Саусақтар арқылы адамның мінезін анықтау

Адам мінезін саусағына қарап тануға, білуге болады. Сана мен дене бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан да, адамның мінезін, қасиеттерін оның сөздеріне ғана емес, сырт келбетіне қарап та анықтауға болады. Сондай әдістердің бірі — саусақтарды зерттеу. Британиялық ғалымдар бұл тақырыпты зерделеп, тұжырымдап, мынадай қызықты фактілерді анықтады.
Екінші және төртінші саусақтардың ұзындығына назар аударыңыз:Блог - Sarsembekovna: Саусақтар арқылы адамның мінезін анықтау
А. Төртінші саусақ екіншіден ұзынырақ болған жағдайда:
Саусақтары мұндай адамдар — батыл, шешім қабылдауға жүрексінбейтін, жиі тәуекелге баратын жандар. Олар — ақылды, логикасы дамыған адамдар. Сонымен қатар, бұл жандар өзгелерден гөрі көбірек ақша табады. Саусақтары мұндай қыз бала әлі тұрмыс құрмаған болса, жақсы жанға тұрмысқа шығады.
В. Төртінші саусақ екіншіден қысқа болған жағдайда:
Саусақтары мұндай адамдар тәкаппар болады. Көңілі тоқ болғандықтан, өздерімен-өзі болғанды жақсы көреді. Әдетте, мұндай адамдар бірінші болып ұсыныс жасамайды. Бұл тек махаббатқа ғана емес, бизнеске де қатысты. Бірақ айтылған фактілерге қарамастан, өзіне деген назарды бағалайды және мақтау, қошемет сөздерді қабылдай біледі.
С. Төртінші мен екінші саусақтардың ұзындығы бірдей болған жағдайда:
Мұндай адамдар өте мейірімді, әрі көңілі ашық болады. Олар ұрыс-керісті ұнатпайтындықтан, кикілжің тудыратын жағдайлардан аулақ жүруге тырысады. Бұлар тазалық пен тәртіпті жақсы көреді. Кез келген адаммен тіл табыса алады.
Ендеше, сіз бұл айтылғандармен келісесіз бе?
Бөлісу:

16 пікір

Kutpegen-konak
ООО Қалай күшті. Қызық ақпарат екен.
Sarsembekovna
Иə, қызықты. Сізге ұнаса болды.
Ispek92
Басқаларға ше?
DanaKuntuganova
В-ға келеді саусақтарым. Өзім жайлы біраз ақпарат білдім десем болады) Бірақ тәкаппар деген артықтау сияқты)))
Sarsembekovna
Менің постым арқылы өзіңіз жайлы ақпарат алғанынызға қуаныштымын.
naziko
Менікі С- ға сәйкес. Бірақ ұрыс- керісті ұнатпаймын, бірақ жиі ұшырасамын)
Sarsembekovna
Ұрыс-керісті ұнатпағаныңыз дұрыс, бірақ та қандай жағдайда жиі ұшырасып жатасыз?))
MickThatsMyNick
А нұсқасына сәйкес :)
Sarsembekovna
Менікі де А нұсқасы)))
merekeee
Сол қолым А нұсқасындағыдай да, оң қолымның саусақтары бірдей :) Анықтаманың екеуі де келеді екен.
Sarsembekovna
Жақсы болған екен сəйкес келгені.
ken
Алақандағы линиялар туралы жаз
DinaAbdigalieva
Менікі С болды, бірақ ондайларға аса қатты сене бермейді екенмін:J
gul_satibaldi
adme-дан аударып, сала бермеңдершищ. Өздерің ойлап тапсаңдаршищ
BalgynBalgyn
менікі А. Тұрмыс құрып қойғандары, жолдасының жақсы екеніне күмән келтірмеуі қажет па, автор?