Мен тамашалаған Тараз - 2 (Тараздықтар)

Тараз қаласының тұрғындары жайлы тек жағымды естеліктер ғана қалыпты. Басы аздап шытырман оқиғаларға толы болды. Əйтеуір, шарықтау шегіне келгенде бəрі «happy end». Орталықтан бара жатқандықтан «байқа, алып қашпасын» деген сөздер аз айтылмады. "Құрбыларынан қалып қойма, апайдан бір елі алыстама!",- деп анам барғанымша бүкіл құлақ етімді жеп шыққан еді. Бір жағынан дұрыс айтқан екен. Себебі, күндіз қыздармен бірге дүкенге кірсек, артымыздан келе жатқан бір кісі: «Девчата, у меня есть машина. Если хотите могу вас подвезти», — дегенде көздеріміз шыға жаздаған. Енді, осыдан кейін қандай жағымды пікір болсын. Бір білерім, ол кісі тараздықтарға мүлдем ұқсамайды. Біріншіден, орыс еді, екіншіден киім үлгісіне қарағанда əскер қызметкеріне немесе аңшылықпен айналысатын адам. Аздап, саяхаттаушыға да келеді…
Блог - DinaAbdigalieva: Мен тамашалаған Тараз - 2 (Тараздықтар)
Сонда тараздықтар қандай жандар? Осы сұрақтың жауабын шешуге «Фотоаңшылық» байқауының септігі мол болды. Түстен аса қарнымыз ашып, бəріміз жұмылып кәуап жеуге кеттік. Тапсырыс беріп қойғанда, ватсаптан байқаудың алғашқы жұмбағы жарияланды десін. Керім екеуміз ойда жоқта бəрін тастап, Таразды шыр жүгіре жөнелдік.( Керім — бірге келген, Қарағандының қызы). Міне, осы сәтте нағыз тараздықтарды жолықтырдық.
Тараздың дана қариялары көп екен. Сақал-мұрттары ағарса да бірде-бір кідірместен қалада орналасқан мүсіндер мен олардың тарихын атап, жол сілтеп берді. Ал, жастар ше? Көп жерлерде жастардан бірдеңе сұрасақ, ат тонын бірақ ала қашатын əдеттері бар емес пе? Жасыратын жоқ, біздің жақта да «асығыс едім» деген сылтаумен зып етіп жоқ болып кетеді. Бүкіліне, топырақ шашпаймын әрине. Бірақ арасында осындай жайттар боп тұрад(ы). Тараздықтардың жастары белсенді əрі сөзге шешен. Шапшаңдылықтары қатты ұнады. Көздері оттай жанып тұрады ғой. Бұл көпшілігіне жетіспейтін қасиеттердің бірі деп білем. Блог - DinaAbdigalieva: Мен тамашалаған Тараз - 2 (Тараздықтар)Тараздың жолдарын білмей, Керім екеуміз әжептәуір адастық. Сол кезде таксидің көмегіне жүгіндік. Ойымда қалыптасқаны:
Таксист -жақсы сырласушы. Әңгімеге кірсе, бүкілін ашық айтып тастайтын адам.
Блог - DinaAbdigalieva: Мен тамашалаған Тараз - 2 (Тараздықтар) — Такси! Таксиии!
— Қайда барасыңдар, қыздар?
— Ағай, бізді «Тараз-Арена» жаққа апара аласыз ба?
— «Тараз-Аренаға» дейсіздер ме? мммм… иә, болад(ы)
— Ооо, ағай тек тезірек жетуіміз керек. Асығыс едік.
— Уайымдамаңдар, ұшып барамыз. (езу тартып күлді)
Жол ұзақ. Тараздың орталық көшелері мен базар жақты аралап шыққансың ғой. Қарнымыз да ашты. Кеш батып барады. Шаршап әзер отырғанда:
— Қыздар, Аренада не бар?
— Ағай, біз байқауға қатысып жүрміз. Өлең жолдарымен жасырған, мүсінді тауып алуымыз керек.
— Басқа жақтан келдіңдер ме сонда?
— Иә
— Қай жақтан боласыздар?
— Қарағандыдан…
— Қыздар, ақылымды тыңдандар, жат жерге барғанда ешқашан басқа қаладан келгендерінді айтпаңдар. Таксистерге мүлдем тіс жармаңдар. Себебі ақшаны көбейтіп жібереді. (жымиды)
— Иә, оны енді түсініп жатырмыз.
— Шамамен орта жүз шығарсыздар?
— Аха, орта жүзденбіз.
— Тараздықтардың көбісі ұлы жүз. Орта жүзден келгендерді ұната қоймайды. Оны білуші ме едіңдер?
— Не? Не дейсіз? Жоқ білмеген едік.
— Қалжың, бірақ араларымызда шынымен бар ондай жандар. Себебі мен өзім орта жүзденмін. Неше жыл болды ғой тұрып келгеніме, көріп жүрміз…
Шамамен әңгімеміз осылай өрбіді. Таксист ағай, бізді сілкіп-сілкіп алып, ең соңында достасып, тіпті бағасын да түсіріп берді. %) Тараздықтар — аузын ашса болды, жүректері көрініп тұратын халық. Өмір қатігездік пен әділетсіздікке толы болғанымен де оны түзететін мына сіз бен біз. Адамнан жаман жағын көре берсең, жақсы жағын мүлдем көрмей кетесің. Көргін келгенмен де көре алмайсың. Тараздың тұрғындары біз сияқты қарапайым, ақкөңіл жандар. Олардың артынан айтатын гу-гу өсектердің көбісі жалған. «Фотоаңшылықтан» олжаға кенелмесек те, достарымыздың санын бір көбейтіп алдық.Тіпті, әлі күнге дейін, әлеуметтік желі арқылы қал-жағдайымызды сұрап жүреміз. Осындай хаттар да алып тұрамыз. :D
Блог - DinaAbdigalieva: Мен тамашалаған Тараз - 2 (Тараздықтар)
Тараз — тап-таза қала. Осы тазалығы тек сырттан ғана емес, тараздықтардың жүрегінде сақталынып қалған. Ехх… осындай жандар өмірде көп болғанда ғой. Рақмет, саған ТАРАЗ!.. Жол болса, міндетті түрде, көне қалаға барып тұрам.;)
Бөлісу:

6 пікір

AbilmansurKamzaev
Иә Тараздықтар шынымен де ШаҺардың ауа-райы сияқты жайдарлы екен))
AyauIbrahimova
Ай-ай Дина! Сол 3 күннің əр сағаты қызыққа толы болды. Тіпті жадымызда жақсы естеліктер де қалды. Сені кім іздеп келмекші?! Аренадағы жағдайды айтсайшы бір кісілер сені іздеп кетті ғой) Кімді айтқанымды түсінген шығарсың?! ;)
DinaAbdigalieva
Ооооооо Аяу,*lol* сені өте қатты түсіндім. :D Сол кісі ақыры мені тауып алды ғой. :J
abilbekova_inabat
туысқандарымыз бірдей пікірде болған сиқты)))))))))))
DinaAbdigalieva
Инош, білмейтін адамдай жауап бердің ғой))))) сенен артық кім біледі əəə?))))