Келесі тоқсаннан бастап оқимын
Соңғы қоңырау! Балалардың мұғалімдерден құтылып, мұғалімдердің балалардан құтылып мәәз болып жататын кезі ғой. Неге екенін білмеймін "қызыл күн" болмаса да 25 мамырды жақсы көремін. Мектеп бітіргеніме 7 жыл болса да осы күні оқушы кездегі қызықты сәттерді бір еске түсіріп қоямын. ҰБТ-ның әлегі, апта сайын болатын сынақ тесттер, оның жауабын күту, дым сатып алып жемесең де асхананың жанында тұру, дене шынықтыруда «футбол ойнайықшы» деп жалыну, күнделікті жоғалтып жіберіп жаңадан бастау, айына бір рет келетін кезекшілікті айтсаңызшы. «Жүгірме! Жазып аламын» деген сөз жиі есіме түсіп тұрады) Мұғалімдердің «Сен оқысаң оқитын баласың, просто жалқаусың» деген сөздері де есімде) «Мұғалім осы жолы 4-ке қортыңызшы, келесі тоқсаннан бастап оқимын» деп жүргенде 11 жыл өтіп кетіпті ғой. Мен мектеп бітірген жылдары сыйлығыңыз бар, рестораныңыз бар барлығын қосқанда 50 мыңның шамасында жыйнайтынбыз. Бүгін, бір танысым 180 мыңнан жиналып жатырмыз дегенде жағамды ұстадым. Жаға ұстатты деген осы шығар) Айналайындар-ау ата-аналарыңды да ойласаңдаршы! Масқара ғой) Грант ұтып алатыныңа да сенімді емессің ғой…
ҰБТ-дан өтпей қаламын деп қорқып жүрген оқушылар, УАЙЫМДАМАҢЫЗДАР! 1 жылдан кейін қай пәннен қанша бал алғандарыңызды ұмытып қаласыздар. Барша жас түлектерге сәттілік! Жолдарыңыз болсын!
ҰБТ-дан өтпей қаламын деп қорқып жүрген оқушылар, УАЙЫМДАМАҢЫЗДАР! 1 жылдан кейін қай пәннен қанша бал алғандарыңызды ұмытып қаласыздар. Барша жас түлектерге сәттілік! Жолдарыңыз болсын!
25-не мектепке жібермей қойдым. Тек оқу жылының басында Назарбаев сыйлады деген 1 кітап бар еді, соны сұратып жіберіпті. Неткен жмот ата- ана деген шығар?! Қайтармадым. Тек балам алған грамота үшін 250, медаль үшін 500 бердім.
пользуясь случаем жалуюсь