САНАЛЫ ҰРПАҚ, АРМЫСЫҢ?!

Журналистика атты алып қазанда қайнағаныма биыл үшінші жыл болыпты. Мақала дейтін қарумен талай редакцияны бомбалағаным жасырын емес. Енді міне, өзіме жеке парақша ашып, сіздер сияқты саналы жандармен ортақ әңгіме өрбітіп, тұжырымды ой бөлісуге келген жайым бар. "Өсер елдің баласы бірін-бір батыр дер",-деп дана халқымыз айтқандай, бір-бірімізді өсірмесек өшірмейік!!! АРМЫСЫҢ, САНАЛЫ ЖҰРТЫМ?!
Бөлісу:

22 пікір

abilbekova_inabat
Менің де тіркелгеніме көп бола қойған жоқ, десе де қош келдің, Зере!
Kutpegen-konak
ИЯ.РАХМЕТ! СІЗДЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!!!
satibaldi
АРМЫСЫҢ САНАЛЫ ЖҰРТЫМ?!
Сіз олай бүкіл елді бір тарақпен тарамаңыз! Әжеден есуас боп туғандар бар мен сияқты! Өз IQ-м сексен тоғыз екен деп қоныштан баспаңыз, БҰТ-тан 19 ұпай алғандар да — адамдар!
Kutpegen-konak
БҰТ-тан 19 ұпай алғандар да — адамдар!
:Q%)
InabatKussainova
Сізге адамның IQ-і төмен болса, ол адам емес деп кім айтып еді? Өз халқымызды өзіміз көтерсек кім көтереді? Санасыздар да жоқ емес, бар. Бірақ сол санасыздардың саналы болып кетуіне мүмкін біздің жазғандарымыз әсер етер? Адамға әрқашан сен санасызсың десең, ол санасыз болмай кім болмақ? Мүмкін саналы десек керісінше рухы көтерілер. Сондықтан бұлай қатты айтудың қажеті жоқ.
Kutpegen-konak
Ия, дұрыс айтасыз!
patick
Санасыз ұрпақ өкілдері де кейде келіп, оқып тұрса рұқсат па екен?
satibaldi
Олай емес-ау. Көрмеймісің, арыны қатты сияқты. Тек өз теңдеріне ғана арнаған пост болды бұл мен бірдеңе түсінсем.
Kutpegen-konak
Мүмкін алдағы уақытта көре жатармыз…
Kutpegen-konak
Сіз сияқты қазақтың текті ұрпағын санасыз деп ойламаймын!!! Әлбетте…
InabatKussainova
Зере, алған бетіңізден таймаңыз! Қаламыңыз ұштала берсін!
Kutpegen-konak
Ия рахмет! Сізде жиі кіріп, жақсы жазба жазып тұрыңыз!
BalausaOspan
Қош келдіңіз! Қаратпа сөзге байланысты қойылатын тыныс белгісі болатынын, шылау мен жалғаудың қолданылу орнын бiлесiз деп ойлаймын… Жазарыңыз таусылмасын!
Kutpegen-konak
Рахмет!!! Сіздің мына пікіріңізді оқығанда, «Абай жолы» оңай ма деп қалдым))))))))))))