Ұялы телефонның адам өміріне әсері

Бұл постым ұялы телефон жайлы болмақ. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Еңбектеген сәбиден, еңкейген қартқа дейін құлақтарына телефон тосып, күндіз-түні тыным таппай сөйлесумен әлек. Бұрын тек қалталы адамдардан ғана көретін болсақ, ал қазір әрқайсысының қолында кемінде екі ұялы телефоннан, тіпті кішкентай сәбилердің өзі қолдарынан ойыншық секілді тастамайды. Қарап отырсақ телефонсыз күніміз жоқ сияқты. Жатсақ та, тұрсақ та, отырсақ та қолымыздан телефонды тастамаймыз. Рас, оның ішінде бізге керекті мәліметтің барлығы бар. Мәселен: күнтізбе, есептеуіш, сағат, суретке түсу, ұнаған әніңді көшіру, тыңдау және т.б. Осы кішкентай заттың көмегінсіз еш нәрсе шеше алмайтын сияқтымыз. Тіпті, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ телефон арқылы тауып аласың. Ұялы телефонның пайдасы да, зияны да бар. Алайда, қаншалықты адам өміріне зиян екенін біле бермейміз. Америкалық мамандардың зерттеген мәліметі бойынша мынандай ақпаратқа көзім жетті.
1. Ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды, танымдық көз-қарасы төмендейді. Ашушаң болып келеді, тез шаршап, жүйкесі құриды. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді.
2. Адамдар пойызда, қоғамдық көлікте, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл дегеніміз адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Мұның соңы мидағы қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соқтырады.
Айтайын дегенім, күндіз-түні ұялы телефонмен жүрудің қажеті жоқ. Керек мәліметіңді көргеннен кейін телефонды көз алдынан ысырып қойған абзал. Керісінше, кітап оқып, серуендеп, уақытынды тиімді өткізіп, айналаңдағы адамдарға көңіл бөлгенің жөн. Және де телефонмен сөйлесетін кезде құлаққап (наушник) тағып алған дұрыс екен. Егер де денсаулықтарыңыз бірінші орында тұрса, жазған мәліметімнен ой түйесіздер деп ойлаймын.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше