Абылайханның апайы

Әбішева Дана Төлеубекқызы — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының тумасы. 2010 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің «Химия» факультетін тәмамдап, Абай қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясына химия пәнінің мұғалімі боп қызметке кіріседі. Болашақ чемпионмен осы қызметінде жүріп танысады… 5 жыл аталмыш мектепте жұмыс істейді, осы жылдар ішінде ол Абылайхан Жүсіповтің сынып жетекшісі де болады.
Блог - aza: Абылайханның апайы

Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан олимпиадалық лицензиялық турнирдің алтын медалін ұтып, Рио де Жанейродағы Олимпиялық ойындарға жолдама алған 18 жасар ұлдың апайына бір екі сұрақ қойған едік. Әңгімеміз Абылайханның үш-төрт жыл бұрынғы оқушы кезі туралы өрбіді.

— Сәлем, Дана! Абылайханның ортақ жеңісі құтты болсын. Сынып жетекшісі екеніңізді естіп біліп жатырмыз, талантты шәкіртіңіз туралы бір екі сұрақ қойғым келген. Абылайханмен таныстығыңыз қашан басталды?
— 2010 жылы Абай қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясына жұмысқа жаңа келген бетім еді. Абылай осы мектептің 9 «А» сыныбында оқиды екен. Мен оларға химия пәнінен сабақ бердім. Шынымды айтсам, сол жерге барғанша естіген емеспін, Абылайхан сол кездің өзінде бірнеше жасөспірімдер біріншілігін ұтқан боксшы екен. Енді мен спортшыларды білмейтін адаммын ғой, бірақ, Абылайханды мектепте қатты құрметтейтін, үміт күтетін. Бірақ, бала өзін тым сабырлы, салқынқанды ұстайтын. Барлық сабақтан үлгерімі өте жақсы болды.
Блог - aza: Абылайханның апайы

— Жастайынан спортқа құмар бала ғой, ал, сабаққа ынтасы қалай еді, қай пәнге қызығушылығы басым еді?
— Иә, рас айтасыз, Абылайхан өте кішкентай кезінен қолғап киген бала ғой. Десек те, оқуына да ынтасын, қызығушылығын жоғалтқан емес. Мен білетін Абылайдың үлгерімі барлық пәндерден жоғары болды, Абай мектебінің атын аудандық пән олимпиадаларында да сәтті қорғады.
Блог - aza: Абылайханның апайы

— Рингтен тыс уақытта, мектепішілік шараларда қандай ерекше қасиеттерін байқадыңыз?
— Ерекше қасиеттерін айта алмаймын. Мектептегі көп баланың бірі. Өзінің түрі де көп ерекшелене бермейтін, таза қазақы келбет қой. Көздері қысылып, әзілдегенді ұнататын. Іссапарларда, яғни жарыстарда көп жүретін еді. Кластастары сағынады ғой, әңгімелері де қызық қой, ел көреді, жер көреді. Баланың аты бала ғой бәрібір, өте қарапайым, кішіпейіл…
Блог - aza: Абылайханның апайы

— Абылайханның сыныптастары, ерекше сезім білдерген қыздары болды ма? Сынып жетекшісі болдыңыз ғой, байқаған боларсыз…
— Ооо, жоқ:) Ондайын білмедім:) Бірақ, Абылайханды ерекше ұнататын жоғары сыныптың қыздары болды:) ОЛ енді өткен күннің әңгімесі. Ал, сыныптастарының сыйластығы ерекеше болды. Олар Абылайды өзінің кластасы деп емес, кәдімгі батырларша құрметтейтін. Таңғаласыз, әрине, бірақ бұл шындық! Олардың арасында Абылайханның бала кейпін көруші едім. Бәрімен қарым-қатынасы жақсы болды, ешкімді алаламайтын.
Блог - aza: Абылайханның апайы

— Қазір араласып, хабар алмасып тұрасыздар ма?
— Сырттай ғана тілекшімін, инстаграмда пікір жазып, әр жеңісіне құттықтау жіберем. Ол да танып, «рахмет, Апай» деп жатады, жетеді сол маған! Мен бір аз уақыт қана сынып жетекші болдым. Сол кішкентай кездің өзін мен мақтан тұтам. Мүмкін, «мен Оимпиада чемпионының ұстазымын» деп өмір бойы мақтанып өтетін шығармын:)
Блог - aza: Абылайханның апайы

— Ооой, қандай тәтті арман еді! Тілегіңізге жетіңіз, Дана!
— Рахмет Сізге де! Қай сайтқа шығады?
— Керекинфо деген сайтқа…
— Іммм, білмим екен, ссылкасын жібересіз ғой…

02.04.2016
Бөлісу:

2 пікір