Блогқұрылтай болады деген соң барып келдік...

КІРІСПЕ

Негізі біз ше, к*т ашығыш халықпыз. Біреу бірдеңе жасаса да жақпаймыз, біз жасаған нәрсені біреу сынаса да жақпайды. Нейтрал ұстаным жоқ. Не алқашпыз, не уақап фанатикпіз…

Блог - kozildirik: Блогқұрылтай болады деген соң барып келдік...

МЕН ҚАЛАЙ ЖӘНЕ НЕ ҮШІН БАРДЫМ?

Ел сияқты. Естідім. Тіркелдім. Бардым. Достарымды көруге. Пікір алмасуға. Болашаққа наполоендық жоспарлар құруға. Мен осы күнді күтемін. Рас, ырду, дырду, ішіс, қыдырыс, таң қарсы алу көп болады, бірақ аудиториядағы «Мен қарапайым адаммын, 14 мың ғана подпсичигім бар» деген сияқты лайк пен пафосқа толы әңгімелерден көрі, сол сырахананың әңгімелері қайда пайдалы сияқты.

НЕ КӨРДІМ?

Жылдағы әңгімені. Алдағы жылы Қарағандыдағы блогқұрылтайда жазған едім, сол формат өзгермеген. Әкімдіктің ұйымдастырғаны жақсы ғой, тіпті өте жақсы. Бірақ бұл классикалық түсініктегі блогерлердің бас қосып, стратегиялық жоспар құратын құрылтайы емес. Негізі мен оған моральдық тұрғыда дайын болып барғанмын. Сондықтан еш ашусыз, понтсыз, просты ақпарат ретінде жазып отырмын.

ҚАНДАЙ ПЛЮСІ БОЛДЫ

КерекинфоПати құрылтайдың ең басты плюсі болды. Клоут туралы әңгімелестік. Бас жазып отырып әлеуметтік желі психологиясы туралы пікір алмастық. Айтпақшы сол әңгіме арасында "ӘЖ белсенділері тобыр" деген қортындыға келдік. Жалпы блогосфераға қатысы бар, жоқ біраз мәселер туралы жоспар құрып, жоба талқыладық (ақша табу мәселесін қарастырдық). Одан тыс отдуши ән айтып, табан түскенше биледім.

МИНУСТАРЫ

Осы аталғаннан қалғандарының бәрі. Банкет болған залда танымайтын адамдарды көп көрдім. Көбі жастар. Менің танысқым келді. Бейресми. Таныстым да, бірақ ортақ тақырып болмай шықты. 80 пайызы блог жүргізбейді. Көбі ВК да отырады, Фейсбуктің өзіне құрылтайдан екі күн бұрын тіркелген. Мүмкін ФБ тек селфиге толып кетті деген пікір осыдан қалыптасқан болар. Көпшілік адам селфи түсіп, лайк жинап, эгоны қанағаттандыруға келгендей көрінді. Айтпақшы әкіммен кездесуде жеке блог жүргізбейтін, бөтен аккаунтпен клоутта үздіктер қатарында жүрген бір кісі «Жалпы қазақ блогерлерінің атынан» алғыс айтыпты.

МЕНІҢ НЕ АЙТҚЫМ КЕЛДІ

Ештеңе. Жылағым да келген жоқ. Ешкімді жамандағым да. Просто такую идеологию распоганили бля…

ТҮЙІН

Мен енді осындай блогқұрылтайларға бармаймын. Көңілжықпастықпен барсам да тек ішіп, қыдырып, ешкім видеоға түсіріп алмайтын жерде билеп қайтамын.
Бөлісу:

8 пікір

Basic
толық болмаса да 90 пайыз қосыламын
kozildirik
Ну наконец то, бірдеңемен келістің))))
ken
Бәлкім жыл сайын емес, араға бір-екі жыл салып өткізу керек шығар? Жыл сайын жиналып не айта беруге болады дегендей.
kozildirik
Егер форматы дұрыс болса жылына екі үш рет те өткізуге болады. Қазір ақпарат заманы, жылдам хабар алмасып тұрмаса болмайды
ken
Түсінікті.
Просто мен мәселеге "Құрылтай" деген атауына байланысты қараппын.
asaubota
біз үшін жақсы өтті ғой ;)
kozildirik
Оны плюстеріне жаздым ғой)))
merekeee
Фейсбуктің өзіне құрылтайдан екі күн бұрын тіркелген
Фейсбук пен блог, құрылтай бір-біріне тікелей байланысты ма?