Бол жағымды

Өлеңнің «өңін айналдыруға» онша жоқпын. Тек, мына ән өзі сұранып тұр…

Басыңа сәл бақ қонғанға,
Сенің атың мақталғанға,
Арайланған ақ таңдарға
Көңіл сонша мас болған ба?

Сен бар ма ең тек менде
Келмейтін шектеуге?
Жадырап көктемде
Нұрымды төккенге,
Көңілің күз болып
Күңіреніп кеткен бе?

Өмірді сүргенде
Қуанып күлгенде
Жамылып мұң көрпе
Жабырқап жүргенде.
Ұйқысыз түндерде
Көңілсіз күндерде
Бол жағымды!

Беделің жер баспағасын,
Шыңға шықсаң — мастанасың.
Өмір сені көтеріп кеп
Құздан төмен тастамасын!


P.S.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше