Мен тамашалаған Тараз (Даму)

Даму(Тараз қаласы мен облыс аумағындағы жаңадан салынып жатқан ғимараттар, құрылыс нысандары, зауыттар мен фабрикалар, бизнес құрылымдары және халықтың әлеуетін арттырып отырған нысандар жайында).
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар, Қазақстан аумағындағы қалаларының біразының беделін биіктетіп, ажарына сән қосты. Соның бірі біз сөз ететін Жаңа Тараз қаласы. Қаладағы соңғы жылдары тұрғызылған әлеуметтік нысандар мен мәдени ескерткіштердің біразы, өткен жылы тойланған Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтой шарасына орай бой көтерген. Сондықтан да блогтур кезеңінде біз солардың біршамасына тоқталып, қалаға рең беріп тұрған ескерткіштерге арнайы ат басын бұрдық.
Блог - ErbolAliaskaruly: Мен тамашалаған Тараз (Даму)
Әуелде қаладағы ерекше сипатқа ие, хандықтың бес ғасырлық тойында кірпіші қаланған  Керей мен Жәнібек хандар монумент-ескерткішін ауыз толтырып айтуға болады. Бұл монументті «қазақ хандығы» монументі деуге де әбден негіз бар. Монумент биіктігі 30 метрді құраса, қос ханның мүсіндері 5 метрді құрайды.  Елбасы өзі тікелей келіп ашып берген бұл ескерткіштің тек қана Тараз жұртшылығы үшін емес, сонымен қатар Алаш жұрты үшін беделі биік, құндылығы орасан. Тарихымыздың бастау бұлағы осы кісілердің есімімен тығыз байланысты екенін айта кету керек.
Блог - ErbolAliaskaruly: Мен тамашалаған Тараз (Даму)Фотограф Алтынбек Қартабайдың рұқсатымен салынды
Көне Тараз мәдени орталығына біз өткен жолы біраз тоқталғандай болдық, дегенмен бұл тарихи кешеннің қала тарихы дегенде әуелгі ойға келетін мәдени орын екенін естеріңізге саламын. Саябақта халықтың еркін демалып, тыныстауына барлық жағдай жасалған. Аталмыш саябақ еліміздегі ең үлкен шаралардың бірі болғалы отырған «Expo 2017» дүниежүзілік көрмесіне арнайы дайындалған көрінеді. Саябақ алдында ғасыр жасаған, қазақ мәдениетінің алтын діңгегіндей болған абыз ақсақал Жамбыл Жабаевтың ескерткіші, саябақ сәніне сән қосып тұр.
Блог - ErbolAliaskaruly: Мен тамашалаған Тараз (Даму)Блог - ErbolAliaskaruly: Мен тамашалаған Тараз (Даму)Фотограф Алтынбек Қартабайдың рұқсатымен салынды
Тарихи той қарсаңында бой көтерген тағы бір нысанның бірі «Тараз Арена» спорт кешені. Керей мен Жәнібек хандардың монумент ескерткішіне қарама қарсы тұрғызылған спорттық кешен, талай тартысты додалар өтетін және ел еңсесін биіктететін талантты ұл мен қыздың талантын ұштайтын бірден бір спорттық кешен болатынына сеніміміз мол. Блог - ErbolAliaskaruly: Мен тамашалаған Тараз (Даму)Тағы бір айта кететін ақпарат, хандық  тойы қарсаңында елбасының қатысуымен «Әулиеата» халықаралық әуежайы күрделі жөндеуден өткізіліп, ел игіліне жаңаша болмыспен берілген. Ендігі кезекте әуежай әлеумет үшін сапалы қызмет атқарады деген үміттеміз. Осы ретте, қаладағы өткен жылы мерекелік той қарсаңында күрделі жөндеуден өткен бірқатар нысандарды айтпау кетуге болмас. Олар «Қазақ драма театры», «Төрткүл» керуен сарайы, «Орталық стадионы», «Атшабар» алаңдары. Өңірде жаңадан бой көтерген бұл аты аталған саябақ ескерткіштер қала ажарын одан сайын гүлдендіріп, қала жұртының мерейін асқақтатып, сырттан келетін қонақтардың таңдайын қақтыруда.Блог - ErbolAliaskaruly: Мен тамашалаған Тараз (Даму)
Он ауданы, үш облыс тектес қаласы бар Тараз өңірі, ел әлеуетін, мемлекет экономикасын көтеріп отырған өзіндік шикізатқа бай өңірлердің бірі. Осы орайда қалада халықты түрлі өніммен қамтамассыз етіп, ішкі өнімдерді экспорттап отырған алуан өнеркәсіп, зауыт фабрикаларды атап айтуға болады. Әлемдік дағдарысты жеңілдету барысында, қаладағы «Казфосфат» ЖШС, «Тараз қан зауыты», «Тараз металлургиялық зауыты», «Имсталькон», «Жамбылгипс АҚ», «Запчасть» ірі кәсіпорындары мемлекет тарапынан электр қуатына,  теміржол тасымалдарына сонымен қатар табиғи газға арнайы жеңілдетілген тарифтер алып, өз жұмыстарын белсенді жалғастыруда. Бұл әуелгі кезекте халықтың әлеуметтік жағдайы үшін жасалып отырған игілікті шараның бірі. Қаладағы түрлі кәсіпорындардың көбеюі, халықты оңтайлы түрде жұмыспен қамтудың бірден бір жолы болып есептеледі. Осы мақсатта да өнімді еңбек жасап жатқан «Полиэтилен Агро» ЖШС жылына 500 тонна жылыжайларға арнап пленка шығаратын ірі өндірістік орынды айтуға толық негіз бар.
Қала аумағынан өтетін «Батыс қытай-Батыс Еуропа» тас жолы сапалы түрде жөнделіп, жүк тасымалы, жолаушылар тасымалы едәуір жолға қойылған.
2015-2019 жылдарға арналған «Индустриялдық инновациялық дамудың» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тыңғылықты жұмыс атқарып отырған қаладағы «Жамбыл цементтік өндірістік компаниясы», «Жамбыл ГРЭСІ», «Алтыналмас» бірқатар кәсіпорындар бүгінгі таңда, облыс экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырған жәйі бар.
Тараз өңірі ежелден фасфорит, таскөмір, плавикошпат, түсті металдарға сонымен қатар құрылыс материалдарына бай өлке. Табиғат жер асты байлығынан кенде қылмаған өңірлердің бірегейі. Осынша байлықты тиімді пайдаланып, көзін тауып, түрлі зауыт фабрикаларды, ірі кәсіпорындардың түтінін түтетіп, еңбегін жандандырып отырған бұл қаланың экономикалық деңгейі өзге облыспен салыстырғанда біршама озық саналады. Мәселен, өткен жылы тек бір ғана Жуалы ауданында Орталық Азия бойынша ең ірі қуаты 50МВт болатын «Burnoye Solar-1" ЖШС»  күн сәулесі электр станциясы пайдалануға беріліп  қосымша 19 жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, Сарысу ауданында «Тараз көлік жолы» компаниясымен құрылыс құмын, қиыршық тас, асфальтбетон қоспасын шығаратын зауыт іске қосылып, онда 35 жұмыс орыны ашылған. Және осы жылы қала әкімшілігі тоғыз инвистициялық жобаны іске асырып, тағы да бес жүзден аса жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр. Әрине еңбек өнімділігін арттырып, оның үстіне сол үдеде халықты жұмыспен қамтып отырған бұл өңірдің алға қойған мақсаттары ұшан теңіз.Блог - ErbolAliaskaruly: Мен тамашалаған Тараз (Даму)Фотограф Алтынбек Қартабайдың рұқсатымен салынды
Аталмыш қалада тамақ өнеркәсібі деңгейлі түрде дамып келе жатыр. Яғни сүт өнімдерін, ет өнімдерін шығаратын жобалар іске асырылып, қант шығаратын зауыттың да жұмысы көңіл қуантады. Алдағы уақытта бұл сала бойынша «Әулиеата Феникс» компаниясы құс фабрикасын қайта құру жобасын іске асырып, өңірлік ет өнімін 2020 жылға дейін көлемді түрде ұлғайту жұмысын басты назарға қойған.Блог - ErbolAliaskaruly: Мен тамашалаған Тараз (Даму)Фотограф Алтынбек Қартабайдың рұқсатымен салынды
Білім беру саласы бойынша да облыс өзге өңірлермен иық теңестіре алады. Өткен жылы қалада 17 балабақша, 7 шағын орталық ашылып, алдымыздағы жылы 5 балабақшаның құрылысы аяқталатын көрінеді. Бұл өз кезегінде тұрғындар арасындағы  мектепке дейінгі орталықтарға кезекке тұрудың мәселесін оңтайлы шешіп берудің даңғыл жолы болмақ. Және  жиырма төрт білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, оның он үші өткен жылы пайдалануға берілген, әрі жүзден аса білім беру орталықтары күрделі жөндеуден өткен. Әуелгі кезекте ұлт болашағы жолында білім саласына айрықша көңіл бөлініп, келешек буынның сапалы білім алуына жағдай жасап жатқаны облыс аумағындағы білім беру саласындағы озық жоспарлы істердің бірі деп түсінуіміз қажет.
Блог - ErbolAliaskaruly: Мен тамашалаған Тараз (Даму)
Денсаулық сақтау саласы бойынша да біраз нысандардың халық қолданысына берілуі, бұл салада да оңтайлы жұмыстың қарқынды жүргендігімен түсіндіруге болады. Өткен жылдың өзінде қалада екі жүз төсектік облыстық перинаталдық орталық, Жамбыл облысында жүз орындық ауылдық емхана, сонымен қатар Байзақ ауданында туберкулезге қарсы алпыс орындық аудандық аурухана салынып, ел игілігіне пайдалануға берілген.
Әрине біз облыс аумағында атқарылынып жатқан барлық саладағы жұмыстар мен қалада соңғы жылдары бой көтерген кешен ғимараттардың тек бір парасын ғана айта алдық. Дегенмен Тараз, тарихымен құнды, тазалығымен тәнті еткен, таза ауасымен жан дүниеңді тербеген, әдемі ғимаратымен көз тартқан, сырлы тарихи орындарымен таңдантқан, мәдени кешендерімен елең еткізген, сәнді саябағымен салтанат құрған ажарлы мекен, базарлы мекен. Қарыштап дамып тәй тәй басып келе жатқан Тараздың әр қадамына ақжолтай сәттіліктер тіледік, кемел келешегінен зор үміттер, болашағынан байтақ нәтижелер күтеміз.Блог - ErbolAliaskaruly: Мен тамашалаған Тараз (Даму)
Бөлісу:

2 пікір

asaubota
жастар осы постқа қарап үйренсе екен реп жасауды. суреттердің өңделуі, мәтіннің орналастырылуы керемет
RaymbekEgemberdiev
қосыламын, кейін ispekus та мақалаларды жақсы өңдейді, көп нәрсе үйренуге болады