Керек-Ринг 10/04/2016

Астанада Бирхофф мейрамханалар кешеніне қарасты Сабантуй кафесінде КерекИнфо блогерлерінің ұйымдастыруымен Керек-Ринг ойыны өтті. 4 команда қатысқан бұл ойында Тараздағы Блог-Құрылтайда өткен ойынның жеңімпаздары Бақсы командасы тағы да жеңіске жетті. Marco бастаған, Basic AKY Karakyz қостаған команданы жеңістерімен құттықтаймыз!

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 10/04/2016

Іріктеу кезеңіндегі сұрақтар:

— Мемлекет атымен аталған химиялық элементтер бар. Мысалы Полоний – Польшаның құрметіне, Германий – Германияға, Америций – Америка. Ал, қай елдің аты химиялық элементтің атымен аталады?
(by asaubota )

— Ленинге қатысты алғашқы құжатқа Василий Умов атты священник және дьякон Знаменский қол қойған. Бұл қандай құжат еді?
(by asaubota )

— Алексей Добротворский деген ғалымның пайымдауынша, тарихта орны толмас, қайталанбас жалғыз бір тұлға бар. Оның атын атаңыз.
(by asaubota )

— 1775 жылдан бастап Лондонда каучук кубиктер сатыла бастады. Ол не үшін пайдаланылатын еді?
(by asaubota )

— Карелиядағы Кижи аралында орналасқан шіркеу соборында 33 күмбез бар. Неліктен?
(by asaubota )

— Эдмунд Хиллари — Амундсен мен Скоттан кейін Оңтүстік полюсті бағындырған 3-ші кісі. Бұл кісі бірақ әлемдегі басқа бір нүктені бірінші болып бағындырды? Қай жерді?
(by asaubota )

— Неміс ғалымы Классен тас және темір метеоритердің құрлықтар бойынша жайылуын зерттеген екен. Зерттеулер бойынша Еуропа, Азия және Африка құрлықтарында тас метеориттер темір метеориттерге қарағанда көбірек кездесіпті. Ал, Америка мен Австралияда тең дәрежеде. Классен бұның неге бұлай екенін біледі. Ал сіз ше?
(by asaubota )

— Бұл сөзді Гитлер әр 53 сөзінің бірінде қолданған екен. Муссолиниде 1/83, Рузвельтте 1/100, Чемберленде 1/249. Бұл қандай сөз?
(by asaubota )

— 1915 жылы бір бірімен шекараласатын үш ірі мемлекет АВС атты ортақ келісімшарт жасасқан. Бұл қай мемлекеттер?
(by asaubota )

— Ағылшын сөздерінің басым бөлігінде «q» [кью] әрпінен кейін «u» [ю] келеді. Ерекше жағдай үндіеуропалық тілдерден келмейді, әдетте: мысалы, faqir [факир], qadi [кади], Iraq [Ирак]. Алайда, «q» [кью]-ден кейін «u» [ю] келмеген бір сөз сырттан енген болып табылмайды. Бұл сөзді сіз анық көрдіңіз, алты әріптен тұрады және он тоғызыншы ғасырдың соңында пайда болды.
(by MERmukhanov )

— Сағидолла Мұсақынұлының тақпағы:

Шебер-ақсың жұмысқа
Азық жинап қуысқа,
Қол жаймайсың «туысқа».

Тақпақтың бірінші шумағын атаңыз.
(by MERmukhanov )

Финалдық кезең сұрақтары:

— Бұл санды гректер мен римдіктер білмеген. Ал, көне мысырлықтар білген. Иероглифтерінде бұл санды қолдарын таңданыспен көкке көтерген адам кейпінде бейнелеген. Бұл қай сан?
(by asaubota )

— Бұл күн америкалықтардың әзілдеуінше АҚШқа шабуыл жасау үшін ең ыңғайлы күн екен. Тіпті 1984 жылдың 20 қаңтарында Роналд Рейганның инаугурациясы бұл оқиға үшін бір күнге шегеріліпті. Американ қорғанысын әлсірететіндей бұл қандай күн?
(by asaubota )

— Ортағасырдағы араб тарихшысы, саяхатшысы Масуди Жерді алып құсқа теңеген. Оның айтуынша құстың құйрығы – Африка, оң қанаты – Үндістан мен Парсы мемлекеті, сол қанаты – Яджудж бен Маджудж мекендеген жерлер. Ал, құстың көздері ше?
(by asaubota )

— Оның заты – атына қарсы. Бірақ оның бойында құрғақтық пайда бола берген сайын заты атына сай бола береді. Оның мұңды тағдырын еске ала отырып, оны атаңыз.
(by MERmukhanov )

— Сперанский Тобольск қаласына тарихшы досына сый жібере отырып, хатқа: «Саған уақыт және мәңгілік жіберіп отырмын» деп жазды. Жіберген түйіншегінде сағат және екінші сыйлық жатты. Қандай?
(by MERmukhanov )

— Мына суреттердің авторы ХІХ ғасырдың ортасында туылған. Оған КСРО және Қазақстанның пошта маркалары арналған. Сурет авторын атаңыз.
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 10/04/2016
(by MERmukhanov )

— 20 ғасыр соңы — 21 ғасырдың басында көше атауларын өзгертуден бұрынғы КСРО қалаларының ешқайсысы қашып құтылған емес. Сол кезеңде Ақмола қаласында Ленин көшесі Абай даңғылы, Октябрьская — Мұхтар Әуезов көшесі болып атала бастады. Ал осы қаладағы Совет Конституциясы көшесі қалай аталды?
(by MERmukhanov )

— 1996 ж. ақпанында көптеген америкалық газеттер бұл адамның портретін шығарып, мысалы, «USA Today» газетіндегідей: «Бұл адам адамзат нәсілі үшін тұрып бере ала ма?» дегендей тақырыптар қойды. Бұл кім адам?
(by MERmukhanov )

— 1850 жылдардың соңында Сатурн сақиналарын зерттеп болған Джеймс Максвелл басқа сақиналара жайлы ойлана бастады. 1858 жылғы мамырдағы Күн тұтылуынан соң, оның айтуынша, ол алдағы оқиғаның уақытын анықтаумен айналысып, шамамен – маусымның басы деген нәтиже алады. Бұл оқиғаны атаңыз.
(by MERmukhanov )

— Людовик XVI, граф Монте-Кристо, Петр I, кардинал Ришелье, Шерлок Холмс. Бұл адамдарды әдеби шығармалардан басқа не біріктіреді?
(by MERmukhanov )

— Сұрақ авторына, яғни маған мына факт әркез қызық көрінетін. Бірінші дүние екіншісінен бұрын ойлап табылғандығы.
Бірінші дүниенің қазіргі типтесін 1823 жылы Иоганн Деберейнер ойлап тапты. Ол химиялық процесстерге негізделді.
Ал қазіргідей Екінші дүние одан 3 жыл өткесін барып ойлап табылды. Джон Уокер 91 см-лік затты 1826 жылы ойлап тауып, 1827 жылы коммерциялық келісім-шартқа отырды.
Ол нәрселер бәрінде бола бермейді, бірақ көбінде бар.
Бірінші және екінші затты атаңыз.
(by MERmukhanov )

— Оның аумағы Флорида, Пуэрто-Рико және айталық, Гамильтон арасын құрайды. Гамильтон ненің астанасы?
(by MERmukhanov )
Бөлісу:

11 пікір

Marco
Кейбір сұрақтардың жауабын тауып тұрып, бірақ айтпай қойдық. Өкінішті, әйтпесе кешегіден де ірі есеппен жеңетін едік)))
asaubota
қайсылары еді? Інжіл? ана топ Самалға сенбей қойды бір рет
Marco
өшіргіш пен Інжіл
asaubota
ой, елки, жауаптарды айтып отыр екенбіз ғой :)
RaymbekEgemberdiev
Базар жоқ айырыпцастадыңыздар )) «Все проплачено» деуден басқа дау шығаратын ештеңе таппай отырқ негізі :)
ken
— Оның аумағы Флорида, Пуэрто-Рико және айталық, Гамильтон арасын құрайды. Гамильтон ненің астанасы?
аудармада қате бар ғой деймін. түсініксіз.

— Людовик XVI, граф Монте-Кристо, Петр I, кардинал Ришелье, Шерлок Холмс. Бұл адамдарды әдеби шығармалардан басқа не біріктіреді?
кино біріктіреді

— 1996 ж. ақпанында көптеген америкалық газеттер бұл адамның портретін шығарып, мысалы, «USA Today» газетіндегідей: «Бұл адам адамзат нәсілі үшін тұрып бере ала ма?» дегендей тақырыптар қойды. Бұл кім адам?
тырнақшадағы айтылған дұрыс аударылған ба? «тұрып» деп редьканы айтып тұр ма, әлде қалай? онша түсінбедім.

— Ортағасырдағы араб тарихшысы, саяхатшысы Масуди Жерді алып құсқа теңеген. Оның айтуынша құстың құйрығы – Африка, оң қанаты – Үндістан мен Парсы мемлекеті, сол қанаты – Яджудж бен Маджудж мекендеген жерлер. Ал, құстың көздері ше?
Мекке мен Медине

— Бұл санды гректер мен римдіктер білмеген. Ал, көне мысырлықтар білген. Иероглифтерінде бұл санды қолдарын таңданыспен көкке көтерген адам кейпінде бейнелеген. Бұл қай сан?
Мысыр иероглифтерінде қай сан белгіленгенін білмейм, бірақ римдіктер мен гректер 0 санын білмегендігін нақты білем,

— Сағидолла Мұсақынұлының тақпағы:

Шебер-ақсың жұмысқа
Азық жинап қуысқа,
Қол жаймайсың «туысқа».
тырбыңдаған құмырсқа/кіп-кішкентай құмырсқа/ай, құмырсқа, құмырсқа

— Неміс ғалымы Классен тас және темір метеоритердің құрлықтар бойынша жайылуын зерттеген екен. Зерттеулер бойынша Еуропа, Азия және Африка құрлықтарында тас метеориттер темір метеориттерге қарағанда көбірек кездесіпті. Ал, Америка мен Австралияда тең дәрежеде. Классен бұның неге бұлай екенін біледі. Ал сіз ше?
жоқ

— Ленинге қатысты алғашқы құжатқа Василий Умов атты священник және дьякон Знаменский қол қойған. Бұл қандай құжат еді?
шоқындырып, сосын азан шақырып атын қойғанын тіркеген шығар, діни қызметкерлер болғанына қарағанда
MERmukhanov
1-сұрақ аударылған емес.
Сұрақ қазақ тілінде құралды және осылай оқылуы тиіс :)
ken
Сонда Гамильтон деген астана шекарада орналасқан ба?

«Адамзат нәсілі үшін тұрып бере алады» дегені не сөз? *lol*
ken
сонымен дұрыс жауаптары болады ма?