Тіл туралы

Мен тек қазақша сөйлеймін. Көбіне дегенім ғой. Патриоттығым асып, қырсықтанып, әдейі емес. Орысшаға шорқақтау болғанымнан. Кез-келген жерде әңгімемді, сұрағымды қазақша бастаймын. Алайда қарсы жақ қазақша мүлде сөйлей алмайтын не түсінбейтін болса, әрине бар орысшамды айтып сөйлесе беремін. Бірақ әуелі қазақша қызмет көрсете алатын қызметкерлері жақын жерде бар ма деп сұраймын. Ондай нашар емеспін енді. Индира атты қазақша бір ауыз сөйлемейтін досыммен тек өана орысша сөйлесемін мысалы.

Орысша еркін сөйлей алмағаныма ұяламын деп айта алмаймын. Бірақ қысылмай, еркін сөйлейкен өзіме жақсы екенін емес па? Оқитын кітаптарымның оннан тоғызы орыс тілінде (аудармалар) болса да, жағдайым осы.

Ағылшыным әжептәуір. 6.5 айлтсым болатын 3-4 жыл бұрын. Қазір 7,5 айналасында шығармын. Жұмыс тілім. Универде сабақ толық ағылшын тілінде өтті дегендей. Кішкене французша білетінмін, қолға алып, жалғастырмағасын, ұмытып қалдым.

Қасымдағылар мені құдды «тіл жанашыры» ретінде көреді екен. Қызық. Мен айтам " орысша еркін жақсы сөйлей алмаймын, сосын ғо" деп. Алайда орысша жақсы сөйлеп тұрсам да, бірінші қазақша бастар едім әңгімені. Ол енді ыңғайлылыққа байланысты ғой.

"Қазақ тілі" деген ойдан шығарған мәселеге байланысты айтып жатырмын. Өзім өте сирек кездестірдім ондай проблеманы. Көп адамдар сөйлей алмаса да, керемет түсінеді. Орыс тілін білім-ғылым үшін оқыңыз, ағылшын… айтпаса да түсінікті. Елде жүрсеңіз әңгімеңізді қазақша бастаңыз, түсінбесе орысшаға көшіңіз.
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
қазір орыстілді деп аталатын ортамен көп араласа бастадым. біз ойлағандай емес, бәрі қазақша жақсы сөйлейді. тіпті сән болып келе жатқан сияқты қазір

бұрынғыдай мәмбеттер тілі болудан шықты
zholantai
в основном орыстілді, бірақ қазақ тілінде сөйлей білетін, түсінетіндермен араласқан ұнайды неге екенін
e_zhalgas
Қазақ тілі орта тап пен креатив кластың тіліне айналмай, оны үйренуге ешкімнің құлқы болмайды.
Rafaello
Ағылшын үйреніңдер — аш қалмайсыңдар