұрады.
Ортақ арифметикалық баға өз жөнімен қалды, оның орнына сызықты бірінші дәрежелі теңдеу шешу ұсынылды. Шешесін, шешпесең формуладан қажет сан шығара алмайсың. Есептеп жүргендер біледі. Өйткені баға ретінде қойылатын баға құнсызданып кетті. Бес балдық жүйе орнына 10 балдық жүйе енгізгендерінде білемін. Одан баға құны өскен емес. Қазір реформа қажет шығар.
Бір жақсы үрдіс байқадым, 95-2000 жылдардың оқушыларынан салыстырғанда қазіргі оқушылар мінезі жайдарлы көрінеді, әйтеуір осындай бір құбылыс байқадым.
Оқушыларда халықтың бір бөлігі болғандықтан экономикалық-саяси жағдайға мінез көрсететін көрінеді.
Болашақ реформалар сіздер және біздер күткендей жемісін бере гөрсін.
asaubota
өте салиқалы пікір, Бәке