Мен тамашалаған Тараз-2(тараздықтар)

Қай халықтың болмасын салт- дәстүрі, әдет-ғұрпы ұрпақ тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратыны белгілі. Сол секілді әр аймақтың, әр қаланың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан қағидалары мен ережелері, халқының өзгешеліктері мен қасиеттері болады. Мен тамашалаған Тараз халқының қонақжайлығын, сыпайылығын, басқа аймақтардағы халықтардан өзгешелігін тізіп жатпай, бір оқиға жайлы айтып берейін. Блог - abilbekova_inabat: Мен тамашалаған Тараз-2(тараздықтар)
Біз Тараз жеріне барған күні «Аңшылық» атты жарыс өтіп, блогқұрылтай тамаша екпінмен басталды әрі блогшылардың қызығушылығын арттырып, олардың біраз жылдамдықтары сыналды. Ережесі: ұйымдастырушылар жұмбақ жасырады, ол жұмбақ Тараз қаласында орналасқан белгілі бір ескерткіштер жайлы болады. Ал блогшылар сол ескерткіштерді тауып, фотоға түсіріп, инстаграмм желісіне салу керектұғын. Сол сәтте ескерткіш іздейміз деп, әркім өз бетімен кетті. Менде жерлестерімнен, таныстарымнан жырақтадым. «Аңшылық» бітіп, бәрі үй -үйіне тарағанда, адастым да қалдым. Такси ұстап барайын десем, жалдаған пәтердің мекенжайын білмеймін. Бұл маған сабақ болды, енді барған жерімнің адресін қарап жүретін болдым. Әйтеуір пәтердің әкімшілік ғимараты жақта екенін білемін, қалғаны есімде жоқ. Ойым — әкімшілікті көрсем болды. Өзімше талпынып, іздеп көріп едім, болмады. Мүлде алыстап кеткен сияқтымын, көше жаққа емес, үйлердің арасына кіріп кеткем. Енді қайттім?.. Жасыратын түгі жоқ, біздің қоғамда оңтүстіктің адамдары қызба, қызуқанды деген стереотип қалыптасып қалған. Мен Таразға барам дегенде, үй-іші, таныс-туыстар «масқара, байқа, басқа қаладан келгенінді айтпа, олар дереу алып қашады»(күлдім) деп, қара аспанды төндірген. Бұл болмайды, алып қашпақ түгілі мені жасырып қойса да, көшедегі кез келген адамнан жол сұрауға тиіспін. Сөйтіп, 28-35 жас шамасындағы бір ағай кетіп бара жатыр екен, неде болса бар батылдығымды жинап, әкімшілік қайда екенін сұрадым. Ағай сол маңайда тұрады екен. Үйіне кірмей, маған «міне, былай жүреміз» деп соңынан ерітті. Менің ойым сан-саққа жүгірді, шытырман оқиғалы фильмдерді көп көргенмін бе, өз бетіммен қобалжып, қара терге түстім. Бірақ білдіртпеуге тырысып-ақ келем. Екеуміз әңгіме айтып келе жатырмыз, менің түрімнен көрініп тұр ма, білмеймін, қай қаладан екенімді сұрады. Қаламды айттым, болашақ журналист екенімді 3-4 рет айтыппын ғой, бірдене болса, жазып жіберемін дегендей))) Көзді ашып-жұмғанша ағайым әкімшіліктің дәл алдына әкелді. Әрі қарай жалдаған пәтерді таба алатыныма көзін анық жеткізіп, күлімсіреді де, жөнімен кете барды. Ағайдың жылы жүзі есімде қалды, ең бастысы таза қазақша сөйлегені құлағыма майдай жақты. Ең қызығы, бейтаныс ағайдың есімін де сұрамаппын. Бірақ, Тараз жайлы естеліктердің ең қызықты, мейірімді бөлігі болып қала бермек. Сонымен қатар, қоғамдағы стереотиптің қате екенін айтқым келеді. Тараз халқы — сондай қонақжай, мейірімді, сыпайы және салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты берік ұстанған аймақтардың бірі. Кез келген қала тұрғынының көбісі жол немесе жөн сұрасқанда орыс тілінде жауап беретіні — ащы болса да шындық. Ал мен кездестірген бейтаныс жан қазақша таза, әдемі, сыпайы жауап берді. Сол үшін бе, бір жанның сөзінен, қылығынан барлық тараздықтарды көргендей болдым. "Әйтеуір жүздерінде жылылық бар, тараздықтардың қайсысымен кездессем де".
Бөлісу:

10 пікір

alya
Тараздықтар шынымен де өте қонақжай xалық! Маған қатты ұнады. Өз басым ризамын)))))
abilbekova_inabat
иә, сізбен толықтай келісемін)
JAKO
Өз қалаң туралы жақсы пост оқу деген де ғанибет екен.
abilbekova_inabat
Бір марқайып қалдыңыз ба?)
MERmukhanov
Екі номинацияны қатар ұтқың кеватр ма не?))
abilbekova_inabat
Әлі Тараз қаласының дамуы туралы жазам ба деген ойым бар))))
DinaAbdigalieva
Тараздың тұрғындары жап-жақсы екен. Бұйыртса, жазамын. Қаз уақытым өзіме қарсы шыққандай, былай тартсам да жетпей жүр. :)%)
AyauIbrahimova
Жарайсың! Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын! Біреулердің өтірік əңгімесін жоққа шығарып, шын іспен көрсеттің. Енді тағы біреулер осындай əңгіме айтып жүрсе, сенің жазбаң (оқиғаң) дəлел болары хақ.
abilbekova_inabat
Рақмет, көп-көп! Басқаларға көмегі тисе, мен әрине қуаныштымын))