Мен тамашалаған Тараз-1(Тарих)

Қазақстан тәуелсіздік жолында сүрлеуден де, соқпақтан да өтті. Тығырыққа да тірелді, кейде еркіндіктің саңылауы көрінгендей болды. Құлдырады да, шарықтады да. Осы қиындықтар кезінде Алаш жұрты ғана емес, табиғаты әсем, жері құнарлы, шырайлы өлкелер де біраз тарихи оқиғаларды бастан кешірді. Сол әрбір тасы, суы, құмы тағылымды тарихтан сыр шертер, киелі өңірлердің бірі — Тараз қаласы.
Блогқұрылтайдың арқасында жол түсіп, Тараз жеріне баруға мүмкіндік туды. Әулиеатаға сапарымнан көрген-түйгенімді сіздермен бөлісуді жөн көрдім.
Шежірелі қалада саяхатымызды Көне Тараз жерінен бастадық. Көне Тараз жері бұрын базар болған екен. Кейін археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу мақсатында базар қаланың басқа бөлігіне көшірілген.Блог - abilbekova_inabat: Мен тамашалаған Тараз-1(Тарих)Археологиялық қазба жұмыстары кезінде 30 мыңнан астам зат табылған. Заттай деректер Көне Тараз жерінің астында бұрын монша, мешіт, медрессе болғанын дәлелдейді. Дәлел болған заттарды көру үшін «Аспан асты мұражайына» бет алдық. Қазба жұмыстарынан табылған заттардың қайсысы болмасын белгілі бір тарихты баяндағандай. Мәселен, 1969 жылы алғаш Есік қаласынан табылған 17-18 жасар Алтын Адам макетінің жанында құмыралары, ыдыс-аяқтары мен қару-жарақтары бірге жерлеген. Себебі, о дүниеде де қажет деген наным-сенім болған.Блог - abilbekova_inabat: Мен тамашалаған Тараз-1(Тарих)Сонымен қатар, адамдар және жануарлар әр түрлі деңгейде жерленген. Ол — теңсіздіктің болғанының дәлелі. Блог - abilbekova_inabat: Мен тамашалаған Тараз-1(Тарих)
Көне Тараз жерінде жаудан қорғану үшін әрі төңіректі бақылап, шарлап отыру үшін "Қарауыл мұнарасы" болған. Аталмыш мұнара қазіргі таңда заманауи үлгіде қайта салынып, «Биіктен бақылау мұнарасы» деп аталған. Мұнарадан көрінген қала алақандағыдай болды да қалды.Блог - abilbekova_inabat: Мен тамашалаған Тараз-1(Тарих)Сонымен қатар, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайын да араладық. Мұражай үш павильоннан тұрады: «Ежелгі түрік жазбалары және ежелгі түрік тас мүсіндер мұражайы», "«Тараз-2000»қаласы тарихының мұражайы" және «Л.В. Брюммердің көркемөнер мұражайы». Ғимаратта ежелгі дүниеден бастап, қазіргі заманға дейінгі заттар хронологиялық реттілікпен орналасқан. Ежелгі түркілер Көк Тәңірге, жерге, суға табынып, сенгені бәрімізге белгілі. Соған орай, маңызды құдайлардың бірі — Ұмай ана және ежелгі адамдардың балбал тастағы мүсіндері сақталған.Блог - abilbekova_inabat: Мен тамашалаған Тараз-1(Тарих)Блог - abilbekova_inabat: Мен тамашалаған Тараз-1(Тарих)Ең қызығы, тастарда ерлер мен әйелдер бірден ерекшеленеді: ер адамдарда қолында қару жарақ, түстері суық болса,әйел адамдар орамал таққан, әрі сондай мейірімді бейнеленген. Одан кейін, археологоиялық қазба жұмыстарынан табылған қыш ыдыстар, құмыралар, керамикалық ыдыс-аяқтарға көз жүгірттік. Әрі қарай «Л.В. Брюммердің көркемөнер мұражайындағы» тамаша картиналардың куәгері болдық.Блог - abilbekova_inabat: Мен тамашалаған Тараз-1(Тарих)Блог - abilbekova_inabat: Мен тамашалаған Тараз-1(Тарих)Суретші Леонид Брюммер Украинада дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысында Павлодар жеріне жер аударылады. Сол кезде салған суреттері мұңды, бұлтты, тұман, лай, жаңбырлы болып келеді. Неге? Себебі, туған жерін аңсайды. Кейін Жамбыл обылысына өз еркімен келеді. Мұражайда безендіруші болып жүріп, Тараздың тамаша табиғаты көрінетін туындыларды жарыққа шығарады. Қайталанбас картиналар Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылады. Мұражайда суретшінің 1000-нан астам картиналары сақталған. Ешбір мұражайда бір адамның 1000-нан астам туындысы жоқтың қасы. Сондықтан да, Тараз қаласының мұражайы осы жағымен де ерекшеленеді.
Иә, тарих десе, бәріміздің есімізге Тектұрмас, Қарахан, Айша бибі, Бабаджа қатын кесенелері түседі. Ертедегі сәулет өнерінің ескерткішері қазіргі таңда өңделіп, қайта тұрғызылған. Айша бибі кесенесінде қаланған керамтикалық плиталардың ою-өрнегі 62 түрлі екенін өз көзімізбен көріп таңқалдық. Кесенені тұрғызған сәулетші өз атын қалдырмаса да, Айша анамыздың мазарын салып, сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсетіп кеткен. Айша бибі кесенесіне барғанда, еріксіз көзіме жас келді, ойыма мына шумақтар орала берді:
"Қанша рет қанша тұрды жырлы дала?
Жадына жазған жалғыз күн-ғұлама!
Бабамның куәсіндей Айша-Бибі,
Қадалған құбажолға бір мұнара."
Жалпы, тарихқа толы қаланы аралап, біраз дүниені өз көзіммен көрдім. "Өткен күннен алыс жоқ", дегенмен, тарих қойнауында қалған алыс жылдарға, ғасырларға жақындағандай болдым. Жақындай түсірген — киелі Тараз жері. Киелі қала жастардың тарихи санасын оятуға, олардың рухын көтеруге, мемлекетшілдікке тәрбиелеуге септігін тигізеді, бабадан қалған мұраны қадірлеуге, оны көздің қарашығындай сақтауға, келер ұрпаққа аман-есен табыстауға жетелейді. Қорытындылай келе, Тараз — бұл Қазақ хандығы құрылған құтты мекен.
Тараз — 2000 жылдық тарихы бар көне шаһар.
Тараз- бұл Айша бибі, Қарахан, Бабаджа қатын, Тектұрмас, Ақыртас.
Тараз — кешегі мен бүгінгіні жалғап тұрған алтын көпір.
Тараз — жайқалған жасыл даланың көрінісі.
Тараз — бұл туризм индустриясын дамытатын бірден-бір өлке.
Бөлісу:

8 пікір

alya
Иәәә, керемет және таза қала! Тариxы терең Тараз шаһарын өз көзімізбен көргенге не жетсін… Ғимараттары да өте әдемі, көз тартады. Қазақстандағы ең жасыл қаланың бірі десем артық айтпаспын?!)))))
abilbekova_inabat
Иә, өте таза қала. Әрине артық емес)))
Sarsembekovna
Сізбен толықтай келісемін. Əрине, бұл елді мекенді қалай мақтасаң да тұрарлық. Өйткені, тарихы терең Тараз қаласын өз көзімізбен көріп келдік. Тамашаладық, таңырқадық, тамсандық. Көне Тараздың кесенелері, ескерткіштері, мұражайлары ауыз толтырып айтатындай болсақ өте керемет. Тазалыққа толы — жасылды мекен!
abilbekova_inabat
Иә, өз көзімізбен көргенге не жетсін)
DinaAbdigalieva
Инош, гооу Таразға. Алғаш барғанмын. Өзіме қатты-қатты ұнаған:j
AyauIbrahimova
Тарихта алтын əріппен қалған көне Тараз қаласы туралы айта берсең көп. Тарихы сонау тереңде жатқан қала шынымен де үлкен əсер қалдырды. Бұрын тек кітап беттерінен ғана оқыған кесенелер мен тарихи орындарды өз көзімізбен көріп бір қуанып қалдық. Таза əрі жылы, шырайлы қала. Мың рет естігенше, бір рет көрген артық қой. Осы жазбалардың да тарихта қалмауына кім кепіл.
abilbekova_inabat
Өте дұрыс айттың, Аяулым, тарихи қаланың айта берсең тағлымы көп. Өз көзімізбен көрген, ол бөлек әңгіме. Ал бұл жазбам тарихта қалуға жазғай!)