Фейсбукте сұмырай болғың келсе...

Блог - kozildirik: Фейсбукте сұмырай болғың келсе...
«Ақылды» һәм «сауатты», әлжелілер ішіндегі ақсүйектер бас қосқан Фейсбукте отыратын болсаң (по любому отырасың ғой) сенің де өз өмірлері жайлы болсын, болмасын есеп беріп, келсін, келсін келмесін бәрін тиянақтап жазып лентаны толтырып отыратын достарың бар. Бұл мағынасыз, қатаң ақпараттар тізбегі миыңды зорлап жіберетіні де рас. Одан құтылудың бірнеше жолы бар: оларды достықтан алып таста, жазғандары лентаңда көрінбесін, қара тізімге енгіз т.б. Бірақ біз оңай жолды таңдамаймыз, оның үстінде олардың жазбалалары болмаса тым ақылды болып кетуің мүмкін. Сондықтан мыжымаларға өз қаруымен жауап беру қажет. Сен де мыжыма бол! Ол үшін:


Блог - kozildirik: Фейсбукте сұмырай болғың келсе...


МАҚТАНШАҚ БОЛ!

Сен пензес бақытты екеніңді көрсет. Күніне мөлшермен 28 рет. Жұмысың қандай күшті, кешке кофе іштің, кафехана интерьері қандай керемет, тіпті туалеті де суретке түскенге жақсы екен. Басындағы 2-3 сурет-жазба қызық та, қалғандары басқалардың жынын келтіретінін ойлама! Біз өш қайтарып жатырмыз. Айтпақшы мақтаншақ болу үшін ұятсыз болу керек екені де есіңде болсын!

ТҮСІНІКСІЗ БОЛ!

«Ах...»
«Мен оны істедім...»
«Осындай сәттер көп болсын...» деген сияқты екіұшты сөздер жаз да сурет салма. Түсіндірме. Олардың іші күйсін. Ерігіп отырған тобыр пікір жазып, елітіп алып кетеді. Жауап берме. Іштері күйсін. Жыны келсін. Боқтасын. Біздің мақсат орындалып жатыр.

ЕРІНБЕ

Фейсбук сенен «Не ойлап отырсың?», "Қандай жаңалық бар?" деп сұраған сайын жауап беруге ерінбе. Бір сөйлеммен жазып отыр. "Үйдемін", «Жаттығудан шықтым», «Кешкі асқа манты» деген сияқты жазбалар қалдыр. Кешке ботқа болса мантының суретін Гугл әжейден тауып ал. Адамдардың жүйкесін жұқарт, лентаны толтыр!

ЖЕКЕ ШАРУАНЫ ЛЕНТАҒА ЖАЗ

Біреуде бір шаруаң бар ма? Мессенджер туралы ұмыт, соның лентасына барып жаз. «Айгүл, қалайсың? Ертең жұмысқа барасың ба?», «Марат, көрінбей кеттің ғой, не жаңалық?» типтес жазбалар дәл осы сәттен бастап сенің басты міндетің. Басқалар сенің өмірің қызық екенін көрсін, іші күйсін, жарылып кетсін!

СЫНШЫЛ БОЛ

Желіде біреулерді үнемі сынап отыр. Бірақ нақты есімді атама. Жобалап, мөлшерлеп, «Сылайтын аға еді, черт екен», «Сол бір қыз бұзылып кеткен сияқты ма» деген сияқты күлбілте жазба басқалардың жынын келтіреді. Бізге де керегі сол емес пе? айтпақшы үнемі қате түзеп, сынап отырсаң да да жүйкеге тиетінін ескерте кетейін.

РЕПОСТТЫ АЯМА

Бір бейнені, жазбаны саған дейін 25 рет бөліскен бе? Сен тағы 5-6 рет бөліс. Оған барлық достарыңды тегтеп қой. Көрсін, білсін, жындансын!

НАРЦИСС БОЛ

Өз-өзіңді жақсы көр. Барлық жерге суретіңмен бөліс. Құттықтауға. Көңіл айтуға. Еске алуға. Жазба тақырыбына келетіндей фотосессия жаса. Әдемі суретіңді босқа жатқызба, бір ванильная цитата тауып ал. Үнемі барлық жерде бол. Жынға ти.

Міне, нағыз вендеттаның құралдары осылар. Ең бастысы ұятсыз болу керек екенін тағы есіңе салайын. Оған нарциссизм қосылса сенің өш қайтару процесің сәтті бола түспек. Дауай, жол болсын! Тапа анассс!
Блог - kozildirik: Фейсбукте сұмырай болғың келсе...
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
Құнды кеңестер екен. Бүгін бастаймын!
SaboniS
Кейбіреуелерін бұрындары орындаппын :) Қайта қолға алу керек
merekeee
Жеңіл жазатындардың жеңіл жазбаға жынданғанын қалай елестетесіздер?!
Өзім әлдеқашаннан осылай жасаймын, бірден айтайын басқалардың мұндай әрекеті түк те жыныма тимейді, кек қайтардым деп шелпек болмай-ақ қойсын :)
Бұл кек емес, фэйсбукты «мимими» форматына көшіру операциясы )
AAGZAMKYZY
ФБда қалайша белсенді болуға болатынын түсінбей жүр ем) Кеңестеріңізге рақмет!) Бірақ, ұятты ысырып тастау қиынға соғатын сияқты өзім үшін:J:Y