Дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның xал-аxуалы қандай?

Ұялы телефоныма қажетті заттың барлығын Орталық Әмбебап Дүкеніндегі (ЦУМ) сатушы болып жұмыс істейтін танысымнан сатып алатынмын. Әрине, таныс болғаннан кейін әр барғанымда түрлі жеңілдіктер жасап, кеңпейілдік танытып жатады.%) Қазіргі дағдарыс кезінде студент үшін бұл кішкене болса да жеңілдік. Өткен аптада аталмыш дүкендегі досымды іздеп тағы бардым. Бұл жолы телефоныма қуаттандыратын құрылғы сатып алмақшымын. Зәулім ғимараттың ең төменгі қабатына түсіп, таныс досымның шағын дүкеншегіне келдім. Бірақ, сатушы орнында жоқ екен. Әрине, күтуден басқа еш шарам болмады. Уақыт өткізбек болып дүкеннің әр қабатын аралап жүріп ойыма түрлі сауалдар келді. Қоғамда орын алып жатқан үлкен дағдарысқа қарамастан дүкеннің іші тұтынушыларға лық толы екен. Осы бір күрделі әрі өзекті сұраққа осы xалық не дер екен деген ой келді сосын. Әсіресе, жастар қауымы. Уақытым зая кетпеу үшін сауалнама жүргізуге бел будым. "Қазіргі елдегі дағдарыс сіздің өміріңізге қаншалықты әсер етуде?" деген сұрағымды негізгі тақырып етіп сауалнама алуға кірістім. Менің бұл сұрағымды естіген жұрттың көбі жауап беруден бас тартып, ат тондарын ала қашты. Бірі естімегенсіп төмен қарап, енді бірі елемей өте шыққандары да болды. Менің сауалым оларға тым қиынға соқты ма екен әлде? Бір-екі ауыз сөзбен тіл қатса, кетіп бара жатқан ештеңелері жоқ. Бұл жағдайдан кейін қазақ жастарының бір кемшін тұсын байқағандай болдым. Бір ауыз сөзді айтуға тілдері күрмеліп, беттерін басып ұялып жатты. Сөйтіп, неге жауап бермегендері мен үшін беймәлім күйде қала берді. Қайтсем де 4-5 адамнан сұрағыма жауап алуым керек деп мен де алған бетімнен қайтқан жоқпын. Әйтеуір дегенде, әйпіремдеп жүріп төрт адамнан жауап алдым-ау.
Бейтаныс жан: Қазіргі доллардың еркін қалықтауы уақытында Қазақстанның жағдайы тұрақсыз деп ойлаймын. Себебі кез келген жұмыс орнын қарасаңыз да барлық жерде қысқарту жүріп жатыр. Соған қарағанда қиын тиетін сияқты.

Ару қыз: Менің ойымша Елбасымыздың «Нұрлы жол» бағдарламасында дағдарыстан шығу жолдары қарастырылған. Сол себепті біз сабыр сақтап, қолдау жасауымыз керек деп есептеймін өз басым.

Ер жігіт: Жалпы жағдай жаман емес, осы күнге жеткізіп отырған елбасымызға рақмет.

123: Қазіргі таңда Қазақстанның жағдайы тұрақсыз деп ойлаймын.

Ал сізге қазіргі дағдарыс қаншалықты әсер етуде?
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше