JADO - іскер һәм сәнгер))
Жадыра Сахиева – биші, продюсер, модельер. Оның сән үйінен елііздегі барлық жұлдзыдар киінеді десек артық айтпаймыз. Ол продюсер ретінде аз уақыт аралығында екі фильм түсірді. Жас өнерпаздарға продюсер болып, оларға концерт ұсымдастыру жұмыстарымен де айналысады. Ал, биші Жадо шәкірт те тәрбиелейді.
Қазір, өнер жұлдыздарының басым көпшілігінің қосымша кәсібі бар. Сіз өзіңізді кәсіпкер деп есептейсіз бе?
Жалпы бізде мынадай ұғым бар. Өнерлі әрістер, немесе кәсіпкер немесе бизнесмен әртістер. Ал, мен 50 пайыз кәсіпкермін, 50 пайыз өнерлі адаммын. Бір жағынан ол –қиын. Өйткені өнер мен кәсіпті қатар алып жүру керексің. Сондықтан да, ең алғаш бастағанда екі саланы бірдей алып жүру оңай болмады. Тіпті, екі саладан да қалып қоя жаздадым. Бірақ, ұжымымның арқасында шаруам ойдағыдай жүріп келеді.
Қазір, продюсер деп жатамыз ғой, музыкалық продюсер, бас продюсер- олардың барлығы да қарапайым тілмен айтқанда кәсіпкер. Жақында біздің орталық кино түсірді. Оның бас продюсері өзім болдым. Сонда қаражат табу, жұмысшылар табу мәселесімен мен айналыстым.
Жалпы қазақ «көз қорқақ, қол батыр» дейді. Басында барлығы да оңай болмайды, әрине. Сондықтан да, үйренісіп, кәсібіңді жақсы көріп, тек өзіңнің қалтаңды емес, халқыңды ойлап жатсаң, кәсіпте де жолың болады.
Өнер адамына кәсіпкер болу қаншалықты оңай немесе қиын?
Мен өзім кәсіпкер боламын деп ойлаған жоқпын. Өзім 10 жасымнан билей бастаған кезде, кішкентай бүлдіршіндердің ата-анаары келіп, бір би қойып беруді ұсынды. Мен сол биді қойып, оларға көйлектерін тігіп бердім. Менің қойған биім шағын байқаудан бірінші орын алыпты. Содан кейін, биші бүлдіршіндердің ата-аналары маған қайтадан келіп, «Жадыра біз саған ақша төлейік, сен біздің балаларымызға би үйрет», деп ұсыныс айтты. Осылайша, мен өзімнің би ансамблімді құрдым. Сөйтіп, 13 жасымда тапқан қаражатыммен әке-шешеме үй алып бердім. Өйткені, 90-жылдары бәріміз де үйсіз жүрдік. Содан кейін, тағы бір пәтер алып бердім. Сөйтіп, 15 жасымда өз-өзіме есеп берген сәтте, мен кәдімгідей кәсіпкер болғанымды түсіндім. Мен сол кезде «Жеке кәсіпкер» ретінде тіркеліп, 700 баланы биге баулып жүрдім. Сонымен бірге, эстрада-цирк колледжінде оқитынмын, «Гүлдер» ансамблінің құрамында билейтінмін және де Ішкі Істер Ансамблінде бас балетмейстер болдым. Сондықтан, бала кезімнен бірнеше істі қатар алып жүргендіктен де мен мұның барлығына үлгеретінмін. Біреулер осылай бірнеше салада жүрсе мен оған таңқалмаймын.
Бір жағынан, алғашқы уақытта істеп жүрген жұмысымды кәсіп немесе бизнес деп қараған жоқпын, мен оны хоббиім деп ойладым. Өнер Академиясын бітірдім, Заң мамандығын да алдым, Ішкі Істер кіші лейтенантымын, ондай да қызмет атқардым. Бірақ сол хоббиім менің мамандығыма айналды.
Содан кейін мен ателье аштым. Шымкенттен, Қарағандыдан тігіншілер алдырып, солармен жұмыс жасадым, қол астымда оралмандар да көптеп істеді. Осылайша, тағы бірнеше саланы қатар алып жүре бастадым.
Тайм-менеджментті мықты меңгерген болып тұрсыз ғой?
Мен қандай саланы болсын мықты меңгергенмін деп айта алмаймын, бірақ, меңгеруге тырысамын. Өйткені әр жыл сайын түрлі өзгерістер болып жатады. Өнер саласында, басқа салада болсын, біз соның бәрін біліп отырамыз және соны уақытында бірге жаңарып отырсақ, сол маңызды. Оқы, оқы және оқы дейді ғой. Үйрену, оқу — ол бітпейтін процесс.
Тайм-менеджмент бойынша, «маңызды әрі тез арада жүзеге асуы тиіс», «маңызсыз бірақ жедел орындалуы тиіс», «аса маңызды алайда, шұғыл орындалмаса да болатын» және «маңызды да, шұғыл да емес» істер болады, соның қайсысына баса мән бересіз?
Мен үшін, кездейсоқ болсын, кезекті болсын істердің барлығы да маңызды. Өйткені, маңызды не маңызсыз деп қарасақ ол жұмыс болмайды. Мен соны түсіндім. Әрине, жас кезімізде мынау күте тұрсыншы, мынаны бітіріп алайық дегендей дүниелер болып жататын, сонда сол мән бермеген шаруа аса маңызды болып шығатын еді. Сосын, біздің қазақтар ертеңге сілтеуді жақсы көреді ғой. Бірақ, менің түсінгенім ештеңені ертеңге қалдырмау керек.
Мен де осы қалпыммен келе салған жоқпын. Ресми түрде 18 жасымнан, ал негізінен 15 жасымнан кәсіппен айналысып келемін. Осы жиырма жылдай уақыттың ішінде менде де қиындық болды, құлап, қайта тұрып кеткен кездеріміз болды. Бірақ, сол сәтсіздіктердің барлығы да «Ей, ертең», «қазір бұл маңызды емес» деген еренсіздіктен салдарынан еді. Сондықтан қазір маған уақыт та, шаруа да, адам да маңызды. Өйткені, жаныңдағы серіктерің сенімді болғанда ғана барлық шаруаны бірдей атқарып үлгеруге болады. Соны түсіндім!
Қазіргі уақытта ел экономикасындағы дағдарыс, кәсіпкерлер үшін біршама қиындық туғызып жатқаны белгілі. Сіз дағдарысқа қалай төтеп беріп жатырсыз?
Менің ойымша, дағдарыс әр адамның миында. Әрине, мүмкін бар шығар, бірақ мен білмеймін. Неге? Өйткені біз жұмыс істейміз. Әрине қаражат жағынан кейде киімдерімізді тегін де беріп жатамыз. Сыйлыққа да беріп жатамыз. Бірақ, Алладан қайтады деп жатамыз. Алайда, Алладан қайтады деп те отыра берудің қажеті жоқ. Жұмыс істеу керек. Сондықтан да менің айтып отырғаным 24 сағат жұмыс істесеңіз, менің ойымша дағдарыс деген болмайды. Теледидар көріп, рахаттанып жүретін адамдар да ғой дағдарыс. Ал бізде бес-алты сала болғандықтан да, оны ойлауға да, кешіріңіз, уақыт жоқ.
Қаражатты қалай жұмсайсыз? Ақша жинайсыз ба?
Бізде ақша бар ма, жоқ па, айта алмаймын (күледі). Өйткені бізде қаржы келеді, кетеді. Сатылым болып жатса, қайтадан жаңа коллекция жасай бастаймыз. Тағы бір ақша келіп жатса, кино түсірейік. Демеушілер тарапынан көмек келіп жатса, жетімдер үйіне көмектесейік. Мүмкіндік туып жатса, аймақтарға концерт қойып қайтайық деп, мүмкіндік туып жатса, әйелдер қауымының басын қосып, шоу-рум жасап жіберейік деп, үнемі қаражат айналымда. Тіпті, кейбір күндері ақша болмай да қалатын кездер болады. Бірақ, адамның күні адаммен деген, достармен барып шәй ішіп, әңгімелесіп, жаңа бір жобаларды туралы сөйлесіп жатамыз. Ал, енді қаражат бар, жоқ деп айта алмаймын.
Өзіңізді дәулетті адаммын деп айта аласыз ба?
Жоқ, менің байлығым — менің Қазақстаным, менің халқым, менің ұжымым, менің бала-шағам, әке-шешем, туысқандарым. Кейбіреулері ертеңгі күнді ойламайсың ба, қаражат жинамайсың ба, деп жатады. Бірақ мен дүние жинамайды екем, тіпті үйімде де дүние жоқ. Бір жерге барсам бір чемоданға заттарымды алып жүре беремін.
Өйткені мен бұл нәрсеге жеңіл қараймын. Басында мен де бәрін ойлайтынмын, сол нәрседен депрессия болып ауырдым да. Кейін, депрессияның өзі өзіміз тауып алған ауру екенін түсіндім. Сондықтан, соңғы 5-6 жылда мен дүниеге, ақшаға жеңіл қарайтын болдым. Бар ма ақша-бар, жоқ па – жоқ. Бірақ, мен адамдар арасындағы достықты қадірлеймін. Егер, мен өмірдегі ең жақын досымды жоғалтып алар болсам – міне соған мен ренжіп, көңілім түсер еді. Өйткені достық өте маңызды. Ал, қалғаны ол қолдың кірі, бүгін бар, ертең жоқ. Өйткені біздің аяқ-қолымыз сау, сондықтан біз жұмысты қолдан келгенше жасаймыз.
Америкалық және батыстық бизнес-тренерлер адам ақша табуы үшін, табысты болуы тұлға ретінде дамуы тиіс дегендей теорияны алға тартады. Сіз бұған не дер едіңіз?
Мен осы уақытқа дейін, қаражатсыз дүние жасадым, жасап та келе жатырмын. Бізде демеуші деген жоқ, өзіміз қолдан келген мүмкіндікті пайдаланудамыз. Еріншек, оңай жолмен жүретін адамдар ғана тұлғаның дамуы немесе тағы басқа сондай теорияларға бас қатыратын шығар. Маған, демеуші болыңызшы, продюсер болыңызшы деп көптеген жастар келіп жатады. Сонда сенде не бар деп сұраймын? «Каспий достық теңізі» немесе «Махамбетті» режиссер-хореограф ретінде қойдым, сол кезде мен презентациямен баратынмын. Видео-ролик па, газет-журнал ма, мен тегін жасайын немесе мен жасап көрейін деп, яғни бірінші жұмысыңды көрсетуің керек.
Мен қазір Жадо болып тұрсам да кейбір кездері мен тегін жұмыс істеймін. Әрқашанда өзіңді дәлелдеп, елге көрсету керек, ол – ақшасыз. Дәлелдеу кезінде сенен ешкім ақша сұрамайды және ақша бермейді. Өзіңді бағалағаннан кейін барып, сенің мүмкіндігінің құны анықталады.
Мен осындай Жадо болам, жұлдыз болам деп ойлаған жоқпын. Мен ең бастысы бекер өмір сүрмейін, елге пайдалы қызмет етейін деп ойладым.
Мен ең алғаш сән үйін ашқан кезде, жолдасымнан көмек сұраған болатынмын. Сол кезде ол маған – алдымен ақшасыз жасап көр, сосын көреміз деді. Кейін, мен ақшасыз бәрін жасап шықтым, сонда ол кейін: көрдің бе, ақшасыз да бәрін жасауға болады деді.
Кейде бізге жаңа коллекция жасау керек болады. Білесіз ғой, коллекция өте қымбат тұрады. Бірақ біз қаражатсыз бірдеңе ғып жасап шығарамыз.
Қаражат бизнеске, кәсіпке мүлдем бағынбайды. Мен білетін әйгілі адамдар, белгілі сәнгерлердің барлығы да 0 ден бастаған.
Қазір қандай салаларды және қанша саланы бірге алып жүрсіз?
Сән үйіміз бар, сұлулық орталығын аштық, киноиндустриямен айналысып жатырмыз, музыкалық концерттер жасаймыз, би саласында оқушыларымыз бар дайындап жатқан. Одан да өзге көптеген шаруалар жасалып жатыр, бірақ оларды жасап жатырмыз деп айғайлап айтпаймыз. Болған кезде бірінші білетін боласыздар.
Мен қазір кинопродюсер ретінде де жұмыс жасап жүрмін. Естуіңіз бар шығар жақында «Запрещенные танцы» деп аталатын кино түсірдік. Халықтың сұранысы бойынша прокатта қайталап көрсету ойымызда бар, қазір ол мәселе туралы келіссөздер жүргізілуде. Содан кейін, «Кәусар» аталатын әлеуметтік кино түсірдік. Бұл кино қазіргі таңда өте өзекті болып тұрған тастанды балалар, жалғызбасты аналар, жасанды түсік проблемасына арналған. Маңғыстау жерінде түсірілген киноға 50 ден аса актер қатысты. Бірақ, сол кино 3-4 жыл болды жарыққа шықпай тұр. Өйткені ол коммерциялық кино емес. Әлеуметтік кино болғандықтан біз оны шығаратын уақытты күтіп жүрдік. Енді биыл осы киноны көрсететін уақыт келген сияқты. Алдағы жазда, бұйыртса, біз оны Республика бойынша барлық кинотеатрларда прокатқа шығарамыз.
Сіздің коллекцияларыңыз негізінен кімге арналған және олардың мақсаты не?
Негізінен жұлдыздардың барлығы дерлік менің көйлектерімді киеді. Бірақ, біз қарапайым халық үшін тігеміз. Кішкентай бүлдіршіндерімізден бастап, аталарымыз бен апаларымыз үшін. Бірақ, Құдайға шүкір деп айтам, біз киноиндурстриясы үшін де киім тігеміз. «Жау жүрек 1000 бала» фильміне киім тіктік. «Каспий – достық теңізі» аталатын бес мемлекеттің қатысыуымен өткен үлкен халықаралық фестивалдің ашылу салтанатына және Азия Ойындарының ашылуы салтанатына 3000 киім тігіп бердік. Сондықтан да, әртарапта жұмыс істейміз. Әрбір адам киінсе, сол біз үшін мақтаныш.
Қазіргі таңда қазақстандық сәнқой қыздарға қандай киім үлгісін ұсына аласыз?
Біздің дизайнерлер батысқа еліктейді ғой, еліктеп те жүр, еліктей береді де… сол кезде менің қарным ашатын. Бірақ, менің де тәжірибемде түрлі киім үлгілері болды. Батыстық та, өзге ұлттардың ұлттық киімі де. Бірақ, түсінгенім, өз ұлтымыздың әдемі ою-өрнектермен көмкерілген киімдеріне, сонау көне заманнан келе жатқан тарихи мәні бар, ұлттық киім үлгілеріне ештеңе жетпейді екен. Оның – құны, уақыты кетпейді екен, ешқашан. Сондықтан, ою өрнектелген, күміс әшекейлермен, терілермен сәнделген киім үлгілерді насихаттауды бастағанбыз. Әлі де насихаттап келеміз. Қазір, ұлттық нақыштағы киім үлгілерін өзгелер тігіп жатқанын көргенде, жымиып күліп қоям. Өйткені, бұл қазір үлкен бизнеске айналды. Қазақи ою-өрнектермен тігілген киімдерге сұраныс көп екен ғой деп, соны қолға алғандар бар.
Ал, біз осындай киімдермен көпшіліктің киінгенін қалаймыз. Теріден, түрлі-түсті матадан тігілген, қазақы нақышта тігілген киімдерімізді көпшіліктің кигенін сол арқылы насихаттағанын қалаймыз. Көпшілігі ойлайды, киім деген шүберек деп. Шын мәнінде олай емес. Мысалы мен әрбір матаның құндылығын білем. Күнделікті тұтынатын зат болса да, мата мәңгілік. Осыдан 15 жыл бұрын тіккен киімдеріміз бар. Олар әлі де жақсы жағдайда, жақсы көріністе тұр. Біз ойлаймыз ғой, адам киімді таңдайды деп. Бірақ, кей кездері, киімнің өз иесін күтіп тұратын кездері болады. Біздің коллекциямызда да бір-екі жыл тұрып қалатын киімдер болады.
Мен шетелдерге коллекцияларды көруге барғанда, қазіргі заманауи үлгілерге қарамаймын, мен міндетті түрде цехтарға барып, тігілгеніне 10-15 жылдан асып кеткен үлгілерді іздеймін. Өйткені, олардың өз тарихы болады, олардың матасы, әдібіне, тігісіне, конструкциясына қарап, мен оның қалай дүниеге келгенін, ол дизайнердің қандай қиындықтардан өткенін біліп отырамын. Өйткені сол киімдер дизайнер үшін өте құнды.
“Jado” сән үйі қазір дағдарысқа қарсы шоу-рум жасап, коллекциямда тұрып қалған кейбір киімдерді арнайы ұсыныспен сатып жатыр. Дегенмен, ол киімдердің құндылығы жоғары, мен үшін, біздің ұжым үшін аса бағалы киімдер және құны да түспейді. Өйткені біздің киімдер де – уақыт өткен сайын бағасы да құны да арта беретін картиналар сияқты.
Шетелді бағындыру ойыңызда бар шығар?
Жалпы, «Өзге елде ұлтан болғанша, өзеліңде сұлтан бол» дейді ғой. Яғни, ең алдымен өзіңнің халқың қандай маман екеніңді бағалап отырса, содан кейін ғана шет мемлекетке неге шықпасқа. Содан кейін шығу керек, өнеріңді көрсету керек дегендей… менің ойымша әрбір маман, әрбір өнерлі адам болсын, ол бірінші өзінің кәсібін үлкен деңгейге жеткізу керек. Содан кейін бәрі қолында болады.
Сұхбаттасқан, Риза Исаева

Пікір жоқ әзірше