Жайдарман: “Астана қаласы әкімінің кубогы-2016” жобасының жеңімпазы анықталды

Блог - jaidarman: Жайдарман: “Астана қаласы әкімінің кубогы-2016” жобасының жеңімпазы анықталды
Жазғы демалыстан кейінгі маусымның екінші жартысының ойындары әдеттегідей «Астана қаласының әкімі кубогы» республикалық арнайы жобасын өткізді. Әдеттегідей дегенмен бұл ойынның ерекшелігі көп болды.

Биылғы кубок еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында өткізілді.
Сонымен қатар, осы ойында тұңғыш рет миллионер команда анықталды. Себебі бас жүлдеге миллион теңге тігілген болатын.

Сонымен ойынға келейік, келген құрамалардың барлығы жақсы дайындықпен келген екен. Тартысты өтті.
Айтпақшы, биылғы жобадағы тағы бір ерекшелік — Жайдармандағы түркі тілдес елдердің өкілдерінің саны артты. Башқұрт командасы өнер көрсеткен болатын.
Бұл команда Әкім кубогының арнайы сыйлығына ие болды.

Ал үшінші орынды Семейден келген жастар — «Элемент» алса, екінші орынды астаналық команда — "Қазақстан Темір жолы құрамасы" иеленді.

«Астана қаласы әкімінің кубогы чемпионы» деген атақ бұл жолы алматылық "Қатынас жолдары университетіне" бұйырды. Бұл топ жас болса да, көрерменнің көзайымына айналып үлгерген жігіттер болатын. Бұл жолғы ойында ол деңгейге кездейсоқ жетпегенін дәлелдеді.

Сонымен қатар, қатысқан барлық командаларға сертификат табыс етілді. Кеш соңында жайдарманшылар «Жайдарманның әнұранын» орындады.

Блог - jaidarman: Жайдарман: “Астана қаласы әкімінің кубогы-2016” жобасының жеңімпазы анықталды Башқұртстан құрамасы

Блог - jaidarman: Жайдарман: “Астана қаласы әкімінің кубогы-2016” жобасының жеңімпазы анықталды Элемент (Семей)

Блог - jaidarman: Жайдарман: “Астана қаласы әкімінің кубогы-2016” жобасының жеңімпазы анықталды ҚТЖ (Астана)

Блог - jaidarman: Жайдарман: “Астана қаласы әкімінің кубогы-2016” жобасының жеңімпазы анықталды ҚЖУ (Алматы)
Бөлісу:

2 пікір

ken
Башқұрттарды залдағылар онша түсінбеді-ау дейм — наурыз туралы, Левиттің медалі туралы приколдарына күлмеді. Бірақ жақсы қошемет көрсетті, өзім риза боп қалдым, башқұрт болмасам да. Бір сұрақ: залдағыларға алдын ала башқұрттарға шапалақтаңдар деп айтып қойған ба еді, әлде залдағылар өздері солай шапалақтады ма екен?
ErnarSeytahmet
өздері. Ешкім алдын ала ештеңе деген жоқ) Әзілдері жақсы, башқұрттардың. Левит те Наурыз да өтті, ұнады маған)