Ауруын жасырған - өледі
Осыдан екі жыл бұрын жарияланған мақала.
Журналистика мамандығын таңдағандағы мақсатым – ана тіліміздің дамуына үлес қосу болатын. Келешекте қоғамға пайдалы маман иесі болып шыға аламын ба деген ой келді. Менің байқағаным қазақтың тілі әлі де төрге озбай тұрған сияқты. Осы жылдың 12 қыркүйек күні Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында халқымызға танымал біртуар тұлға, Қазақстанның халық жазушысы, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері Мұхтар Шахановтың «Ғұмырдария» атты поэзия кеші өтті.
Кешті ұйымдастырушы – мәдениет саласындағы аға-апаларымыз. «Тілдер күні» мерекесіне арналған кештің өтетіндігі, оған қазақ халқының біртуар, танымал тұлға, тіл жанашыры Мұхтар Шаханов қатысатыны жөніндегі хабарламасы халыққа жетпеді ме, әлде қазақ халқының өз тіліне деген енжарлығы ма, әйтеуір, көрермен залындағы бос орын көп болды. Кеш өте тартымды өтті. Мұхтар Шаханов ағамыздың сөзіне жазылған әндер шырқалып, жүректі тебірентер өлеңдері оқылды. Кештегі ерекше әсер қалдырған жай кіп-кішкентай бүлдіршін, не бары төрт жастағы Шәймерден Әскеннің ақын өлеңдерін жатқа оқуы болды. Ақынның өлеңін жатқа оқымақ түгілі, біздің қатарымыздағы студенттер арасында Мұхтар Шахановтың кім екенін білмейтіндері де бар.
Әрине, бүгінгі заман ғаламтордың дамыған кезеңі. Жастар өз қажетін ғаламтор арқылы іздеп тауып, тәжірибе алмасып жатады. Ғаламтор арқылы ойларын бөліседі.
Менің ойымша ғаламтор – «үнсіздік әлемі». Адам бір-бірімен сөйлесу арқылы өз ойын толық жеткізіп, тілін шыңдай түседі емес пе? Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып есептелгенімен, қоғамда өз деңгейінде қолданыста жоқ. Қолында билігі бар бастықтар сөздерін қазақша бастап, содан кейін үйреншікті орыс тілде ұзағынан көсіліп сөйлейді.
Қазіргі жастар бір-бірімен қалыптасып кеткен орыс тілі арқылы пікірлесіп, ой бөлісіп жатады. Сонымен қатар, ғаламтордағы ой-пікірлерін де көбінесе орыс тілінде білдіреді.
Байқап отырсам, «Тілдер күніне» байланысты өтетін мерекелік шараларда көз бояушылық байқалады. Қазақ тілін жетік білетін басқа ұлт өкілін халық алдына шығарып, «Міне, көрдіңіздер ме, қазақ тілін басқа ұлттар да меңгеріп жатыр» дейді.
Мұндай жасандылықпен қазақ тілінің төрге шығуы мүмкін емес.
Жоғарғы оқу орындарындағы студенттер ертең қоғамда өз мамандықтары бойынша қызмет етеді. Сондықтан, жоғарғы оқу орындарындағы студенттер қазақ тілінің қажеттілігін білуі үшін әр факультеттер жанынан тіл орталықтарын қалыптастырып, ана тілімізді тереңдетіп оқыту қажет. Сонда ғана Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «2025 жылға қарай халқымыздың 95 пайызы қазақша сөйлейді» деген ойы іске асатын болады.
Пы.Сы: "Ғаламтор арқылы ойларын бөліседі",-дегенге пікірім өзгерді. Мысалға керекинфоны алсақ… Осы арқылы ойымызды толықтай жеткізіп те, жазып та жүрміз. Тіпті керекинфодан бастау алған мықты-мықты деген блогер, журналистеріміз қазіргі уақытта ел мақтаныштары. Сол себептенде ғаламтор — "үнсіздік әлемі" дей алмаймын.
2 Пы.Сы: Қалай ойлайсыздар 9 жылда xалқымыздың 95 пайызы қазақша сөйлейді ме?

Пікір жоқ әзірше