Отбасы күнін астаналықтар қалай тойлады

Отбасы күнін Республикамыздың барлық өңірлері атап өтуде. Отбасы институтын дамытуда бұл шаралардың маңызы зор. Елорда тұрғындары мен қонақтары бұл атаулы күнді өздерінше тойлады. Жексенбі күні Астаналық паркте жеті команда, яғни жеті отбасы көңілді жарыстарда бәсекеге түсті.

Астана жаңалықтары: Отбасы күнін астаналықтар қалай тойлады

Спорттық мерекеге жанұялар толық құраммен қатысты. Балалары мен ата-аналары шет қалмай, жеңіске жету үшін ептілігі мен жылдамдығын көрсетті. Көңілді старт бағдарламасына асық ату мен арқан тарту сияқты ұлттық ойындар да енді.

— Халықаралық отбасы күні 1993 жылы бекітіліп, жыл сайын 15 мамырда аталып өтіледі. Біз отбасылық жарыстар, саяхаттар және т.б өткіземіз. Бұл жолы мереке саябақта жаттығу жасаудан басталды. Содан кейін кезек жарыстарға берілді, — деді Астана қаласы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ақмарал Құрманбаева.

Астана жаңалықтары: Отбасы күнін астаналықтар қалай тойлады

Әденовтер әулеті осы сияқты бұқаралық шараларға бүкіл отбасымен қуана қатысады. Олар бүгін де тыс қалған жоқ.

— Әдеттегідей бүкіл отбасымызбен – бесеуіміз келдік. Әр демалыс сайын таза ауаға шығып отыруға тырысамыз, қалалық саябақтарда ұйымдастырылатын ойын-сауықтарға қатысып жүреміз. Осындай қызықты спорттық жарыстар өткізу — тамаша идея, мұндай шараларды жиі ұйымдастырған дұрыс, — деп Асқар Әден өз пікірімен бөлісті.

Астана жаңалықтары: Отбасы күнін астаналықтар қалай тойлады

Шараға таэквондодан Қазақстан федерациясының вице-президенті, Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Арман Шылманов та келді.

— Спорт пен дене шынықтыру — денсаулыққа пайдалы, адамдардың бүкіл отбасымен бірге салауатты өмір салтын ұстанатыны қуантарлық жайт, — дейді спортшы.

Еске салайық, 8 мамырдан бастап Астаналық паркте демалыс күндері ашық аспан астында бұқаралық спорттық және фитнес жаттығулар жасау ұйымдастырылып келеді. Тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен йога, зумба және кроссфиттен сабақ алуға болады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше