"Болашақ телевидениенікі" келісесіз бе?

Орысшадан аударғам, жобасы солай сияқты))
— Ал сіз телевиденияда бұрыннан бері жұмыс істейсіз бе?
— Екі жыл.
— Бәлкім, өте қызықты шығар?
— Өте. Жалпы сіз білесіз бе? Түптің түбінде тв бүкіл адамзаттың өмірін өзгертеді. Ештеңе де болмайды. Кино да, театр да, кітап та, газет те. Тек жаппай телевидения.
— Сіз қызбалыққа беріліп кеттіңіз. Театр, бұнымен келісемін, шынымен де жойылуы мүмкін. Бірақ, кіно, кітап ше?
— Жиырма жылдан кейін менің сөзімді еске алатын боласыз!
«Мәскеу көз жасына сенбейді» («Москва слезам не верит») фильмінен.
Шыны керек қазіргі өсіп келе жатқан жасөспірімдер театрдан көрі киноны, кітаптін орнына ғаламторды таңдайды. Тіпті көк жәшікті көретіндері де шамалы. Әрине, көпке топырақ шашпаймын…
1. Ал сіз соңғы рет театрға (қойылымның аты) қашан бардыныз? 2. Соңғы оқыған немесе оқып жатқан кітабініз (кітаптін аты) қандай? 3. Жаңалықты теледидардан көресіз бе? Әлде әлеуметтік желіден оқып, біліп аласыз ба?
Бөлісе отырыңыздар!
Бөлісу:

5 пікір

Sarsembekovna
1. Қашан театрға барғаным есімде жоқ.
2. Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе" кітабы.
3. Негізі әлеуметтік желіден көремін, бірақ анда-санда теледидарды да қарап отырамын.
alya
Театрға 1-2 жылдай бармағанға ұқсайсыз))
Sebastian
Студент кезімде қинап апаратын театрға. Шүкір, оқу бітіргелі бармаппын
alya
Шүкір? Сонда сізге театр несімен ұнамайды? Керісінше театр тынығып, руxыңыздың тазаратын мекені емес пе?!