Табысты болудың жолдары
"Өзіңе өзің қызығатындай етіп өмір сүру керек!" Бұл менің — қағидам!
Көп адамдар өзі қалайтын нәрседен бас тартып жатады. Біраз адамдар жақсылықтың боларына сенбейді. Өмір — қызықсыз, — дейді. Олар қателеседі! Өмір — ғажап! Ол — өз қолымызда! Әр күннен өмірге деген жаңаша көзқарас, түйін қалыптасады. Сонымен, өмірде табысты болудың жолдары қандай?
1) Таңертең күліп ояныңыз! Және ерте тұруға тырысыңыз!
Бұл өте маңызды. Таңертең қалай оянсаңыз, күніңіз солай өтеді.
2) Күліп, бүгінгі күннің әдемі өтетінін елестетіңіз!
3) Күнделікті үй жаттығуларын жасаңыз! Күні бойы сергек жүруіңізге пайдасы зор!
4) Айнаға қарап мына сөзді айтыңыз:
— Мен әдемімін! Өз-өзіңізді еркелетіңіз, жақсы көріңіз! Бетіңізден жай ғана шымшып, «бетім қандай жұмсақ» — деген сөздерді өзіңізден аямаңыз. Тіпті өзіңізге ұнамай тұрса да, жақсы көруге тырысыңыз! Өзгелермен өзіңізді салыстырып, төмендетпеңіз! Сіз расымен әдемісіз!
5) Менің жолым болғыш! Мен үшін бүгін сәтті күн! Осы сөзді бірнеше рет айтыңыз. Бүгінгі жұмыстарыңыз еш кедергісіз, сәтті аяқталатынын елестетіп өтіңіз! Осы сөзді айтып, қолыңызды шапалақтап, бірнеше-рет секіруіңізге болады. Әрине, оны ашуланып, еріксіз және сенімсіз түрде айтпайсыз. Өзіңізді «нағыз жолы болғыш адам» ретінде санап айтасыз.
6) Менің денім сау! Мен ағзамды тыңдай аламын, менде барлығы жақсы! Денсаулығым күннен күнге жақсаруда!
Ауырып тұрсаңыз, сол жеріңіздің тез жазылып кеткенін елестеткеніңіз жөн. Және осы сөздерді ауруға қарсы ем деп қабылдаңыз!
7) Менің қолымнан келеді, мен де жетістіктерге жете аламын! «Ой, қойш, мен қалай істеймін оны, ол білімді ғой, оның күші жетеді» — деген сөздерді доғарыңыз! Өзгеге таңқалмаңыз! Менің де қолымнан келеді, ондай нәрсе менде де болады, — деп ойлаңыз. Тіпті еш мүмкіндікті таппай тұрсаңыз да! Бастысы қолыңнан келетінін мойындау!
8) Өз-өзіңізден аямаңыз. Барғыңыз келген жерге барыңыз, ішіңіз, жеңіз, қалаған затыңызды сатып алыңыз. Өзіңе-өзің сыйлық жаса. Өзіңді қуант! Өзің үшін ақша аяма!
9) Біреуге бола ашуланбаңыз! Сізді жамандаса, себепсіз ұрысса, т.сс ешқайсысына мән бермеңіз! Бастысы өзіңіздің қандай екеніңізді білесіз. Біреу үшін өз мүмкіндіктеріңізден айырылып қалмаңыз! Өмір сіздікі!
10) Мен баймын! Мен табыстың магнитімін! Өмірде біраз нәрсе ақшаға келіп тіреледі. Өзіңді-өзің асыра алатындай ауқатты болғаның әрине жаман емес. «Жоқ маған көп ақша керек емес» — деген сөздерді айтпаңыз! Сізге келгісі келіп тұрған ақшаны итермеңіз, жақсы көріңіз! Өзіңіздің армандайтын суммаңызды елестетіп, төбеге жабыстырып қойыңыз да, сондай айлық алатыныңызды күнде елестетіп жатыңыз! Үлкен сумманы өзіңіздің ұстап тұрғаныңызды елестетуден еш қорықпаңыз. «Мүмкін емес, оған қайдааа» деген сөздерден аулақ болыңыз! Оған жету жолдарын қарастырып, еңбектеніңіз! Өз бизнесіңізді еш қорықпастан бастаңыз!
11) Мен өз өміріме лайықты адамды қуанышпен қабылдаймын! Мен бақытты болуға лайықпын! Өмірде басты нәрсенің бірі — махаббат! Жанұялы болу. Сондықтан, өмір бір-ақ рет беріледі. Тормоз болмай, жүрегіңіз қалаған адамды кездестірсеңіз қашпаңыз! Өзіңізге лайықты адамның жолығатынына сеніңіз! Көп балаларыңыз болатынын ойлаңыз! Және сеніңіз!
12. Мен сүйіспеншіліктің иесімін, мен жақсылықтың қайнар көзімін, менде және менің жақындарымда барлығы жақсы! Осы сияқты сөздермен өзіңізді жігерлендіріңіз, өзгелерге де қуаныш сыйлаңыз! Жамандықтың соңында жақсылық бар, — деп жақсыға жорыңыз!
13) Аллаға сен! Алладан сұра! Бойыңда иманың болсын! Сұрағанда «Барлығының игілігі үшін» деп сұра!
Иә, бұл менің өзіме қолданатын талаптарым. «Психология» — деген сиқыр екендігіне көзім әлдеқаша жеткен. Басында «Мен баймын, ақшам көп» деген сөзді өзіме айта алмайтынмын. "Өз-өзіммен сөйлескен несі", — деп келеке қылатынмын. Бірақ, қате екенін түсіндім. Рас, бұл сөздер көмектеседі. Бірнеше қағаздарға әдемілеп, бұл сөздерді жазып қойғанмын. Армандарымды суретпен қағазға жабыстырып, папкаға жинап қойдым.) Армандар орындалады. Тек өзіңізге сеніңіз! Психологиялық кітаптарды да оқып тұрыңыз! Сіз өмірде табысқа қайтсеңіз де жетесіз! Мен сізге сенемін!%)%)%)
1 пікір