Мен тамашалаған Тараз - 1 (ТАРИХЫ)

Тараз — рухани байлыққа толы шаһар қала! Жамбыл облысының орталығы. Тарих беттерінен ойып тұрып, орын алған бұрынғы Әулие-Ата! "Өткен күн КЕШЕ, — тарих. Келер күн, Ертең,- сыр. Ал Бүгінгі күн — үлкен сый" демекші, наурыздың 22-24 аралығында алтыншы рет «Блогқұрылтай-2016» шарасы өтті. Осы жобаның аясында «Мен тамашалаған Тараз» атты конкурс ұйымдастырылды. Сол себепті өзімнің алғашқы пайымымды «керекинфоға» керек боп қалатын шығар деген оймен, белді бекем буып, жұмысқа кірістім. Ал, ендеше, кеттік! ;)
Блог - DinaAbdigalieva: Мен тамашалаған Тараз - 1 (ТАРИХЫ)
Тараз — еліміздің ең көне қаласы. Алғашқы деректер б.з.б. VI-VII ғасырларға тән. Ол жайлы қытай жиһанкезі — Сюан Цзан мен грек елшісі – Земарх сыр шертеді. Олардың еңбектерінде тұрғындардың көпшілі саудагерлер мен көпестер болғандығы сипатталады.
Блог - DinaAbdigalieva: Мен тамашалаған Тараз - 1 (ТАРИХЫ)
Тараз – кезінде Түркеш, Қарлұқ, Қараханид мемлекеттерінің орталығы болған. Осы жерден көрші-қолаңмен байланыстарымыз нығайып, қазақтың кең байтақ жеріне жақындай түстік.
Блог - DinaAbdigalieva: Мен тамашалаған Тараз - 1 (ТАРИХЫ)
Тараз — рухани құндылықтарға бай қала! Бір емес бірнеше кесенелердің ордасы. Әрбірінің дара тарихы мен ерекшеліктері басым. Көне қаланы елге танытқан — Қарахан, Айша бибі, Әбдіқадір мешіті, Дәуітпек пен Бабаджа Хатун кесенелерінен табылған балбал тастар мен алтын теңгелер әлі күнге дейін жұрттың назарында. Бәрінен ХІ-ХІІ ғасырға жататын, аңызға толы Айша бибі кесенесі кез келгенді еліктіреті анық. Кесенің іші геометриялық пішіндер мен оюларға толы. Нақты кім салғаны белгісіз. Көпшілігі Айша мен Қараханның махаббат оқиғасына қызығады.
Блог - DinaAbdigalieva: Мен тамашалаған Тараз - 1 (ТАРИХЫ)
Тектұрмас кесенесі — Тараз қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде салынған киелі жер. Шамамен XIV ғасыр сәулетінің ескерткіші. Тарихи деректерге сүйенсек, онда Сұлтан Махмұд хан жерленген деседі. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен қаланған. Жақынрақ қарағанда сынақ іздерін байқауға болады.
Блог - DinaAbdigalieva: Мен тамашалаған Тараз - 1 (ТАРИХЫ)
Ақыртас ғимараты — Тараздан шамамен 40 шақырым жерде орналасқан. Аумағы 2,5 гектар, ғалымдардың болжамы бойынша 70 бөлмелері бар. Пішіні малға шөп салатын ақырға ұқсағандықтан ел ішінде «Ақыртас» деп аталынып кетті. Жалпы ғимарат 4 бөліктен тұрады: ханның жеке сарайы, жанұясына арналған бөлме, әкімшілігі мен қызметкерлер. Оның құрылысына қарап, кейбірі қаланың орталығына балаған.
Блог - DinaAbdigalieva: Мен тамашалаған Тараз - 1 (ТАРИХЫ)
Тараз — 2000 жылдық тарихы бар батырлардың мекені, даналардың ошағы мен айтулы оқиғалардың куәгері. Керей мен Жәнібек сұлтандары 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрғандары жөнінде бәрімізге мәлім. Содан кейін талай жылдар зымырап өтті. Еліміз гүлденіп, әлі күнге дейін өз мәртебесін ұстауда. Киелі шаһардың төрінен Қазақ хандығының 550 жылдығын дүркіретіп атап өтті. Бұл оның тағы да өзгелерден бір саты жоғары тұратындығының дәлелі!

P.S.: Осы күнге дейін Таразды мүлдем басқаша елестеткен едім. Бірақ тарихына бір қадам жақындай түскенде ойым түбегейлі өзгерді. Менің кешегі көргенім, кішігірім тарихым секілді. Қазір қалалар жайлы сөз қозғалса, бірден ауызға Тараз түседі. Тарихын білмеген әр азамат, ешқашан өзінің болашағын болжай алмайды. Сол себепті, алтыннан да қымбат, ешқандай көк параққа сатылмайтын тарихымызды бағалайық, сыйлайық, құрметтейік!
Бөлісу:

7 пікір

abilbekova_inabat
Шаһар, қала дегендер бір мағнада емес пе, екеуін қатар алғанын қалай болар екен?! Ал Тараз жайлы жақсы жазылыпты, сәттілік!
DinaAbdigalieva
Шаһар "үлкен" немесе басқаша "қала" деген мағынаны білдіреді. Мен бірінші нұсқасына сүйенген едім.
AbilmansurKamzaev
иәәә, Тарихи Тараз шаһарын көру әркімнің арманы ғой!!!
DinaAbdigalieva
Еххх, Мансұр, сол кезде бізбен бірге бару керек еді. Қызықтан, құр қалу деген осы ;)
AbilmansurKamzaev
Иә иә талай қызықтан құр қалыппын ғой))
AyauIbrahimova
Тарихы керемет жазылған. Біреу білсе, біреу білмес… Талай ханның астанасы, талай елдің палайтын жері болған. 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласы киелі де қасиетті.
DinaAbdigalieva
Рақмет, Аяу! Сенімен толық келісем ғооой %);)